Бүгінгі заманның өзекті мәселелерінің бірі болып тұрған «Жасыл экономикаға» көшу тақырыбын терең талқылаған пленарлық және секциялық жиындар басталмас бұрын Шығыс Қазақстан облысының әкімі мен Қоршаған ортаны қорғау министрі, сондай-ақ форумға қатысушы қонақтар «Алтай» ғылыми-технологиялық паркінде ұйымдастырылған көрмені тамашалады. Көрмеде қайта жаңғыртылған (күн, жел, гидроэнергетика) және баламалы қуат көздері (биогаз құрылғылары, атом энергетикасы) саласындағы тың инновациялық жобалар, энергияны тұтынуды төмендетуге бағытталған сызбалар мен технологиялар қойылған.
Дереккөз: http://old.abai.kz/node/39942
Елбасы Н.Ә.Назарбаев халыққа арналған кезекті жолдауында табиғи ресурстарды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін енгізу қажеттігін атап көрсеткен болатын. «Біз ресурстарды экономикалық өсуді, ауқымды сыртқы саяси және сыртқы экономикалық уағдаластықтарды қамтамасыз ету үшін Қазақстанның маңызды стратегиялық артықшылығы ретінде пайдалануға тиіспіз. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар. 2050 жылға қарай елде энергияның баламалы және жаңғыртылатын түрлерін қоса алғандағы барлық энергия тұтынудың кем дегенде тең жартысы келуге тиіс»
Дереккөз: http://greenbridge.kaznu.kz/index.php/kz/resources-kz/zhariyalanymdar/item/469-zhasyl-universitet
strategy2050.kz
Астанадағы «Astana Invest 2015» форумы барысында 60 жоба таныстырылды, оның 40 жобасы бойынша инвестиция керек және оның ішінде 20 әлеуметтік мақсаттағы жобалар, деп хабарлады Инвесторларға қызмет көрсету орталығының директоры Арай Тұрсынов «Strategy2050.kz»АА берген эксклюзивті сұхбатында.
Белгілі болғандай, VI халықаралық инвестициялық форум Астананың әкімшілігі мен Қазақстанның бизнес жобаларының қатысушылары және әлемдік нарық ойыншыларының расында конструктивті диалог орнату үшін жүзеге асырылып отыр. Шараның басты міндеттерінің тізімінде – шетелдік инвесторларды тарту, өндірістік активтерді дамыту, жаңа жобалардың ашылуы. Форум аясында индустриялды парктер мен өндіріс аймақтарын насихаттайтын «Астанада жасалған», «Smart Астана», «Астана EXPO-2017», «Заманауи қалалық көлік» көрмелері өтіп, елорда кәсіпкерлерінің инвестициялық жобалары туралы ортақ стенд орнатылды.
А.Тұрсынов атап өткендей, жобаларға деген қызығушылық өте зор. Басты қызғушылық - Инвесторларға қолдау көрсету орталығы қандай көмек көрсете алады және оның портфолиосында қандай жобалар бар.
«Инвестициялық жобаларға келетін болсақ, мұнда 60 жоба таныстырылды, оның 40 жобасы бойынша инвестиция керек және оның ішінде 20 әлеуметтік мақсаттағы жобалар. Көрмеде «Қазақстанда жасалынған», «Smart Астана» секциялары ұсынылды, онда жұмыс істеп жатқан кәсіпорындар таныстырылған. Ұсынылған 40 жобаның әлеуметтік мақсаттағы 20 жобасы – мектептер, ауруханалар мен балабақшалар. Осы жобаларға қатысты нақты инветорлар санаты бар, олармен келіссөздер жүргізілуде. Көрменің басты идеясы қайда инвестициялауға қажет екені жөнінде кеңес беру», - деді А.Тұрсынов.
Оның айтуныша, «Astana Invest» бұған дейінгі форумдарында әлеуметтік жобалар соншалықты кең көлемде таныстырылмады.
«Бұған дейін әлеуметтік жобалар мемлекеттік бюджет есебінен инвестицияланды. Қазір біз өзіміздің мемлекеттік мекемелерімізге шетелдік инвесторлармен жұмыс істеу мәдениетін енгізгіміз келеді», - деп толықтырды ол.
Сонымен, инвестицияны қажет ететін әлеуметтік жобалардың бірі ретінде - нашар көретін және мүлдем көрмейтіндер үшін жерүсті түйісу тақтайшалары мен ғимарат ішінде бағдар білетін еден бетіндегі жолақтар өндірісі болды.
«Біздің бүгінді мақсаттарымыздың бірі – аталмыш жобаны жүзеге асыру бойынша құрал жабдықтарды сатып алуға инвестор тарту. Бұл жобаны жүзеге асыруға шамамен 30 млн теңге керек», - деді «Қазақстан ҚұрылысӨнім»ЖШС атқарушы директоры Қанат Ділдабеков сұхбатында.
Жасақтаушылар жобаны әлемдік тәжірибе ретінде атап өте отырып ЭКСПО-2017-ге іске қосуға ұмтылуда.
24.kz
Кеше Милан қаласында өткен салтанатты шара барысында көрме байрағы еліміздің ресми өкіліне тапсырылған болатын.
Енді Астана ресми түрде халықаралық ұйымдар мен алыс-жақын шетелге шақырту жібере алады. Сондай-ақ Миланда өткен халықаралық көрме барысында Қазақстан павильоны үздік үштіктен орын алды. «Тақырыпты аша білгені» үшін біздің елдің өкілдеріне арнайы кәдесый да табысталды.
