Кері байланыс
- 100% +
Қәріп өлшемі

Экономикалық өсімнің «жасыл бағыты»

egemen.kz

Эволюция барысында алынған табиғаттың өзін-өзі реттеу мүм­кіндігі бүгінде бұзыла бастады. Адамның табиғат заңдарымен есептеспей, табиғи ортаға және биогеоценозға жасанды өзгерістер енгізуі оларды беріктігінен айы­руда, бұл экожүйелердегі түпкі өзгерістерге, биоаймақтың бұзыл­уына алып келуде.

ХХ ғасырда Қазақстан өз аума­ғында қуатты «экоапатқа» тап бол­ды. Биоаймақтың табиғи кешен­деріне антропогендік әсер ету және табиғи ресурстарды пайдалану деңгейінің өсуі нәтижесінде Байқоңыр мен Семей өңірлерінде локалды техногенді апаттар пайда болды. Бүгінгі күні су ресурстарын жөнсіз пайдаланудың теріс салдары жалпыға мәлім, Арал теңізінің алабындағы, негізінен Арал өңірінің аймағындағы экологиялық жағдай Орталық Азия елдеріне де экологиялық дағдарыс тудыруда.

Болашақта экономика салаларын дамытудың қазіргі қарқыны жағдайында Қазақстан үшін су тапшылығы да бой көтермек. Қазақстан Президенті – Елбасының Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында әлемнің 30 ең дамыған мемлекет­терінің қатарына кіру бойынша және елдің дамудың «жасыл» жолына көшуі бойынша стратегиялық міндет айқындалған.

2012 жылғы маусымда «Рио+20» тұ­рақты даму бо­йын­ша конфе­­ренцияда әлемнің бар­лық елдері Пре­зидент Н.Ә. Назарбаев­тың бастамасын – «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасы мен «Ға­лам­дық энергиялық-эколо­гия­лық стратегиясын» қолдады.

Қазақстан экономикалық да­мудың «жасыл» бағытына көшу туралы шешім қабылдаған. Сөйтіп, Президенттің 2013 жылғы 30 ма­мыр­дағы Жарлығымен «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұ­жырымдама бекітілді. «Жасыл эко­номика» елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің маңызды құралдарының бірі болып табы­лады. Есептеулер бойынша 2015 жыл­ға «жасыл экономика» шең­берінде қайта құру қосымша 500 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашу, өнеркәсіптің жаңа салаларын және қызмет көрсету салаларын құру, халықтың өмір сапасының жоғары стандарттарын қамтамасыз ету мүмкіндігін береді.

Тұжырымдаманы экономика­лық өсімнің «жасыл бағытына» көшу тұрғысында қабылдау аса маңызды болып табылады. Бірін­шіден, тұжырымдамаға сәйкес жақын 20 жыл ішінде Қазақстанда инфрақұрылым айтарлықтай жаңа­рады және дамиды: аталған актив­тердің жалпы көлемінен ғима­раттың 55%-ы және электр стан­сасының 40%-ы 2030 жылға қа­рай жаңадан салынатын болады. Сондай-ақ, автокөлік паркінің 80%-дан астамы да 2030 жылға қарай жаңармақ. Осылайша, ел үшін ре­сурс­тарды тиімді пайда-
ланатын жаңа инфрақұры­лым құрудың бірегей мүмкіндігі туып отыр. Екіншіден, «жасы­л» тех­нологиялардың бәсекеге қабілет­тілігі тез өсуде және балама энер­гети­каның көптеген технология­лары таяу болашақта дәстүрлі көз­дермен салыстырғанда электр энер­­гиясын өндірудің шығыны аз әдіс­терін ұсынатын болады. «Қа­зақ­стан-2050» Стратегиясы және басқа да бағдарламалық құжаттар алдыға асқақ мақсаттар қойып отыр. Мәселен, электр энер­гиясын өнді­рудің жалпы көле­міндегі балама және жаңғырмалы электр энергиясының үлесі 2050 жылы 50%-ға жетуі тиіс. Ал тиімді энер­гияда ІЖӨ-нің энергия сыйым­дылығын 2008 жылғы бастапқы деңгейімен салыстырғанда 2015 жылға 10% және 2020 жылға 25% төмендету міндеті тұр. Су ресурстары бойынша 2020 жылға халықты ауыз сумен және 2040 жылға ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету проблемасын шешу қажет.

Үкіметтің 2013 жылғы 31 шіл­дедегі қаулысымен Қазақстан Рес­публикасының «жасыл эконо­микаға» көшуі жөніндегі тұжырым­даманы іске асыру жөніндегі 2013 — 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары қабылданып, ол 2014 жылғы қыркүйекте және 2015 жыл­ғы сәуірде жаңартылды.

Республика облыстарының аумақтарын дамыту бағдарла­ма­ларында қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту, электр энергиясының жаңғырмалы көздерін дамыту, тұрғын үй-ком­му­налдық шаруашылығын жетілдіру және дамыту, сумен қамту жүйесін жетілдіру және дамыту, жылумен қамту жүйесін жетілдіру және дамыту және ауыл- шаруашылық дақыл­дарының егіс алқаптарын жақ­сарту бойынша мақсаттар мен мін­деттер көзделген.

«Жасыл көпір» әріптестік бағ­дарламасын алға жылжыту бо­йынша елеулі жұмыстар жүргі­зілуде. 2014 жылғы 21 мамырда Астана экономикалық форумы шеңберінде «Жасыл Академия» ғылыми-оқыту орталығымен, Қа­зақ­стандағы Еуропалық одақтың өкілдігімен және ЮСАИД миссия­сымен бірлесіп ұйымдастырыл­ған «SmartGreenBusinessForum» па­­нель­дік сессиясы өтті, онда ЖКӘБ қа­­был­даудың маңыздылығы мен өзек­­тілігі баса айтылды, оны одан әрі да­мыту мәселелері және алға жыл­жыту тетіктері тал­қыланды.

