Дереккөз: www.24.kz
Ватикан «Жалпының игілігіне арналған энергия: Біздің ортақ үйімізге деген қамқорлық» тақырыбымен EXPO-2017 халықаралық көрмесіне қатысатын болды. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Қазақстандағы рим-католик шіркеуінің басшылығы хабарлады. Павильонға келген әрбір адам Жаратушының адамзатқа тартқан сыйы энергия әлеміне саяхат жасап, рухани дүниесін байытады. Экспозиция энергияны ұтымды пайлану, «бейбіт атом», қоршаған орта және пайдалы да қауіпті саналатын ресурстарды кәдеге жарату мәселелеріне арналмақ. Питер Тарксон, ЕХРО-2017 көрмесіндегі Ватикан секциясының бас комиссары: - Адамзатқа ортақ жаһандық шараларды өткізуге біз де қолдан келген көмегімізді көрсетіп, қолдағымыз келеді. Біз де озық технологияларға қызығушылық танытып отырмыз. Мысалы, Ватикандағы үлкен мәжіліс залының шатыры күн батареяларымен жабдықталған.
Дереккөз: www.24.kz
Дереккөз: strategy2050.kz
«Жасыл экономика» еліміздің орнықты дамуын қамтамасыз етудің маңызды құралдарының бірі болып табылады. «Жасыл экономикаға» көшу Қазақстанның әлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына кіру жөнінде қойылған мақсатқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Ел алдында тұрған «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі негізгі басым міндеттер:
1) ресурстарды (су, жер, биологиялық және басқа) пайдалану мен оларды басқару тиімділігін көтеру;
2) қолда бар инфрақұрылымды жаңғыртып, жаңаларын салу;
3) қоршаған ортаға қысымды жұмсартудың рентабельдік жолы арқылы халықтың әл-ауқаты мен қоршаған ортаның сапасын көтеру;
4) ұлттық қауіпсіздікті, соның ішінде су қауіпсіздігін көтеру болып табылады.
«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері:
Экономиканың ресурстық секторларында активтерді жаңарту циклі біршама уақыт алады, ал экономикасы табиғи пайдалы қазбаларды өндіруге бағдарланған елдерде таза экономикаға көшуге ондаған жылдар жұмсалады.
Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан да одан тыс қалмайды.Осыған байланысты «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру үш кезеңмен жүзеге асырылады:
2013-2020 – осы кезеңде мемлекеттің негізгі басымдығы ресурстарды пайдалануды оңтайландыру және табиғат қорғау қызметінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ «жасыл» инфрақұрылымды құру болады;
2020-2030 – қалыптасқан «жасыл» инфрақұрылым базасында суды ұқыпты пайдалануға, жаңартылатын энергетика технологияларын дамытуды көтермелеп, ынталандыруға және оны кеңінен пайдалануға, сондай-ақ құрылыстарды энергия тиімділігінің жоғары стандарттарының базасында салуға бағдарланған ұлттық экономиканы жаңарту басталады;
2030-2050 – ұлттық экономиканың табиғи ресурстарды олардың жаңартылуы мен орнықтылығы қағидаттарында пайдалануды талап ететін «үшінші өнеркәсіптік төңкеріс» деп аталатын қағидаттарға көшуі.
«Жасыл экономикаға» көшуді іске асыру мәселелері «жасыл экономикаға» көшу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен реттелетін болады.
Секторлар бойынша Тұжырымдаманың нақты міндеттерін іске асырудың құралдары, кейіннен түзетіліп, ауа сапасын жақсарту, өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару, құрғақшылыққа, жердің бүлінуіне қарсы күрес және топырақтың құнарлылығын көтеру, балық шаруашылығын, аквадақылдарды дамыту мен балық ресурстарын молықтыру сияқты мәселелерге жаңадан назар аударылатын «Агробизнес – 2020» Қазақстан Республикасында агорөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған бағдарлама, Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, аумақтарды дамыту бағдарламасы, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары, 2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасы мен басқа да салалық бағдарламалар сияқты, Тұжырымдаманың негізгі бағыттарын енгізу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу ескерілетін, қолданыстағы бағдарламалық құжаттар болып табылады.
Сонымен қатар Су ресурстарын басқару жөніндегі 2014-2040 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама әзірлеу жоспарланып отыр.