Әнуарбек Мусин, Expo Milano 2015 көрмесіндегі ҚР ұлттық секциясының комиссары:
- Біз үшін бұл – тек қана ту емес. Бұл еліміздің даму мүмкіндігінің символы десем болады. Елбасы БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында айтқандай, Қазақстан қазір «жасыл» технологияларды дамытуда көш бастауға дайын. Астанада өтетін ЕХРО тақырыбы «Болашақ энергиясы» екендігін ескерсек, көрме жоғары деңгейде өтуі тиіс.
strategy2050.kz
«Expo & Women» қозғалысы іскер әйелдерге арналған 4 байқауды жүзеге асыруды жоспарлауда.Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «Expo & Women» (халықаралық әйелдер ұйымы) президиумның төрайымы Салтанат Рахымбекова мәлім етті.
«Әлемдік қоғамдастық біздің түрлі бастамаларды Италия алаңында өткізуді қолдауға дайын. Біз кинофестивальді өткізуді ұйымдастырған кезде Италияның алдыңғы қатарлы режиссерлерімен кездесіп, экология, инновациялар мен «жасыл» технологиялар туралы әлеуметтік роликтер байқауын өткізу туралы келістік», - деді С. Рахымбекова.
Оның сөзіне қарағанда, бұл тұрғыда әлем елдері режиссерлері бізге осы тақырып бойынша өздерінің жұмыстарын жібере алады. Осы шара болашақ энергиясына негізделген «ЭКСПО-2017» көрмесінің тақырыбын алға жылжытуға қолдау болмақ.
«Бірінші байқау ұсынылған ЭКСПО белгісін басқаратын өндірістік кәсіпорындары бар әйелдер. Егер біз осы сынды компанияларды айтсақ, олар ЭКсПО серіктестігіне ұсынылатын болады. Екінші байқау – иновациялар стартапы. Өндірістік кәсіпорындары бар әйелдер олардың компаниясын қандай жағдай бәсекеге қабілетті қылатынын түсінгісі келеді. Біз сондай байқау жариялағымыз келеді. Үшінші - қолөнер саласы бойынша. Қазақстандық егеменді өнім инновациялық қолданыста болуы керек. Төртінші – «Болашақтың энергиясы» сынды ауқымды жоба бар. Біз 1 желтоқсанға қарсы бұл байқаумен таныстырамыз», - деді ол.
Айта кетерлігі, байқаулар келер жылдан бастап жүзеге асады. 2016 жылдың соңында жеңімпаздар анықталады.
strategy2050.kz
ЭКСПО-2017 халықаралық көрме аумағында 100 млрд теңгеге бес инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлады «Астана ЭКСПО-2017»ҰК»АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Астанадағы VІ халықаралық инвестициялық форум барысында.
«Бүгінде көрме аумағында 5 инвестициялық форум 100 млрд теңгеге жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда ЭКСПО-ның құрылыс алаңында 8 мыңға жуық адам жұмыс істеуде», - деді А. Есімов.
Бұған дейін компания өкілдерімен хабарланғандай, алдағы көрмеге қатысатынын 49 мемлекет растады.
«Жалпы, біз барлығы 100 мемлекет қатысады деп күтіп отырмыз. Мұның барлығы Астана қаласының әлемдік нарықтағы беделін арттыруға және туристік тартымдылығын нығайтуға септігін тигізетін болады», - деді А. Есімов.
strategy2050.kz
Ұлттық компания «Астана ЭКСПО-2017-ге» қатысу туралы 11 келісімге қол қойды, өздерінің қатысатынын 51 мемлекет, 11 халықаралық ұйым растады және 25 секция комиссарлары тағайындалды, деп компаниядан хабарлады.
Миланға жұмыс сапары аясында «Астана ЭКСПО-2017»ҰК»АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов мен ЭКСПО-2017 комиссары, ҚР сырты істер министрінің бірніші орынбасары Рәпіл Жошыбаев БАӘ, Сенегал, Серо-Леона мен Габонаның ұлттық секцияларының бас комиссарларымен бірқатар кездесулер өткізді.
Кездесу барысында тараптар «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатыны туралы келісімге қол қойды. Халықаралық көрме бюросы бекіткен ережеге сәйкес шартта павильонды пайдалану ережелері, қатысу шарттары, сонымен қатар тараптардың құқығы мен міндеттері көрсетілген.
Бүгінде ұлттық компания «Астана ЭКСПО-2017-ге» қатысу туралы 11 келісімге қол қойды, өздерінің қатысатынын 51 мемлекет, 11 халықаралық ұйым растады және 25 секция комиссарлары тағайындалды.
Елбасының Қазақстан халқына 2005 жылғы Жолдауында Қазақстан бүгін Еуропа мен Азия арасындағы коммуникациялар легінің түйіскен жерінде тұр, біздің міндет-осынау бірегей жағдайымызды өз еліміз бен халықаралық қоғамдастықтың мүддесі үшін табиғатты ұтымды пайдалану деген еді. Еліміздің алдына Президент қойған осы міндеттің Қазақстандағы экологияның жағдайына тікелей қатысы бар.
Дереккөз: http://referat.nur.kz/kazakstandafi-ekologiyalik-zertteuler—-v26100/part2
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 355 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы «Жасыл өсу» және орнықты даму индикаторларын енгізу» жобасын іске асыру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
Құжатты жүктеу
Дереккөз: “24KZ” Телеарнасы