Кері байланыс
- 100% +
Қәріп өлшемі

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары.

“Қазақстан-2030″ стратегиясында жеті ұзақ мерзімді басымдық айқындалған: ұлттық қауіпсіздік; ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның топтасуы; шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу; Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты; энергетика ресурстары; инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс; кәсіби мемлекет. Осы басымдықтар елді одан әрі дамыту жөніндегі нақты іс-қимылдар әзірлеудің негізіне айналды.

Құжатты жүктеу

Болашақ тұғыры – озық технология.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында «G-Global-ЭКСПО-2017» халықаралық жобасы аясында нанотехнология, роботты техника, мұнай-газ кен орындарын зерттеу, гидродинамика, гендік инженерия, обыр ауруын туғызатын клеткалар биологиясы, ДНК репарациясы мен мутагенез салалары, азық-түлік қауіпсіздігі және генетикалық ізденістер саласында әлемдік деңгейдегі сұраныстарға сай зерттеу­лер жүргізіліп, нәтижесін «Астана ЭКСПО – 2017» көрмесінде мақтанышпен көрсете алатындай нұсқалар алуына тілектестік білдірді. Ол үшін қазақстандық ғылыми кадрлар әлеуетін жас ғалымдармен толықтыруға, ғылыми-зерттеулер мен әзірлемелерді ынталандыруға бағытталған стратегиялық және тактикалық бағыттар айқындалды.

Құжатты жүктеу

«Ғылым ордасы» РМК-ның Бас директоры Р.Кәрібжанованың «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру тұрғысында Экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне арналған семинардағы құттықтау сөзі

gylymordasy.kz

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жариялаған Қазақстан дамуының 2050 жылға дейінгі стратегиясы мезгілі жағынан да, мазмұны жағынан да дәстүрлі жыл сайынғы Жолдаулардан айрықша, қоғамға мүлдем жаңа серпін бергені өздеріңізге белгілі.

Жолдаудың басты мақсаты – Қазақстан халқының санасын, дүниетанымын өзгерту арқылы өмірін жақсарту, өмір сапасын күшейту, адамдардың өз өміріне деген көзқарасын өзгерту.

Бұл Жолдаудың бұдан бұрынғы Жолдаулардың сабақтас жалғасы екендігін түсінумен бірге оның ерекшелігінің, мақсатының ұлтымыздың рухын, санасы мен сапасын бұрын-соңды болмаған дәрежеге көтеруге шақырғанын түсінуіміз қажет.

Елбасы бұл ұзақ мерзімді бағдарламасын жариялаудың себептерін, негіздерін айшықтап айтты.

Елбасы өз Жолдауында маңыз беріп, көкейінің түбінде сақтаған сырындай етіп айтқан Мәңгілік Ел болу үшін бүкіл халық болып, барлық мемлекеттік құзырлы құрылымдардың, билік тармақтарының таяу жылдарда қандай шараларды жүзеге асырып, қандай міндеттерді атқару керектігі толық қамтылып, нақты тапсырма берілді.

Сол тапсырмалардың бірі – бұл экология яғни қоршаған ортаны қорғау мәселесі. Елбасы өз Жолдауында: «Бізге өз табиғи байлықтарымызға деген көзқарасымызды ой елегінен өткізудің принципті маңызы бар. Біз оларды дұрыс басқаруды, ең бастысы, еліміздің табиғи байлығын орнықты экономикалық өсуге барынша тиімді кіріктіруді үйренуіміз керек», - деп елдің табиғат байлықтарын қорғау қажеттігі жайлы атап айтқан болатын.

Бүгінгі күні күллі әлем алдында азық-түлік және таза ауызсу тапшылығы, қоршаған ортаның ластануы, қалалардағы халықтың шамадан тыс көп орналасу проблемалары, парниктік газдар шығарындыларының артуы орын алуда.

Соның салдарынан климаттың өзгеруі және өзге де жағымсыз жайттардың орын алуы секілді аса өзекті мәселелер туындап отыр.