2014 жылы 2014-2016 жылдар кезеңіне ЖКӘБ-ті одан әрі алға жылжыту бойынша іс-ша­ралар жоспары бекітілді, оның шең­берінде ЖКӘБ-ті іске асыру бо­йынша әртүрлі шаралар, оның ішін­де қазақстандық кәсіпорындар ар­қылы «жасыл» технологиялар транс­­фертін қамтамасыз ету көз­делген.

Қазіргі уақытта «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасы хартия­сына 14 ел (Қазақстан, Ресей, Қыр­­ғызстан, Грузия, Германия, Моңғо­лия, Беларусь, Черногория, Латвия Республикасы, Финляндия, Ма­жарстан, Албания, Болгария және Швеция) және «Фин Су Фо­­румы» фин қауымдастығы қосылды.

2015 жылдың басында Қазақ­стан мен Экономикалық ынтымақ­тастық және даму ұйымы арасын­дағы ынтымақтастық жөніндегі ел­дік бағдарлама жобасын іске асы­ру туралы Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Үкіметі мен Экономи­ка­лық ынты­мақтастық және даму ұйымы арасындағы өзара түсініс­тік туралы меморандумға қол қойылды.

Батыс Еуропада, Кавказда және Орталық Азияда (БЕКОА) «Жасыл өсім» стратегиясын дамытуға және көміртегі қалдықтарын азайту» жобасы, «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын басқарудың басты элементтері бойынша саяси үнқатысуды талдаудың және қолдаудың мақсаты қоршаған ортаны қорғауға жауапты Қазақстанның мемлекеттік органдарының әлеуе­тін арттыру және «жасыл» инвес­тициялар бағдарламасын іске асыру үшін қажетті бюджеттік қара­жаттар мен халықаралық қаржы­ландыруға қол жеткізуде ең үздік ха­лықаралық тәжірибелердің үлгі­л­еріне сәйкес «жасыл» инвес­ти­циялар бағдарламасын әзірлеу бө­лі­гінде мемлекеттік қаржыны басқару болып табылады.

Халықаралық ұйымдар Елбасы Жолдауын қызу талқылауда

24.kz

БҰҰ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауына қызығушылық білдіруде. Бүгін Венада ЮНИДО конференциясы бастау алған болатын.

Бірінші болып сөз алған Австрия президенті Хайнц Фишер жасыл экономика мен өндірістерді дамыту жайын сөз етті. БҰҰ-ның мінберінен айтылған ұсыныстар Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдамасындағы басты талаптармен сай келіп отыр. ЮНИДО мамандарының айтуынша, Қазақстанның нақты бес бағыттағы жұмысы – дағдарыстан шығарар бірден бір жол.

Виктор Хиноджосса-Барраган, экономика ғылымдарының докторы:

- Қазақстан қазір тек шикізат жасаумен ғана емес, дайын өнім жасауға көшті. Бұл – өте дұрыс бағыт. Қазір Қазақстан таңдаған жол ЮНИДО-ның бағытымен сәйкес болғандығы бізді де қуантады. Өндіріс ошақтарына инновациялық жаңалықтар енгізу туралы және болашақ зерттеу орталықтарын ашу туралы ұсынысы өте орынды деп білемін.

Қазақстанда ЭКСПО-2017-ге әйелдердің қатысу тұжырымдамасы әзірленуде

strategy2050.kz

Қазақстанда ЭКСПО-2017-ге әйелдердің қатысу тұжырымдамасы әзірленуде, деді Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Әйелдердің IV Еуразиялық саммиті барысында.

« «Жасыл экономиканы» қолдау мен әйелдердің ЭКСПО-2017-ге қатысу мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Әйелдер мен отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы арасында әйелдердің ЭКСПО-2017-ге қатысу тұжырымдамасы әзірленуде, осы орайда 150 шара ұйымдастырылмақ», - деді ол.

Айта кетейік, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі арасында өтеді. Көрме тақырыбы – «Болашақтың энергиясы».

«Бүгінгі саммиттің делегаттары ЭКСПО-2017 қозғалысының белсенді қатысушылары болады деп үміттенем», - деді Г.Әбдіқалықова.

Айта кетейік, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы – елдің тұңғыш әйелдер ұйымы. Бүгінде Қауымдастық 15 мың әйелдің басын біріктіріп отыр. 20 жыл ішінде Қауымдастық жүздеген әлеуметтік-маңызды жобаларды жүзеге асырды.

Депутат А.Милютин Санкт-Петербургтегі форумда «жасыл экономика» туралы баяндайды

strategy2050.kz

Мәжілістің экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Александр Милютин бүгін Санкт-Петербург қаласында ашылған «Жасыл экономика» IX Халықаралық форум жұмысына қатысуда, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Басқа да сөз алушылармен қатар Қазақстандағы «жасыл экономиканы» жетілдіру туралы парламентшінің сөз сөйлеуі күтілуде. Форум шеңберіндегі талқылаудан өзге биогаз технологиясы инновациясы, органикалық шикізаттан өндірілетін синтезатор жұмысын қолданумен де танысады.

23-25 қарашада Константинов сарайында өтетін шараның ұйымдастырушылары – Ресей Федерациясының Табиғат ресурстары мен экология бойынша министрлігі мен Федералдық Жиынның Мемлекеттік Думасы.


Распечатать