Дереккөз: “24KZ” Телеарнасы
24.kz
Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары, EXPO-2017 көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаевтың сол елге жасаған жұмыс сапарында мәлім болды.
Швед елі EXPOкөрмесі үшін 1,5 миллион еуро бөлген.
EXPO-2017 көрмесінің комиссары Рапиль Жошыбаевтың Швецияға жұмыс сапарымен баруы бекер емес. Өйткені бұл мемлекетжасыл технология саласында көш бастаушы елдердің бірі. Келер жылы олар жаңартылған энергия көзіне толықтай көшіп, қалған 3 атом электр стансасын жауып тастамақ. Бұл мақсатқа шведтер 546 миллион доллар инвестиция жұмсайды. Біздің делегациямен кездескен Швеция Үкіметінің өкілдері 2017 жылы Астанада өтетін EXPO көрмесіне қатысатындарын растады.
Урбан Алин, Швеция парламентінің спикері:
- Қазір бізде жаһандық жылыну мәселесі пікірталас тудырып отыр. Қалдықтарды тастауды жіті бақылап, мұнай мен газды игеру көлемін азайтуға тиіспіз. Біз болашақты ойлауымыз керек. Осы тұрғыда ЭКСПО-2017 көрмесінің тақырыбы өте өзекті және дер кезінде қолға алынған деп ойлаймын. EXPO қарсаңында парламенттегі әріптестеріммен бірге Қазақстанға барып қайтқым келеді.
Швеция Үкіметі EXPO-2017 көрмесіне қатысу үшін 1 жарым миллион еуро бөледі. Сол мемлекеттің заңы бойынша ол қаржы елдегі кәсіпкерлерден жиналуы керек. Бұл ретте де елдің ірі-ірі кәсіпкерлері EXPO комиссарымен кездесіп, қазақстандық жобаларға қызығушылық танытты.
Карл-Йохан Вестринг,Education First компаниясының вице-президенті:
- Біз EXPO-2017 көрмесін қолдаймыз және қазақ елімен бірге бүкіл әлеммен қауышуға әзірміз. Мен Education First компаниясының өкілімін. Біз ЭКСПО-2017 көрмесінде пайдаланылатын тілдік бағдарламалар жасап оны оқытумен айналысамыз. Тілді еріктілер ғана емес, қонақ үй қызметкерлері, такси жүргізушілері тіпті тәртіп сақшылары да үйрене алады.
ЭКСПО-ға Ericsson компаниясы да қатысқысы келеді екен. Олар Астанада өтетін көрмеге жаңа жобаларын алып келуге уәде беріпті. Ақылды велосипедпен қыдыру,Twitter-де ағашпен әңгімелесу, өздігімен жұмыс істейтін экскаватор, тағы басқа жаңа технологияларды Қазақстаннан барған делегация Ericsson-ға жасаған саяхаты кезінде көріп қайтқан.
Ян Абрахамссон Ericsson жоспарлау бөлімі президентінің орынбасары:
- Ericsson компаниясы үшін Қазақстан үлкен мүмкіндік. Біз көп жұмыс істейміз. Қазіргі уақытта EXPO көрмесіне қатысу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бұл біздің компания үшін де Қазақстан үшін де тиімді болмақ. Технологияның қоғамға, бизнеске қалай әсер ететінін көрсеткіміз келеді. Басты жаңалығымыз – 5G байланыс үлгісі болуы мүмкін.
Рапиль Жошибаев, ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, EXPO-2017 халықаралық көрмесінің комиссары:
- Сапар барысында EXPO-2017 ұлттық компаниясы мен Швецияның туризм агенттігі арасында бірлесіп жұмыс жасау жоспарына қол қойылды. Келіссөз кезінде олар тәжірибе алмасу мақсатында саяхатшыларды көптеп тартатын таныстырылымдар өткізуге ұсыныс жасады. Сонымен бірге EXPO-2017 көрмесіне келуді қалайтын швед азаматтары үшін жасалған туристік пакет туралы ақпаратты таратуды да ұсынды.
Астанада өтетін EXPO көрмесіне әлемнің түпкір түпкірінен саяхатшылар келетіні белгілі. Қазірдің өзінде 49 ел мен 11 халықаралық ұйым көрмеге қатысатыны туралы ресми түрде мәлімдеме жасап үлгерді.
strategy2050.kz
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен құрылған «Жасыл өткел» әріптестік бағдарламасы республикамыздың «жасыл» экономикаға өтуінің бірден бір құралы, дейді Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-сараптау орталығының Бас директорының орынбасары Людмила Шабанова.
Сеулдің бастамасымен қолға алынған «Жасыл өткел» бағдарламасы «жасыл экономиканы» нығайту жолында бірқатар міндеттер жүктеді.
Нәтижесінде саяси-консультативтік форумдар өткізіріп, осы мақсатта жобалар қолға алынды.
Бағдарламаның негізгі мақсаты Еуропа, Азия мен Тынық мұхит елдері арасында байланысты жақсарта отырып, экологиялық бекемдікті сақтау, тұрақты дамуға мұрындық болатын «жасыл» экономиканың ағымдағы мыңжылдықта қалыпты өрлеуіне жағдай жасау.
