Дереккөз: expo2017astana.com
1. Технологиялар
Көрменің «Болашақтың энергиясы» деп белгіленген тақырыбымен сәйкестікте, құрылыстарды салуда және іс-шараларды өткізуде ең соңғы технологиялар қолданылатын болады. Атап айтқанда, ақылды технологиялар, жаңартылмалы энергетика, құрылыста ең соңғы шыққан материалдарды қолдану, сондай-ақ Көрме нысандарын пайдалануға орнықты әрі тиімді тәсіл.
2. Көрме нысандарын энергиялық тиімді және ақылды пайдалану
Ғимараттардың энергия тұтынуын оңтайландыру үшін, Ұйымдастырушылар, жайлылығын ұсынуда зиян көрместен, энергияны пайдаланудың максимал қысқартылуын қамтамасыз етуге арналған бірқатар инновацияларды пайдаланатын ғимараттарды энергетикалық есептеу саласында жаңа технологияларды пайдаланатын болады. Мысалы, адамдар санын есептеуде әртүрлі сенсорларды қолдану және жарықтандыруды бөлу, бұл энергия пайдалануды қысқартуға мүмкіндік береді.
Электр желілеріне түсетін жоғары жүктемелерді төмендету және деңгейлестіру үшін, сондай-ақ Көрменің және қаланың инфрақұрылымына жаңартылмалы энергия көздерін кіріктіру үшін Смарт Грид (Smart Grid) технологиясы қолданылатын болады. Аталған технология автоматты режимде жүктемелерді бөлу бойынша шешімдерді қабылдау үшін, шынайы уақыт режимінде барлық ірі нысандардың энергия тұтынуын қадағалауға мүмкіндік береді.
Көрме кешенінің аумағы бойынша автомобильдердің қойылатын орны мен адам трафигін оңтайландыруға арналған жаңа технологиялар пайдаланылатын болады. Бұл жүйелер Көрменің келіп қараушылары мен Ресми қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйелермен тікелей байланысты, бұл төтенше жағдайлардың жедел алдын алуға және шешуге мүмкіндік береді.
Қауіпсіздік және энергия тұтынуды оңтайландыру жүйелерінен басқа, толықтырылған шынайылық, ең жаңа байланыстар жүйелері және интерактивті құлақтандыру жүйелері әзірленетін болады. Мобильді қосымшалардың көмегімен, аталған технологиялар келушілердің уақытты тиімді өткізуін және олардың Көрменің Ресми қатысушыларымен және ұйымдастырушыларымен қолайлы өзара әрекеттестікте болуын қамтамасыз етеді.
3. Телекоммуникациялық сервистер
Көрменің мобильді сервистеріне кірудің қолайлы болуы үшін, Көрме кешенінің бүкіл аумағында WiFi ашық желісі жұмыс істейтін болады.
Ресми қатысушылардың ыңғайлы жұмыс істеуі үшін, бөлінген байланыс арналары (бұдан әрі – «VPN») ұсынылатын болады. Деректерді беру арналарының қауіпсіздігі үшін, VPN туннельдерін ұйымдастыру нүкте-нүкте әдісімен ұйымдастырылмақ. Сәйкестендіру және кіру үшін, мамандандырылған бақылау және кіруді басқару серверлері қолданылатын болады.
Көрме аумағында телекоммуникациялық сервистерді ұсыну үшін, байланыс операторы конкурстық негізде таңдалып алынады. Бұған қоса, Көрме кешенінің аумағы мобильді байланыстың ұлттық операторларымен қамтылатын болады.
4. Деректерді өңдеу орталығы
Көрме кешенінің аумағында ең соңғы технологияларды қолданумен құрылған Деректерді өңдеу орталығы (бұдан әрі – «ДӨО») құрылатын болады. ДӨО қуаты Ұйымдастырушының сервистік жұмыстары үшін ғана емес, сол сияқты Ресми қатысушылардың сервистерін өрістетуіне мүмкіндік беру үшін де есептелген.
Деректерді хакерлердің шабуылынан, қауіпсіздік периметрі ішіне дендеп енуден және вирустық қауіптен қорғау ең соңғы бағдарламалық және аппараттық құралдардың көмегімен қамтамасыз етілетін болады.
5. Жаңартылмалы энергия көздері
Күн энергиясы. Күн энергиясы Жердегі негізгі тіршілік көзі болып табылады. Көрме аумағында күн энергиясы электр энергиясы мен жылуды түрлендіру үшін – белсенді түрде, сол сияқты күндізгі жарықтың барынша енуін, сондай-ақ жылыту және кондициялау жүйелеріне түсетін жүктемелердің төмендетілуін қамтамасыз ету үшін, жобалау және салу кезеңінде Күннің табиғи әрекетін ескере отырып – пассивті де пайдаланылатын болады.
Сондай-ақ көрсетпелік мақсаттарда қазақстандық өндірістің фотоэлектрлік панельдері де қолданылатын болады. Аталған технологияны Өнер орталығының оңтүстік қасбетіне кіріктіру жоспарлануда. Жалпы архитектуралық тұжырымдармен сәйкестікте, нысанда Көрменің ойластырылған футуристік дизайнын бұзбастан, электр энергиясын өндіруге мүмкіндік беретін технологиялар қолданылатын болады.
Жел энергиясы. Көрме нысандарын жел энергиясынан электрмен жабдықтау шусыз жел генераторларымен ұсынылатын болады, оларды орнату қала шегінде іске асатын амал және желдің бағыты мен құбылуларына тәуелді емес.
Сфераның жоғарғы бөлігінде 2 жел генераторы қарастырылатын болады, олар желідегі электр энергиясының төмендетіле тұтынылуын қамтамасыз етеді. Қосымша жел қондырғыларын ЭКСПО-Парк аумағында орналастыру жоспарлануда.
Жер энергиясы. Көрме нысандарына арналған жылыту жүктемелерін алмастыру үшін, геотермалды энергияны пайдалану жоспарлануда. Астанада Көрме аумағында ыстық жерасты суларының қорлары жоқ болғандықтан, жылуды жер қойнауынан жылу сорғыларының көмегімен алу қолданылатын болады, бұл бүгінгі күні тиімді энегияүнемдеуші, экологиялық таза жылыту және кондициялау жүйесі болып табылады. Жасыл ғимараттарды сертификаттау талаптарына сәйкес келуі үшін, қазіргі заманғы әлемдік стандарттарға жауап беретін және планетаның озон қабатына залалын тигізбейтін хладагенттер пайдаланылатын болады.
6. Ақылды көлік қою жүйесі
Көрме кешеніндегі барлық көлік қою орындары ең жаңа технологияларды пайдаланумен автоматтандырылатын болады. Көрме аумағына кіретін көлік құралдарын сәйкестендірудің сан алуан әдістері қолданылатын болады, бұл кіру уақытын қысқартуға және төлеу шарасын оңайлатуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ WEB-қосымшаның көмегімен көлік қоятын орынды броньдау мүмкіндігі берілетін болады.
Leave a Reply