Бүгінгі күнде санамызға асып төгіле құйылып жатқан толассыз ақпараттар тасқыны арасынан «нанофизика», «нанотехнология», «наноинженерия», «наномедицина» және басқа да толып жатқан «нано…»-лар туралы жиі еститін болдық. Ол туралы радио мен теледидарлар хабарлап, ғаламтор сайттары көптеп мәліметтер береді. Үлкенді-кішілі жиындарда бұл туралы тіптен мектеп оқушыларынан бастап, ғұлама ғалым, үкімет басшылары мен елбасыларға дейін жиі айтады.
“Қазақстан-2030″ стратегиясында жеті ұзақ мерзімді басымдық айқындалған: ұлттық қауіпсіздік; ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның топтасуы; шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу; Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты; энергетика ресурстары; инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс; кәсіби мемлекет. Осы басымдықтар елді одан әрі дамыту жөніндегі нақты іс-қимылдар әзірлеудің негізіне айналды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында «G-Global-ЭКСПО-2017» халықаралық жобасы аясында нанотехнология, роботты техника, мұнай-газ кен орындарын зерттеу, гидродинамика, гендік инженерия, обыр ауруын туғызатын клеткалар биологиясы, ДНК репарациясы мен мутагенез салалары, азық-түлік қауіпсіздігі және генетикалық ізденістер саласында әлемдік деңгейдегі сұраныстарға сай зерттеулер жүргізіліп, нәтижесін «Астана ЭКСПО – 2017» көрмесінде мақтанышпен көрсете алатындай нұсқалар алуына тілектестік білдірді. Ол үшін қазақстандық ғылыми кадрлар әлеуетін жас ғалымдармен толықтыруға, ғылыми-зерттеулер мен әзірлемелерді ынталандыруға бағытталған стратегиялық және тактикалық бағыттар айқындалды.
«Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту» деген 1-стратегиялық бағытта:
қоршаған ортаны қорғау саласын дамытудың негізгі параметрлері мынадай мазмұндағы жиырма тоғызыншы, отызыншы және отыз бірінші бөліктермен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы 2012 жылғы 20-23 маусым аралығында Рио-де-Жанейро (Бразилия) қаласында өткен БҰҰ «Рио+20» орнықты даму жөніндегі конференциясында «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы деген қазақстандық бастамашылықты ұсынды. Аталған Конференцияда «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы көрініс тапқан «Біз қалайтын болашақ» атты қорытынды құжат қабылданды».
Құжатты жүктеу
Дереккөз: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1300000443
Ақпараттық жүйелердің дамуымен ғылыми және өндіріс сферасына ақпараттық-есептеулік саласының соңғы жаңалықтары енгізіледі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жолдауларында компьютерлік технологиялардың маңыздылығы туралы және олардың әр салаға енгізу қажеттігілігін үнемі айтады. Бұның барлығы өнімділік пен өнімдердің соңғы сапасын арттырады.
Соңғы жылдары экология мәселелері үнемі елдің назарында. Олар әртүрлі әлемдік симпозиумдарда, ғылыми конференцияларда одан басқа әлемдік державалардың басшылары басқосқанда кеңінен талқыланады.
Жаратушы Қазақстанға көмірсутектердің барлық түрлерін молынан берді, біздің мұнайымыз да, газымыз да, көміріміз де бар. Біз уран өндірісіне арналған шикізат шығаратын аса ірі өндірушілердің бірі саналамыз. Және технологиялар дамыған сайын энергиялық баланстың өзгеретіні де түсінікті. Мысалы, Еуропада өте қымбат газ басқа қымбат баламалы энергетикамен ауыстырылады. Бұл жағынан Германияның тәжірибесі назар аударарлық: онда жел, сондай-ақ күн энергетикасы дамып келеді. Барлық технологиялар арзандайды, белгілі бір уақытта технологиялардың дамуымен, технологиялардың көбеюімен баламалы энергетика неғұрлым қол жетімді болады. Әлбетте, біздің осында баламалы энергия көздерін белсенді түрде дамыту үшін бұған дайын болуымыз керек», - деп атап өтті Тимур Құлыбаев Еуразиялық Форум шеңберінде өткен баспасөз мәслихатында.
Қоғамда «жасыл» экономика сөз тіркесі барынша жиі қолданыла бастады. Өткен «РИО + 20» Саммитінен кейін біздің мемлекеттің Президенті осы сөзді елді ары қарай дамыту жолындағы бірінші дәрежелі факторлардың бірі ретінде белгіледі. Бірақ біз бұл түсінік деп не тұспалданады және оның негізгі бағыттары қандай екенін осы мақалада толығырақ анықтауға тырысып көреміз.
«Зеленый рост» kz