Қазіргі таңдағы климаттың өзгеруімен байланысты, энергетикалық мәселелер мен аймақтық талас-тартыстар секілді жаһандық қауіп-қатерлер жаңа әлемдік интеграция мен жаңа шешімдерді талап етеді.
Халықаралық РИО+20 құжатының негізгі бағдарламасы: «Біз тұрақты дамуда аймақтық және аймақаралық бастамаларды көтереміз. «Жасыл өткел» секілді бағдарламалар баршаға ашық және әркімнің қатысуына мүмкіндік береді».
Әріптестік бағдарламаның мүмкіндіктері мен атқарылу жолы әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту мен тұрақты дамуға бағытталған.
«Жасыл» өрлеу үстіміздегі мыңжылдықта тұрақты даму және кедейлік пен экологиялық ластануға қарсы күресте негізгі шешім жолы бола алады.
«Жасыл» экономикаға өту тек қана мемлекттік секторлар мен жекелеген секторлардың, сондай-ақ қоғамның бірігуі арқылы ғана іске асады. Ол үшін үкімет«жасыл»
«Жасыл» экономикаға өту тек қана мемлекттік секторлар мен жекелеген секторлардың, сондай-ақ қоғамның бірігуі арқылы ғана іске асады. Ол үшін үкімет«жасыл» кәсіп пен технологияны қолдап, оның қанат жаюына жағдай жасау керек. «Жасыл» өту саннан сапаға ауысу деген сөз.
Әріптестік бағдарламасының нәтижесі табиғатты ластау сипатынан келісілген түрде эклолгиялық тазалықты сақтау сипатына ауысады.
24.kz
Шығысқазақстандық балақайлардың қолөнер бұйымдары «ЭКСПО-2017» көрмесіне қойылады.
Көкпекті ауданының Самар ауылы шығармашылық үйі оқушыларының киізден жасаған бірнеше туындылары Астанада өткен республикалық байқауда көпшілікті таңқалдырып, бас жүлдені жеңіп алған. Енді бұл бұйымдар 2 жылдан кейін шетелдік қонақтарға көрсетілмек. Шығармашылық үйінің ашылғанына биыл 65 жыл. Мұнда 10-нан астам үйірме бар, оған 200-ден астам бала қатысады. Оқушылар ағаштан ою ойып, кесте тігеді, мүсіндер жасайды. Сондай-ақ бұл орталықтың өзіндік қуыршақ театры да бар. Ал кейіпкерлерге киімді өзіміз тігеміз дейді самарлық оқушылар.
Галина Штукерт, шығармашылық үйі директорының орынбасары:
- Біздің балалар қашанда ізденіс үстінде жүреді. Әркім өзінің жүрегіне қай үйірме жақын соны таңдайды, арасында ұжымдық жұмыстармен де айналысамыз. Мәселен, қуыршақ театры әртүрлі ертегілерден қойылымдар қойып, балабақшалар мен қарттар үйіне барып тұрады. Ауданда өтетін мәдени көпшілік шараларға үнемі атсалысып отырамыз.
strategy2050.kz
IRENA бас директоры Аднан Амин ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары, ЭКСПО-2017 комиссары Рәпіл Жошыбаевпен Әбу-Дабиде 12 қазан күні өткен кездесуінде айтты, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.
«Оны растау үшін А.Амин Р.Жошыбаевқа ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовке бағытталған хат жолдады. Кездесуде Қазақстанның халықаралық ұйыммен қарым-қатынасы, ірі халықаралық алаңдарда көрменің тақырыбын насихаттау бойынша бірлескен кешендік шараларды өткізу байланыстары талқыланды.
Дәл осы күні Р.Жошыбаев БАӘ сыртқы істер министрлігінің орынбасары Ахмад әл-Джерманмен кездесу өтті.
А.әл-Джерман әмірлік тарапы жақын арада Қазақстан үкіметімен екіжақты инвестицияны қорғау келісіміне қол қоюға дайын екенін айтты. Тараптар визасыз жүріп тұру келісімінің хаттамасын бекітуге қол жеткізді.
Дереккөз: “24KZ” Телеарнасы
Дереккөз: “24KZ” Телеарнасы
strategy2050.kz
Айта кетейік, Алматыда қала көшелерін, аула аумақтарын, көпшілік пайдаланатын орындарды, арық арналарын, бос жерлер мен жасыл аймақтарды, сондай-ақ өзен, су қоймаларының аңғарлары мен жағаларын санитарлық тазарту бойынша жалпықалалық сенбілік өтті.
«Адем» сауда орталығына қарама-қарсы орналасқан саябақтан бастау алған іс-шараға қала әкімі Бауыржан Байбек, шығармашылық зиялы қауым, спортшылар, қоғамдық және жастар қорларының өкілдері мен ПИК өкілдері қатысты. Солардың ішінде Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, белгілі альпинист Мақсұт Жұмаев, ҚР еңбегі сіңген әртісі Майра Ілиясова, қоғам қайраткері Аружан Саин және басқалар болды.