Осынау күрделі мәселелерді шешу үшін Қазақстан Жаһандық энергия-экологиялық стратегиясы мен «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы ұсынылған болатын.

Бағдарламаның негізгі мақсаттарының бірі ретінде республикада экологиялық тұрақтылық пен экологиялық жағдайларды жақсарту, табиғатты қорғау, орман шаруашылығын жүргізу және елді мекендерді жасылдандыру, «Жасыл» технологияларды пайдаланудағы әлемдік тәжірибені зерделеу және оларды қолданысқа енгізу қаралып отыр.

Ақтөбеде «Жасыл желекті қала» байқауы өтпек

24.kz

Оған күні бүгінге дейін 20-дан астам өтініш түскен. Үш аталым бойынша өтетін байқаудың мақсаты - шаһардың ажарын ашу. Мысалға, көпқабатты тұрғын үйдің ауласын тұрғындар осыдан төрт жыл бұрын өзара бірігіп жабдықтапты. Мұнда көліктің ескі де жарамсыз дөңгелектері мен ағаш діңі кәдеге жараған. Ойын алаңында ертегі кейіпкерлерінің бейнесі тұр. Биыл ғаламтордан қарап, кеме үлгісін де құрастырыпты. «Бұндай байқаулар тұрғындардың белсенділігін арттырып, қаланың сәулеттік келбеті мен санитарлық тазалығын жақсартуға мүмкіндік береді», - дейді ұйымдастырушылар.

7 халықаралық ұйым EXPO-2017 көрмесіне қатысатындығын растады

24.kz

Жеті халықаралық ұйым «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатындығын ресми түрде мәлімдеді.

Олар МАГАТЭ, ЭСКАТО, ЮНИДО, ЮНЕСКО, экономикалық әріптестік және даму ұйымы мен Дүниежүзілік банк және БҰҰ-ның даму бағдарламасы. Бұл туралы «ЭКСПО-2017»көрмесінің комиссары, ел сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев АҚШ-қа жасаған сапарында мәлімдеді.

«ЭКСПО-2017» көрмесін таныстыруға барған қазақстандық делегация алдымен Вашингтонға ат басын бұрып, кейін Нью-Йорк пен Сан-Франциско қалаларында болды. Себебі дәл осы өңірде экономикалық ықпалдастық қарқынды дамыған. Жасыл технологияны пайдалану мен баламалы қуат көздерін тұтыну да күн сайын жетіліп келеді әрі онда БҰҰ-ның штаб пәтері жұмыс істейді. Яғни Астанада өтетін халықаралық көрменің жұмысын таныстыруға барынша қолайлы жағдай жасалған. «ЭКСПО-2017» комиссары, еліміздің Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев берілген мүмкіндікті қалт жібермей, комитеттің отырысында жоғары деңгейдегі әріптестік жөнінде сөз сөйледі. Жиынға қатысқан 70-ке жуық дамушы мемлекеттердің өкілдері ЭКСПО-көрмесіне дайындық барысымен таныса келе, таңдап алынған тақырыптың маңыздылығын айтып, жоғары бағаларын берді.

Кингсли Мамаболо, ОАР БҰҰ тұрақты өкілі:

- Дамушы мемлекеттер арасындағы әріптестіктің жандануына қосып отырған үлесі үшін Қазақстанға алғысым шексіз. «Болашақ энергиясы» тақырыбы да Оңтүстік елдерді дамыту үшін өте маңызды. Біз сіздермен БҰҰ аясында әртүрлі бағытта ынтымақтасып келеміз. Енді Астанада өтетін халықаралық көрмеге қатысу жайын ойластырып жатырмыз.

АлБҰҰ-ның даму бағдарламасы өкілдері көп ойланбастан ЭКСПО-ға қатысатындарын мәлімдеп, қағаз жүзінде растады. БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Хелен Кларк «Баршаға ортақ тұрақты энергетика» бастамасын дамытуға Қазақстанның қосқан үлесін жоғары бағалады.

