Қызылорда облысында сирек кездесетін дәрілік өсімдік мия тамырларын 14 гектар жерден заңсыз түрде жинау фактісі анықталды деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Осыған орай, орман қорынан тыс жерден өсімдіктер дүниесі объектілерін (мия тамырын жинау) алуға рұқсат беру тәртібі қолданыстағы заңнамамен реттелмегендіктен, заңнамаларға өзгерістер енгізу жөнінде облыстық прокуратурамен Бас прокуратураға қызметтік хат жолданды. Қазіргі күнде «Қазақстан Республикасының аумағынан қызыл мия тамырын әкетуге уақытша тыйым салу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы әзірленіп жатыр делінген баспасөз хабарламасында.
Қызыл мия өсімдігінің адам денсаулығына емдік шипасы мол дәрілік шөп. Көпжылдық шөп тектес өсімдіктің биіктігі 100-130 сантиметрге дейін болса, өзен бойларында, топырақты аймақтарда өсетіндігімен ерекшеленеді.
Біздің дәуірімізге дейінгі 4-5 ғасырларда бұл дәрілік өсімдік жайлы ежелгі грек тарихшысы Геродоттың өзі қызыл мия тамырының мың сан дертке дауа екенін айтқан екен.
Бұл дәрілік өсімдік еліміздің Сырдария, Жайық, Іле, Шу, Қаратал өзендері алқаптарында өссе, оның ішінде қызыл мия Қызылорда аймағында, әсіресе Сырдария ауданыңда көптеп кездеседі. Алайда Қызылорда облысында соңғы уақыттары бұл өсімдіктің азайып бара жатқаны байқалады дейді.
Ая ӨМІРТАЙ
baq.kz
Шығыс Қазақстан облысында орын алған төтенше жағдайлардың басым көпшілігі өрт оқиғасы болып отыр. Өрттен келген материалдық шығын 92 млн. 944 мың теңгені құрады деп хабарлайды облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
-Бірінші жарты жылдық қорытындылау есебі бойынша биылғы жылы облыс көлемі бойынша 835 өрт тіркелді, бұл 2013 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 23% артып кеткен. Сондай-ақ өрт кезінде қаза болғандар саны 25 адамды көрсетіп отыр, былтырғы 2013 жылы 43 адам өрт салдарынан қайтыс болған еді,-деп көрсетілген баспасөз хабарламасында.
2014 жылдың 6 айында жауынгерлік іс-әрекеттер кезінде Департамент бөлімшелері 750 өртті жойған. 837 авариялық-құтқару жұмыстарын атқарып, 740 610 мың теңгенің материалдық құндылықтарын құтқаруға ат салысты. Сонымен бірге осы жарты жылдықта 523 адамды өрттен құтқарып қалған, оның 160-ы балалар дейді ШҚО облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар облыста табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды алдын алу бойынша қызметтің тиімділігін жоғарылату мәселелерінде Департаментпен қызметтің барлық бағыттары бойынша шаралардың үлкен кешені өткізіліп жатқанын хабарлады.
Ая ӨМІРТАЙ
baq.kz
БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы аясында жүргізілген зерттеулері көрсеткендей, Жердің озон қабаты қайта қалпына келе бастаған.
Ғалымдардың айтуынша, Антарктида үстіндегі озон тесігінің үлкею процесі тоқтаған. Енді ол шамамен он жылдан кейін ғана қайта кішіриетін болады.
Мұндай жағымды жаңалықтың басты себебін ғалымдар кейбір химиялық заттар өндірісінің тоқтауымен байланыстырып отыр. Атап айтқанда, аэрозольды баллондар, тоңазытқыштың хлорфторкөміртегі және т.б.
baq.kz
www.24.kz
Швеция мен Эстония ғалымдары бірігіп алғаш рет Жер бетіндегі барлық көлдің санын анықтады. Белгілі болғандай, олардың саны 117 миллионға жуықтайды екен және олар бүкіл Жер шарының 4 пайызын алып жатыр. Бұл ретте Гренландия мен Антарктида мұздықтарының астындағы көлдер есепке алынбады.
Барлық көлді қосып есептегендегі олардың жағасының ұзындығы экватор белдеуінен 250 есеге ұзын.
Ғалымдар көлдерді спутник арқылы санап шыққан. Есепке көлемі 0,2 гектар болатын (футбол алаңының төрттен бір бөлігі) барлық су қоймалары еніп отыр. Олардың айтуынша, санақ кезінде өсімдіктер мен бұлттар зерттеуге біраз кедергісін келтірген.
www.baq.kz
Павлодар өңірінде экология мәселелерін шешу үшін Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасында Экологиялық кеңес құрылып, оған бизнестің, мемлекеттік органдардың және қоғамның өкілдері кіретін болады деп хабарлайды ҚР ҰКП баспасөз қызметі.