Алматы қаласының барлық аудандарында тазарту жұмыстары мен ағаш егу шараларына 240 мыңнан астам алматылық ат салысты. Алматы қаласы әкімдігі сенбілікке қатысушылардың бәрін қажетті құрал-саймандармен қамтамасыз етті. Іс-шараға қала коммуналдық қызметтерінің атынан барлығы 600 бірлік арнайы техника қатысты. Жалпықалалық сенбілікке қатысушылардың күшімен 6 250 текше метр қоқыс жиналды.
«Қалада жасыл қорды белсенді жаңарту жүргізілуде. Егер бүгін жалпықалалық сенбілікте 6 мың ағаш егілсе, үстіміздегі жылдың соңына дейін 20 мың жапырақты және қылқанды ағаш түрлерін отырғызу жоспарлануда», - деді Бауыржан Байбек.
Әкімнің айтуынша, бұдан басқа күз мезгілі ішінде көпшілік пайдаланатын орындар мен аулаішілік аумақтарда мемлекеттік бюджеттің қатысуынсыз демеушілер қаражаты есебінен 100-ден астам балалар ойын және спорт алаңдары орналастырылады. Бұл жұмыс 2016 жылдың көктеміне дейін жалғастырылады. Жалпы алғанда 350-ден астам алаң орналастыру жоспарланған.
«Мен бүгін біздің Елбасымыздың саясатын қабылдап, қолдап жатқан кәсіпкерлерімізге алғыс білдірдім. Олардың жұмысы кем дегенде біздің 30% азаматтардың спортпен айналасуына бағытталған. Сол үшін олар өз қаражаты есебінен аулаішілік аумақтарды қалпына келтіріп, спорт және ойын алаңдарын салуда», - деп атап өтті қала басшысы.
Сондай-ақ сенбілік барысында қала әкімі «Үздік ПИК» байқауының жеңімпаздарын жүлделер мен дипломдармен марапаттады. Осылайша, 1-орынды иеленген Медеу ауданының «Самал» ПИК-іне Б. Байбек жүк жолаушылар автомобилінің кілті мен дипломды ұсынды. Екінші және үшінші орын иелеріне – Әуезов ауданының «Қуаныш мекені» және Жетісу ауданының «Розовая» ПИК-теріне сәйкесінше қар жинау үшін пайдаланылатын кол шнекороторы мен теледидар табысталды.
Қаланың санитарлық жағдайын жақсарту мен көріктендіру шараларынан басқа, қаланың эстетикалық көркін жетілдіруге де ерекше көңіл бөлінді. Қоршау, турникет, тіректер мен орындықтарды, сауыттар мен жарнамалық қалқандарды бояу жұмыстары жүргізілді.
Алматыда үстіміздегі жылдың 26 қыркүйегінен бастап күз және көктем мезгілдерінде апта сайын жалпықалалық сенбіліктер өткізу тәжірибесі енгізілгенін атап өту керек.
24.kz
Жетісу өңірінде тазалық сенбілігі өтті.
Оған Алматы облысының барлық аудан-қалалары мен елді мекендеріндегі тұрғындар, мекемелер мен қоғамдық ұйым өкілдері және студенттер қатысты. Мақсат – қыс алдында тазалық мәселесін реттеп алу. Облыс орталығы Талдықорғанда көшет отырғызу мен абаттандыру жұмыстары да қатар жүргізілді. Жаңа нысандар бой көтерген аймақтар мен басқа да гүлзарлардың айналасына қайың, қарағай, емен сияқты ағаштардың 3 мыңнан астам көшеттері отырғызылды.
Мәмилә Мұсабекова, қалалық мәслихаттың депутаты:
- Жасыл желектердің қатары көбеюі үшін осы Қаратал жағалауында бүгін талдар егу, оны абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көріктене түсуі үшін, оның ауасының таза болуы үшін барлығымыз да өзіміздің үлесімізді қосқымыз келеді. Бүгін енді нағыз еңбек мерекесі болып жатыр.
24.kz
Өскемен жайқалған жасыл қалаға айналады. Шаһарды көркейту жұмыстарына нұротандықтар да кірісіп кетті.
Олар облыста жұмыс жасайтын бастауыш партия ұйымдарының санына сәйкес этноауылға 322 көшет отырғызды. Ол ұйымдардың барлығы әлеуметтік мәселелерден бөлек өңір экологиясын жақсартуға да белсенді қатысып жүр.
Ғалымдардың айтуынша, бір гектарға егілген көшет бір жылдың ішінде 100 тонна шаң мен басқа да қатты заттарды ауаға таратпай ұстап қалады. Енді бұл игі іс облыстың барлық аудандарында жалғасын таппақ.
Сымбат Рамазанов, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының бөлім кеңесшісі:
- Негізгі мақсат – халықтың, қоғамның өзінің туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, оның қоршаған орта табиғатын тазалау, соған 1 үлкен септігін тигізу мақсатында осындай бір үлкен игі бастаманы алып отырмыз. Бұл сынақты біз ары қарай еліміздің барлық бастауыш партия ұйымдарының, өзіміздің партияластарымызға ары қарай старт ретінде жалғастыру үшін береміз деп айтқымыз келеді.