Есептеу бойынша 2050 жылға қарай «жасыл экономика» шеңберіндегі жаңартулар ЖІӨ-ні 3 пайызға қосымша ұлғайтып, 500 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құруға, өнеркәсіп пен қызмет көрсетулердің жаңа салаларын қалыптастыруға, халық үшін сапалы өмір сүру стандарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Дереккөз: kazakh-tv.kz
Дереккөз: energo.gov.kz
2016 жылғы 11 қарашада ҚР Энергетика министрлігінде ҚР Энергетика вице-министрі Ғ. Қ. Сәдібековтің төрағалығымен Жасыл Климаттық Қорымен ҚР Энергетика министрлігінің өзара әрекеттестігі мәселелері бойынша кеңес өтті.
Кеңестің мақсаты Жасыл Климаттық Қоры арқылы Қазақстанға «жасыл» қаржыландыруды тарту мәселелерін талқылау және «жасыл экономика» саласындағы жобаларды қаржыландырудың құралдарын таныстыру.
Кеңесте Жасыл Климаттық Қорымен (БҰҰДБ, БҰҰ қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы, Еуропа Қайта Құру және Даму банкі, Азия даму банкі) аккредиттелген халықаралық ұйымдардың өкілдері көрсетілген мақсаттарға жету үшін аталған ұйыммен ынтымақтастықтың өз бағыттарын ұсынды.
Осыған орай, ҚР Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасына сәйкес ұлттық басымдықты белгіледі.
Кеңеске облыс және Астана мен Алматы ққ. әкімдіктерінің, халықаралық ұйымдардың, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде аккредиттелген жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiнің өкілдері қатысты.
Дереккөз: greenkaz.org
Серебрянка қаласындағы психикалық дамуы тежелген жетім балаларға арналған орталау түзеу мектеп-интернаты – облысымыздағы күн батареяларының игілігін көріп отырған әлеуметтік нысандардың бірі.
Әзірге Шығыс Қазақстанда мұндай мекемелер саусақпен санарлықтай ғана. Дегенмен, «Қасиетті Өр Алтай» қоғамдық қорының директоры Дидар Далимановтың айтуынша, дәл осындай энергия үнемдейтін құрылғыларға бүгінде кез келген адам қол жеткізе алады.
Айта кетейік, бұл бастама Еуропалық одақ, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы және Еуропалық экономикалық ко- миссияның «Жасыл экономика моделіне өту бойынша Қазақстанға қолдау көрсету» атты бірлескен жо- басы аясында жүзеге асырылуда. Облыс көлемінде жаңа технология- ны қолданысқа енгізуге өскемендік «Қасиетті Өр Алтай» қоғамдық қоры белсенді түрде атсалысып келеді. Жалпы алғанда, бүгінге дейін «Шығыс Қазақстан облысының су ресурстарын сақтау мақсатында жа- ңартылатын энергия көздерін ор- нықты пайдалану» жобасының гранттық бағдарламасына Глубокое, Зырян, Катонқарағай, Көкпекті, Ұлан және Шемонайха аудандарының бір- қатар әлеуметтік нысаны іліккен-ді.
Осындай жаңа құрылғының біріне ие болған Серебрянкадағы мектеп-интернатта қазіргі уақытта 140 тәрбиеленуші білім алуда. Олардың бірталайы өзге аудан- дар мен қалалардан келген ба- лалар. Орнатылғанына көп бола қоймағанымен, күн батареяларының пайдасын мұғалімдер де, ең басты- сы, оқушылар да сезініп үлгеріпті. Мұны мекеме басшысы Нәзира Құмарова да ерекше сөз етуде.
– Көріп отырғандарыңыздай, бізде бос орын деген әңгіме жоқ, тәрбиеленушілеріміз көп. Сондықтан, балаларды жуындыру, бөлмелерді жылыту сияқты мақсаттарға ыстық су өте қажет. Жалпы, Серебрянкада орталықтандырылған жылыту жүйесі жоқ екенін білетін боларсыздар. Сол себепті, қыс кезінде әр мекеме, әр үй өз бетінше жылытылады. Біздің мекемеге келетін болсақ, өзіміздің шағын қазандығымыз бар. Ал енді жаңа құрылғы арқылы жылына жылыту маусымында жұмсалатын шығынның 20-25 пайызын үнемдеуге мүмкінді- гіміз бар. Күн бұлтты болғанда тиімділігі азаяды демесеңіз, басқа уақытта мінсіз жұмыс істейді, – дейді Нәзира Құмарова.
