Бұл туралы бүгінгі “болашақ энергиясы: шығарылатын СО2 мөлшерін азайту” халықаралық форумының қорытынды басқосуы барысында мәлім болды деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
“Болашақ энергиясы” халықаралық форумы - ЭКСПО көрмесіне арналған алғашқы шаралардың бірі. Ұйымдастырушылардың айтуынша 2017 жылға дейін тағы осы іспетті екі халықаралық форум өткізуді жоспарлап отыр.
-Келер жылы форумды күзде өткізуді жоспарлап отырмыз. Онда энергия тұтыну жұмысын тиімді жүргізу мәселесіне арналса, 2016 жылғы тақырып энергияға жалпыға бірдей қол жеткізу жайына арналмақ,-дейді «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ компаниясы басқарма төрағасы Талғат Ермегияев.
-Бүгінде көміртегі қалдықтарын азайтудың барлық жолдарын қарастыру керек. Инновациялық сипаты бар саяси шешімдер, сан алуан экономикалық тетіктер, сондай-ақ жаңа технологиялар мен инвестициялар - бұгыцң барлығын тиімді пайдалан білу керек. Осы саладағы жағңалықтарды бүгінгі ғылым мен прогрестің соңғы жетістіктерін көрсетудің арқасында біз ол мәселені шешеміз,-деді басқарма төрағасы.
Форум барысында стратегиялық маңызы бар тақырыптар бойынша халықаралық диалогқа жол ашылады дейді Т. Ермегияев. Осының арқасында көрменің бас тақырыбы - “Болашақ энергиясы” және парниктік газдардың көлемін азайту, энергия тұтыну жағынанр тиімді технологияларды енгізу сияқты бөлімдері бойынша ғылыми жобалар қолға алынатындығын да атап өтті.
Ая ӨМІРТАЙ
ФОТО: Ғабит МАДАЛИЕВ
дерек көзі: baq.kz
Leave a Reply