Кеңес құру туралы шешім ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаевтың Павлодар облысына жасаған сапарының аясында, оның қатысуымен өткен ірі табиғат пайдаланушыларымен өткен арнайы жиналыс барысында қабылданған болатын.
ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары атап өткендей, мемлекет басшысының алға қойған басымдылықты міндеттерінің бірі экология мәселелерін шешу негізінде жоспарланып отыр.
«Қоршаған ортаның ластануы, халықтың денсаулығы – жедел шара қолдануды талап ететін мәселелер. Бұл салалар бүкіл қоғамды алаңдатуда. Оларды шешу үшін арнайы бағдарлама дайындап, негізгі аспектілердің барлығын қарастыру қажет және барлық тараптардың мүддесін ескеру қажет», - дейді Нұржан Әлтаев.
Сонымен қатар, экологиялық жағдайды жақсарту бойынша өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарынан ұсыныстар жинау үшін облыстық Палатада арнайы жұмыс тобын құру шешілді.
Кәсіпорын өкілдері айтылған бастаманы қолдап, бірлескен және тиімді жұмысқа даярлықтарын білдірді деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ая ӨМІРТАЙ
baq.kz
Павлодар облысына жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өңірдің бірқатар проблемаларына назар аударды. “Жалпы өндіріс саласы қарқынды дамыған облыста шағын және орта бизнестің дамуы әлі де ақсап тұр”,- деді Президент. “Кәсіпкерлік үшін 25 пайыз деген өте аз. Сондықтан бұл істе белсенділік қажет”, - дегенді қадап айтты.
Керекудегі тағы бір өткір пробема - ауыз су мәселесі. Мемлекеттік «Ақ бұлақ» бағдарламасы арқылы қомақты қаржы тартылғанымен, аймақтағы 30-ға жуық елді мекен таза суға жарымай отыр. Демек, «мұнда қадағалау мәселесі нашар болғаны»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Өңір үшін ушығып тұрған басты түйткіл - экология. Қазіргі ахуал қарапайым халықты да, билікті де алаңдатуда. Айнала зауыттар мен өндіріс ошақтары. Олардан ауаға шығарылатын зиянды қалдықтар мөлшері артпаса, кеміміген. Сол себепті, бұл мәселеге ден қою қажет. “Ұсыныс-жобалар болса, ортаға салып, талқылайық»,- деп қайырды Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасының бөліп көрсеткен келесі проблемасы жергілікті атқамінерлер үшін де тосын болды. Облыста азық-түлікпен қамту ісі кенжелеп қалған. «Павлодар - еліміздің ірі өндіріс орталығы. Әйтсе де, өңірде сырттан әкелінетін өнім көрсеткіші жоғары болып тұр. Бұл - азық-түлік бағытында басым,»- деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Область много завозит продукции. Импортирует из России, из других областей. Мясом себя не обеспечиваете, молоком не обеспечиваем. Но с овощами-фруктами у вас тяжело понятно. Но месте с акимом, барлықтарың қараңдар. Өзімізді өзіміз тамақпен қамтамасыз етуіміз керек. Ауыл шаруашылығы облысымыз ғой. Жеріміз бар. Барлығы бар, сол жағын қараңыздар!
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Екібастұз қаласына да ат басын бұрды. «Қазақстан вагон құрылысы зауыты» мен «Проммашкомплект» серіктестіктерінде болып, жұмыс барысымен танысты. Сондай-ақ, Президент кеншілер шаһарындағы балалар музыкалық мектебінде болды. Талантты жастарға мемлекет басшысы құр қол келмеген. Ол колледж ұжымына автобус сыйға тартты.
Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ
www.astanatv.kz
Қазақстанда Атырау және Орал-Атырау бекіре тұқымдас балық зауыттарын қалпына келтіру жұмыстары жоспарлануда. Олардың жалпы қуатын жылына 7 млн-нан 12 млн. шабаққа дейін жеткізеді. Бұл туралы бүгін өткен семинар-кеңесте ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Қайырбек Мұсабаев айтты.
Оның мәліметінше, жобаны іске асыруға жалпы сомасы 70 млрд. теңге қажет. Көздеген мақсатқа жету үшін балық шаруашылығын 2020 жылға дейін дамытудың жоспары жасалған. Онда балық шаруашылығын дамыту көзделеді.
Семинарда Қазақстанның табиғи су қоймаларындағы балық популяциясының азаю тенденциясын тоқтатудың баламалы шешімі ретінде тауарлық балық шаруашылығын дамытуды жолға қою сөз болды.
Жаппай балық аулаудан гөрі тауарлық балық шаруашылығын дамыту еліміздің табиғи су қоймаларындағы балақтардың көбеюіне жол ашады.
Төараға орынбасарының айтуынша, тауарлық балық шаруашылығын дамыту әлеуметтік-экономикалық тиімділігін де көрсетеді. Сонымен қатар, балық өсірумен айналысатын шаруашылықтар құру ауылды жерлерде жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізеді.
