Кері байланыс
- 100% +
Қәріп өлшемі

Ауаның сапасы – «жасыл экономиканың» көрсеткіші

Өнекәсіптер мен урбандалған территориялардың энергияны көп тұтынуының нәтижесінде ауаның ластану мәселелері және онымен байланысты халық денсаулығына әсер ететін кері зардаптар артуда. Ғылыми мәліметтермен айқындалғандай, атмосферада үлкен қашықтыққа таралатын ауаны ластағыштар қышқыл жаңбырдың пайда болуына, метал коррозиясы, флора мен фаунаның жойылуына, адамдардың ауруға шалдығуына, топырақтың тұздануына, су нысандарының эвтрофикациясы, экожүйелердің тозуымен, сәйкесінше өнімділігінің және тіршілік ету сапасының төмендеуімен себептелетін бірқатар маңызды экологиялық нәтижелерді тудырады.

Қазақстанның өнеркәсіп кәсіпорындарының атмосфераға шыққан ластағыштары жылына үш миллионнан астас тонна, оның 85% 43 ірі кәсіпорындарға тиесілі.

Энергия таымалдағыштарға қажеттіліктің артуы фонында эмиссияны төмендету негізінен, жылу электр станцияларының жоғары сапалы көмірмен қамтылуымен және жағудың инновациялық технологияларын қолдануымен байланысты.

Республиканың орнықты дамуға өтуі тетіктерін құру үшін мақсатты көрсеткіштер мен квоталарды белгілеу, мемлекеттік бақылауды күшейту, экологиялық-экономикалық ынталандыруды енгізу есебінен өнеркәсіп кәсіпорындарынан шығатын эмиссияны азайту жоспарлануда.

Автор:
Шабанова Людмила Владимировна
Джусупов Абзал Еслямбекович
Тілі : Қазақша

Әдебиеттер мен сілтемелердің тізімі:

1 КАПАКТ жобасы шеңберінде қоршаған ортаны қорғау бойынша «Ауа сапасы» Аймақтық іс-әрекеттер жоспарының артықшылықтары бойынша аймақтық ынтымақтастық потенциалын күшейту бойынша бағдарламасы, (2012ж.), 25б., Ташкент қ.

2 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 14 сәуіріндегі № 302 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2010-2014жж. арналған электрэнергетикасын дамыту бағдарламасы».

3 КАПАКТ жобасы шеңберінде қоршаған ортаны қорғау бойынша «Ауа сапасы» Аймақтық іс-әрекеттер жоспарының артықшылықтары бойынша аймақтық ынтымақтастық үшін потенциалын күшейту бойынша бағдарламасы, (2012ж.), 31б., Ташкент қ.

4 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 1232 Қаулысымен бекітілген «Жылу электр станцияларының қазаншұңқырларында отынның әр түрлерін жағу кезіндегі қоршаған ортаға шыққан эмиссияға қойылатын талаптардың» техникалық регламенті.

5 ҚР Үкіметінің 2011 ж. 8 ақпандағы «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары туралы» №98 Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 1741 Қаулысы.

6 ҚР Үкіметінің 2010 ж. 10 қыркүйектегі «2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалалық бағдарламасын бекіту туралы» № 924 Қаулысы.

7 Вице-министр Д. Тұрғановтың баяндамасы (ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі) «ЭНЕРГЕТИКА» Журналы, №1(36) ақпан 2011 ж., Алматы қ.

8 ҚР 2000 ж. 23 қазандағы «Ластағыш заттардың үлкен қашықтыққа трансшекаралық ластануы туралы конвенциясына Қазақстан Республикасының қосылуы туралы» N 89-II Заңы. 9 Қазақстан Республикасының 07.06.2007ж. «Тұрақты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясын ратификациялау туралы» №259-3 Заңы.

10 Еуропадағы Ластағыш заттардың үлкен қашықтыққа тасымалдануын бақылау мен бағалаудың бірегей бағдарламасы (ЕМЕП).

11 ҚР Үкіметінің «Қазақстан Республикасының 2013-2020 жж. арналған «Жасыл экономикаға» өту Концепциясын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары».

12ҚР Үкіметінің 2013 ж. 6 тамыздағы Қазақстан Республикасының 2013-2020 жж. арналған «Жасыл экономикаға» өту Концепциясын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралы № 750 Қаулысы.

 Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*


You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>


Распечатать