Мектеп-интернаттың қызметкері Александр Литвинов та күн батареяларымен жұмыс істейтін құрылғының қарапайымдылығын айтып, бір батарея бір сағаттың ішінде 100 литр суды жылыта алатынын алға тартуда.
– Құрылғы көп күтімді қажет етпейді. Тек анда-санда бойлердегі судың деңгейін тексеріп, температу- расын қарап қойса, болғаны. Әрине, қаншама бала оқып, тұрып жатқан мұндай ғимаратқа 300 литр су аздық етеді. Қазір жаңа құрылғымен қатар, қазандығымыз да жұмыс істеп тұр. Қазандық тәулігіне 12 сағат жұмыс істеп, 300 литр сұйық отын жағады. Ал күн батареяларын орнатқалы бері шығынымыз біршама азайды, – дейді ол.
«Қасиетті Өр Алтай» қоғамдық қорының директоры Дидар Далима- новтың айтуынша, гранттық бағ- дарламаның басты мақсаты – тұрғындарға жаңартылған энергия көздерінің көмегімен едәуір қаражат үнемдеуге болатынын көрсету.
– Бұл технологияларға кез келген адам қол жеткізе алады. Естеріңізде болса, 2013 жылы Елбасының жаңартылған энергия көздерін субсидиялау жөніндегі Жарлығы шыққан-ды. Соған сәйкес, бүгінде мемлекетіміз қуаты бес киловатқа дейінгі құрылғыларды сатып алу шығындарының 50 пайызын өзі өтеуде. Яғни, құрылғы алуға ниет білдірген облысымыздың кез келген тұрғыны жергілікті жердегі әкімдікке барып, бұл жөнінде тиісті өтініш қалдыра алады. Ары қарай құрылғы іске қосылғаннан кейін, арнайы комиссия шешімімен соманың жартысы иесіне қайтарылады, – дейді қор ди- ректоры. Мамандар есебі бойынша, су жы- лытатын құрылғылар шамамен төрт-бес жылда өзін-өзі толық ақтайды екен. Тағы бір айта кетер жайт, құрылғылар негізінен Еуропада жа- салса да, мұндай жылытқыштарда қазақстандық құрам да жоқ емес. Атап айтқанда, бұрындары отандық үлес 30 пайызды құраса, қазір оның мөлшері 80 пайызға дейін жеткен. Осының арқасында бұған дейін 200 мың теңге тұрған бір күн бата- реясын қазір 130 мың теңгеге сатып алуға болады.
– Біздің жоба келер жылы Аста- нада өтетін «EXPO-2017» көрмесіне қойылатыны мәлім. Халықаралық көрме кезінде біз отандастарымыз- ды, әсіресе, шығысқазақстандықтарды осы жаңартылған энергия көздеріне назар аударуға шақыратын боламыз. Неге десеңіз, қазір Шығыс Қазақстанда күн және жел энергиясын пайдалану өзекті мәселенің бірі болып тұр. Себебі, бүгінде жерлестеріміздің дені үйлерін көмірмен не ағаш отынмен жылы- тады. Ал бұл өз кезегінде өңірдің экологиялық ахуалына кері әсерін тигізуде, – дейді «Қасиетті Өр Алтай» қорының директоры Д.Дали- манов.
Дереккөз: greenkaz.org
Катонқарағай ауданындағы Ақсу 11 жылдық мектебі шаруашылыққа қажетті суды күн батареяларының көмегімен ысытып отыр. Ақсу мектебінің директоры Гүлмира Базаева мектеп шатырына орнатылған шағын ғана күн батареялары пластинкаларының мамыр айынан бері мектепке бірнеше жүз мың теңгені үнемдеуге мүмкіндік бергенін айтты.
Панты өнімдерімен аты шыққан Ақсу ауылы да төр Алтайдағы өзге елді мекендермен бірге жылдан-жылға ықшамдалып, кішірейіп барады. Ақсу ауылдық округіне қарасты Жазаба, Ақшарбақ, Бекалқа ауылдарының бірінің мектебі жабылып, бірінің мектепте оқитын балалары мүлде азайып қалып жатса, Талды ауылы мүлде жойылып кетіпті.