Айта кетейік, шараға ҒАО (Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы) Аймақаралық бюросының сарапшысы Хайдар Ферсой (Анкара, Түркия) қатысып, балық шаруашылығын дамытудағы халықаралық стандарттар туралы баяндама жасады.
Семинарда, сондай-ақ, 2020 жылға дейін арналған балық шаруашылығын дамыту бағдарламасының жобасы талқыланды. Құжат балық шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз ету, су ресурстарының биологиялық алуан түрлілігін сақтау мақсатында әзірленген. Мамандардың айтуынша, жоспарланған іс-шаралардың жүзеге асыруы нәтижесінде балық өсіруді дамыту есебінен 2020 жылы балық аулау көлемі 10 мың тоннаға жеткізілмек.
www.inform.kz
Теңіз тіршілігі қайта жандана бастады. Арал теңізінің арнасы тарылып, суы тұз татыған жылдары балығы да күрт кеміді. Қазірде Қызыл кітапқа енген бекіре, қаяз тұқымдары айдыннан мүлде кездеспейді. Дегенмен, су маржанының бағалы түрлерін сақтап қалу бағытында Сыр өңіріндегі «Қамыстыбас балық питомнигі» РМҚК бірнеше жобаны қолға алды.
Тамыры теңізге байланған Қосжар және Тастақ ауылдарында 34 су тоғаны бар. Осында жыл сайын миллиондаған шабаққа жан бітеді. Дәлірек айтсақ, ақ амур және дөңмаңдай секілді су маржандарының уылдырығы арнайы құрылғылардың көмегімен жиналып, дернәсілге айналған соң, жыл бойы судағы тіршілікке бейімделеді. Мамандар осындай әдіспен Қызыл кітапқа енген балық түрін көбейтуді қолға алды. Бұл туралы ҚР АШМ балық шаруашылығы комитетінің Арал-Сырдария облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының баспасөз қызметі хабарлады.
«Қамыстыбас» балық өсіру питомнигінің директоры Нұрқабыл Құланов: «Арал қаязы деген балықты өсіру бағдарламасы бар. Соны келесі 2015 жылдан бастап қолға аламыз. Ол да Үкімет тарапынан, Балық шаруашылығы комитетінің қолдауымен орындалуда», - деді.
Сондай-ақ балық питомнигінде 70-ке жуық бекіренің тоғандарда көбею жағдайы бақылауға алынып, зерттелген. Алайда нәтижесі ғалымдардың ойынан шықпай отыр.
«Бекіреге негізі кең жер керек. Біздің тоғандық жағдайларда оған ыңғайы келмей тұр. Бекіре 11 жылда ашық теңізде үлкен болып кетеді. Ол уылдырық шашатын деңгейде тұруы керек, қазір ондай емес. Соған қарағанда жағдайы келіңкіремейді», - деді балық өсіруші Шынболат Күлмашов.
Жыл сайын күз мезгілінде тоғандардан 15 миллионнан астам шабақ алынып, теңізге жіберіледі. Биыл да 14 миллион 800 мың бір жаздық, 420 мың 2 жаздық балық айдынға босатылады.
www.inform.kz
Оралда Жайық өзені жағалауын тұрмыстық және қатты қалдықтардан тазалау мақсатында «Таза жағалау» шарасы өткізілді.
Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ұйымдастырған шараға 500-дей ерікті, мемлекеттік мекемелер қызметкерлері, құрылыс компаниялары, орман және балық шаруашылығы, жол пайдалану кәсіпорны, қоғамдық ұйымдар өкілдері, «ҚазИИТУ» ғылым-білім кешенінің студенттері қатысты.
Аталмыш басқарма басшысы Амангелді Дәулетжановтың атап өткеніндей, Батыс Қазақстан, Атырау облыстары арқылы өтетін Жайық сонымен қатар трансшекаралық өзен болып табылады. Сондықтан оның жай-күйін бірлесіп жақсартудың маңызы зор. Жайық өзенінің экологиялық мәселесі Қазақстан мен Ресей басшыларының қатысуымен өтіп келе жатқан шекаралас аймақтар форумдарында талқыланып келеді. БҚО мен Орынбор облыстары басшылары арасында да Жайықтың экожүйесін жақсарту жөнінде келісімге қол жеткізілді. «Таза жағалау» шарасы ЭКСПО-2017 көрмесі аясында ұйымдастырылып отыр, оның мақсаты - қоршаған ортаны қорғау.
Сондай-ақ Орал қаласы әкімінің орынбасары Марс Сатыбалдиев, «ҚазИИТУ» ғылым-білім кешенінің президенті, облыстық мәслихаттың депутаты Ақсерік Әйтімов, «Арман қала» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, «Заман» облыстық өндірушілер қауымдастығының директоры Айгүл Түркина мұндай шаралардың маңызы зор екендігін жеткізді.
www.inform.kz