Кері байланыс
- 100% +
Қәріп өлшемі

Пан Ги Мун Қазақстанға тұрақты даму саласы бойынша БҰҰ-ны қолдағаны үшін алғысын айтты

strategy2050.kz

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған таяудағы жолдауларында Қазақстанға тұрақты даму саласы бойынша БҰҰ-ны қолдағаны үшін алғысын айтты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

«2030 жылға дейінгі кезеңдегі тұрақты даму саласындағы жаңа Күн тәртібін қорғауда және климаттың өзгеру мәселелерін шешудегі Қазақстанның тұрақты түрдегі қолдауын қуаттаймын.

Осыған байланысты Жоғары мәртебелі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Астанада жасыл технологияны дамыту мен инвестициялық жобалар жөніндегі Халықаралық орталық ашу жөніндегі бастамасымен құттықтаймын». Қазақстан Президенті Орталық құру туралы идеясын БҰҰ Бас Ассамблеясының 70 жылдық сесиясындағы Жалпы пікірсайыстар кезінде жария еткен болатын.

Сонымен қатар БҰҰ Бас хатшысы Сенат Төрағасы Қ.Тоқаевқа БҰҰ-ның 70 жылдығына орай жылы шырайлы құттықтауы үшін, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік басылымдарда Ұйымға қолдау білдіріп сөйлеген сөздері мен жарияланымдары үшін алғыс айтты.

«Бейбітшілік, орнықты даму және адам құқықтары саласындағы біздің ортақ миссиямызды ілгерілету ісіне Сіздің беріктігіңізге ризамыз», - делінген жолдауда. «Сіздің құрметіңіз бен терең ойлылығыңыз мені тебірентіп жіберді. Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының уақытқа бағынбайтын құндылықтары біздің бағдарымыз болып қала беруі тиіс. Халықтарға қызмет ету үшін біздің күшімізді біріктіру» біздің ортақ міндетіміз болып табылады», - деп атап өтті Пан Ги Мун.

А.Соловьева: Қазақстанда электр энергиясының 40%-ын ТКШ секторы тұтынады

strategy2050.kz

Астанада «ТКШ - ЭКСПО 2015» халықаралық форумы өтуде. Форум аса маңызды салалар - ТКШ және кешеннің құрылысын қамтыды.

«ТКШ ол «жасыл» экономиканың драйвері. Бүгінгі шара Қазақстанның «жасыл» экономикаға бет алғанын байқатады. Бізде стратегиялық құжаттар бар, ол бүкіл Қазақстанды және ТКШ саласын жаңа инновациялық технологияларға, энерготиімділікке көшуге итермелейді. Қазақстанда электр энергияның 40%-ын ТКШ секторы тұтынады»,- деді өз сөзінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева.

Шара аясында мамандандырылған көрме ұйымдастырылды. Мұнда қатысушылар қатарында Қазақстанның кәсіпорындары мен ұйымдары бар, олардың басым бөлігі отандық өндірушілер реестріне енгізілген. Сонымен қатар, Ресей, Беларусия, Украина, Германия, Түркия мен өзгеде елдердің өкілдері қатысуда.

«Көрме біз сенімді түрде алға жылжып келе жатқанымызды білдіреді. Бұл көрме өзге мемлекеттердің не істеп жатқанын көруге, тәжірибе алмасуға, ТКШ-ға жаңа технологиялар енгізуге мүмкіндік береді. Бізде көпқабатты тұрғын үйлер көп, 22 мыңнан астам әкімшілік нысандар бар. Ал, жоғары тарифтерді жаңа технологияларды пайдалану арқылы ғана төмендетуге болады», - деп сендірді А.Соловьева.

Қырғызстанда «жасыл» экономика принциптерін енгізу бойынша Қазақстанның тәжірибесін меңгермек

inform.kz

БІШКЕК. ҚазАқпарат - 13-14 қарашада Астана қаласында өткен «Жасыл көпір - озық жобалар мен инновациялар үшін серіктестік платформасы» халықаралық конференциясының қорытындысы бойынша Қырғызстанның Сауда-өнеркәсіп палатасының мамандары бұл саладағы озық тәжірибені меңгермек. Бұл туралы бүгін Сауда-өнеркәсіп палатасынан хабарлады.

Қырғыз делегациясында Сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті Нұрлан Мусуралиев пен Қырғызстан Сауда-өнеркәсіп палатасының Қырғызстандағы шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау бойынша Комитетінің төрағасы Гүлнар Өскенбаева болды.

«Біз «жасыл» экономиканы енгізу тәжірибесін әрі қарай Қырғызстанда жүзеге асыру үшін енгізуге ниеттіміз. Бұл энергияны үнемдеуге бағыт алған елдер үшін өзекті. Сондай-ақ жеке секторда «жасыл» экономиканы белсенді түрде ендіруге ынталандыратын жетекші елдердің нормативті-құқықтық актілерімен таныстық. Бұл жерде энергия тиімділігі, атмосфераға төгілетін қалдық көлемін азайтуды қамтамасыз ету туралы айтылып отыр», - деп атап өтті Н.Мусуралиев.