- Ақсудың маңайындағы ауылдардың балалары мектеп жанындағы интернатта оқып жатыр, мектепте 132 оқушы, мектеп-интернатта 17 бала бар, - дейді Ақсу мектебінің директоры Гүлмира Базаева. - Мектептері жабылып қалған Бекалқа, Ақшарбақ ауылдарының балалары, биылдан бастап бастауыш мектеп қана болып қалған Жазаба мектебінің балалары осы біздің мектеп-интернатта тұрып оқып жатыр.
Алыстағы ауылдың білім ордасы жазда күрделі жөндеуден өткізіліпті. Мектеп ұжымы күн батареяларының нағыз пайдасын осы жөндеу кезінде көрген. Күннен алынған қуатпен ысытылып отырған сыйымдылығы 300 литрлік бойлердің ыстық суы еден, асхана ыдыстарын жууға, өзге де шаруашылық жұмыстарына пайдаланылып келеді. Күн батареяларының суды ысыту қабілеті күннің көзі жоғалып кететін суық күндері де кемімейді, жоғалмайды. Мектеп ұжымы болашақта мектептің жылыту жүйесін де осы күн батареяларынан алынатын ыстық сумен жылытуға көшірмек ойда.
Күн батареяларын облыстағы бірнеше әлеуметтік нысандармен бірге осы мектепке орнатып берген «Қасиетті Өр Алтай» қоғамдық қорының директоры Дидар Далиманов Ақсу мектебінің түлегі. Мектеп ұстаздары мен оқушылары енді осы қордың көмегімен түймедақ, мелисса, календула сияқты емдік шөптерді егіп, кептіру жобасын жүзеге асыруды көздеп отыр. Жинап алынған емдік шөптер «Ақсу-ДЭЕН» серіктестігінің фармакологиялық өндірісіне тапсырылмақ.
Алты ай қыста ақ қардың астында жататын Ақсу ауылының ұстаздары күн батареяларымен мектеп қаржысын үнемдеп қана қоймай, оқушыларды тиімді кәсіппен айналысуға баулып, табыс түсірудің жолдарын осылай көрсетіп, үйретуде.
Дереккөз: www.24.kz
Ортақ міндетті орындау жолында жұдырықтай жұмылған табиғат жанашырлары бір ұйымға бірікті. Сөйтіп, елімізде «Байтақ болашақ» экологиялық альянсы» атты жаңа қоғамдық ұйым ашылып отыр. Басты мақсат біреу – қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру, экономиканың барлық саласында шаруашылық істерін жүргізудің саналы әрі тиімді әдістерін енгізу. Мұнымен қоса, экологиялық бірлестік қазақстандықтар санасына табиғи ресурстарға жауапты қарауды сіңіріп, экологиялық мәдениет қалыптастыруды көздейді. Ұйым мүшелері құрамында танымал қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен саясаткерлер бар. Белсенділердің бағыты айқын, құлшынысы зор. Жуырда бір топ азамат ел-жерді аралап, өңірлердегі өзекті мәселелерді саралап қайтты. Азамат Әміртаев, «Байтақ болашақ» экологиялық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы: - Енді ол проблемаларды шешудің бір-ақ жолы бар. Қаражат керек. Ол үшін біз инвестиция тартуымыз керек. Ол үшін Дүниежүзілік банк, Еуропалық даму банкінің қаражатын шоғырландырумыз керек. Ол біздің мақсатымыз.
Дереккөз: lenta.inform.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Карнеги институтының эколог мамандары Малайзияның Борнео аралынан әлемдегі ең биік тропикалық ағашты тапты. Олар ағашты тікұшақпен ұшып бара жатып байқаған, деп жазады массагет.кз.
Тропикалық ағаштың биіктігі 94 метрді құраған. Ал жуандығы 40 метр шыққан. Экологтар аталған аймақтан мұндай “алып” ағаштың онға жуығын кездестірген.
- Бұл - әлемдегі ең биік тропикалық ағаш. Табиғаттың таңғажайып сыйы. Мұндай ағаштың табылуы - ғылым мен Борнео тұрғындары үшін ғана маңызды емес, әлем үшін таңданарлық жаңалық, - деді эколог Грегори Эснер.
Айта кетейік, әлемдегі ең биік ағаш «Гиперион» деп аталады. АҚШ-тың Калифорния штатындағы «Редвуд» саябағындағы ағаштың биіктігі 115,6 метрді құрайды.