Рәпіл Жошыбаев, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, EXPO-2017 комиссары:

ЭКСПО-2017 көрмесіне 100-ден астам мемлекет қатысады деп күтілуде. Қазірдің өзінде 46 ел мен 7 халықарлық ұйым ресми түрде қатысатындығын растады. Африка, Оңтүстік Америка және Кариб аймағымен дәл осы бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл елдер Шанхай көрмесі мен Миландағы ЭКСПО-ға қатысқан болатын.

БҰҰ-мен арадағы ынтымақтастықтың арқасында еліміз дамушы мемлекеттермен әріптестік көкжиегін кеңейтіп келеді. Серіктестік аясында бұл елдер үшін болашақ энергиясына жол ашылып отыр. Ал АҚШ-қа жасаған сапарларын сәтті аяқтаған қазақстандық делегация Латын Америкасына жол тартты.

“Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы”.

«Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту» деген 1-стратегиялық бағытта:
қоршаған ортаны қорғау саласын дамытудың негізгі параметрлері мынадай мазмұндағы жиырма тоғызыншы, отызыншы және отыз бірінші бөліктермен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы 2012 жылғы 20-23 маусым аралығында Рио-де-Жанейро (Бразилия) қаласында өткен БҰҰ «Рио+20» орнықты даму жөніндегі конференциясында «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы деген қазақстандық бастамашылықты ұсынды. Аталған Конференцияда «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы көрініс тапқан «Біз қалайтын болашақ» атты қорытынды құжат қабылданды».
Құжатты жүктеу

Дереккөз: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1300000443

Геодезиядағы геоақпараттық жүйелер.

Ақпараттық жүйелердің дамуымен ғылыми және өндіріс сферасына ақпараттық-есептеулік саласының соңғы жаңалықтары енгізіледі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жолдауларында компьютерлік технологиялардың маңыздылығы туралы және олардың әр салаға енгізу қажеттігілігін үнемі айтады. Бұның барлығы өнімділік пен өнімдердің соңғы сапасын арттырады.

Құжатты жүктеу

2013-2018 жылдарға арналған даму бағдарламасы.

«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» «білімді дамыту еліміздің экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени гүлденуіне тірек болатын тұғыры болуы керек» деп көрсетілген.

Құжатты жүктеу

«Жасыл» энергетикаға көшу, «жасыл» технологияларды енгізу – бұл ғаламдық экономиканың дамушы векторы.

(Н.Назарбаев)

Соңғы жылдары экология мәселелері үнемі елдің назарында. Олар әртүрлі әлемдік симпозиумдарда, ғылыми конференцияларда одан басқа әлемдік державалардың басшылары басқосқанда кеңінен талқыланады.

Құжатты жүктеу

 

Болашаққа апаратын «жасыл көпір».

Жаратушы Қазақстанға көмірсутектердің барлық түрлерін молынан берді, біздің мұнайымыз да, газымыз да, көміріміз де бар. Біз уран өндірісіне арналған шикізат шығаратын аса ірі өндірушілердің бірі саналамыз. Және технологиялар дамыған сайын энергиялық баланстың өзгеретіні де түсінікті. Мысалы, Еуропада өте қымбат газ басқа қымбат баламалы энергетикамен ауыстырылады. Бұл жағынан Германияның тәжірибесі назар аударарлық: онда жел, сондай-ақ күн энергетикасы дамып келеді. Барлық технологиялар арзандайды, белгілі бір уақытта технологиялардың дамуымен, технологиялардың көбеюімен баламалы энергетика неғұрлым қол жетімді болады. Әлбетте, біздің осында баламалы энергия көздерін белсенді түрде дамыту үшін бұған дайын болуымыз керек», - деп атап өтті Тимур Құлыбаев Еуразиялық Форум шеңберінде өткен баспасөз мәслихатында.

Құжатты жүктеу


Распечатать