Оның сөзіне қарағанд, Қырғызстан Сауда-өнеркәсіп палатасы өз қызметін энергия үнемдеу бойынша жобаларды белсенді жүргізуге бағыттамақ. Жақын арада оның мүшелері энергия үнемдеудің негізгі принциптерімен танысады.

«Кәсіпкерлік орта энергия үнемдеу жүйесін енгізу пайдалы екенін біледі. Біз оларды енгізудің тиімді әдістері жөнінде айтуымыз керек», - деді Н.Мусуралиев.

2015 жылдың сәуірінде Қырғызстан «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасына қосылды. Меморандумға Қырғызстан Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Марат Шаршекеев қол қойды.

Атап өту керек, Қазақстан посткеңестік кеңістікте «жасыл» экономиканы енгізу мәселесі бойынша көш басындағылардың қатарында. Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» бүкіләлемдік көрмесі де энергия үнемдеу мен баламалы энергия көздерін табуға арналады.

Қазақстанда «қоңыр» және «жасыл» экономикалар арасындағы теңгерім болуы тиіс

inform.kz

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанға толықтай көмірден бас тартудың реті жоқ. Бұл тұрғыда «қоңыр» және «жасыл» экономикалар арасындағы балансты айқындау керек. Бүгін елордада «Энергиялық тиімді ТКШ және Қазақстанның инновациялық құрылыс индустриясы» V Халықаралық конференциясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева осылай мәлім етті.

«Қазақстан салада бірқатар бәсекелестік басымдықтарға ие. Оларды «жасыл экономика» стратегиясы негізінде ғана жүзеге асыруға болады. Бізде жаңаратын энергия көздері тұрғысында ауқымды әлеуетіміз бар. Ол шамамен 1 трлн. киловатт/сағатты құрап отыр. Алайда энергияның басым бөлігі көмір стансаларда өндірілуде. Бізде бұл тақырып бойынша пікірталастар болды және онда Қазақстанда көмірдің елеулі қоры бар екендігі, сондай-ақ отынның бұл түрі қымбат еместігі айтылды. «Қоңыр экономикамен қатар «жасыл экономика» бар екенін түсінуіміз керек. Бұл тұрғыда біз теңгерімді табуымыз қажет», - деп тоқталды А. Соловьева.

Осы орайда депутат «қоңыр экономиканың» барша өндірістерін жабу міндетті емес екенін, яғни оларды трансформациялауға болатындығын атап өтті.

«Қоңыр экономика» - ол ескі технологияларға негізделген экономика ғана емес. Экологиялық себептермен барша өндірістерді жабудың негізі жоқ, себебі бұл тұрғыда революциялық технологиялар мен инновациялық шешімдер бар. Батыстың компанияларымен қатар Қазақстанның да өндірушілері осы бағытта елеулі түрде алға жылжыды», - деді ол.

Жасыл экономика. «Жасыл» құрылыс саласының қарқыны қандай?

24.kz

Жаңа технологиялар мен заманауи құрылыс материалдары бүгінде осы салада тиімді ғимарттар тұрғызуға мүмкіндік береді.

Олар адам өмірі мен қоршаған ортаға зиянын тигізбеумен қатар, энерготиімділік талаптарына да сай. Ал елімізде энергоүнем мәселесі қалай шешіледі? Жаңадан салынатын нысандар қаншалықты осы талаптарға сай болмақ?

2015 ж 26-27 қараша ЕО/БҰҰДБ/БҰҰЕЭК бірлескен жобасы сынамалы жобалар бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу үшін “жасыл экономика моделіне өту үшін Қазақстанның қолдауы” атты кеңесу жүргізеді

Жоба Алматы, Ақмола, Ақтөбе облыстарындағы сынамалы жобаларды талқылау бойынша техникалық кеңесуге қатысуды қабыл алуға су шаруашылығы саласындағы жабдықтардың технологиясын өндірушілерін шақырады.

Талқылау келесі тақырыптар бойынша ұйымдастырылады:

  • ауылдық аймақтарда орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелерін салуға және “жасыл өсім” идеяларын интеграциялау (Алматы облысы)
  • көп профильді гидротехикалық құрылыстарды жаңғырту және пайдалану (Ақтөбе облысы)
  • Астана қ. үшін қалалық ауыл шаруашылығының дамуы және Қазақстан өңірлерінің құрғақ және жартылай құрғақ аймақтарындағы алқаптарды суғару келешегі.

Қатысуыңызды 2015 ж 19 қарашаға дейін растауыңызды сұраймыз.

Қосымша ақпарат алу үшін Динара Салиевамен хабарласыңыз. байланыстар: 8(7172) 969 544 (ішк. 2604), dinara.saliyeva@undp.org

Гидробиологиялық зертхана

Зертхананың қызметкерлерінің қатынасуымен Қазақстандағы мемлекеттік органдардың тапсырмалары бойынша ірі мұнай компанияларымен атап айтсақ, Аджип ҚКО, Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В., Кұрманғазы Петролеум, Қазтрансойл және басқа да компаниялармен келісімшарт негізінде « Каспий теңізі қайраңы мен оның жағалау аймағындағы мемлекеттік экологиялық мониторинг», «Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі биологиялық ресурстардың ахуалын бағалау бойынша теңіздегі кешенді зерттеулер жүргізу» сияқты жұмыстар орындалды.

Құжатты жүктеу


Распечатать