Кері байланыс
- 100% +
Қәріп өлшемі

ИИДМБ: «КСС Астана» ЖШС энергияны үнемдейтін шыны пакеттерін өндіреді

strategy2050.kz

«КСС Астана»ЖШС шыны өңдейтын зауыт ИИДМБ аясында іске қосылды, күні бүгінге дейін 100,1 млн теңгенің өнімін өндірді.

Зауыт Үкіметтің энергияны үнемдеу және қауіпсіз құрылыс материалдарын пайдалану бағдарламасындағы техникалық регламентті орындау аясында салынды және қыс мезгілінде ғимараттағы жылуды сақтап қалуға мүмкіндік беретін энергияны үнемдейтін шыны пакеттерін шығарады.

«Біздің кәсіпорын 1 жылдан сәл көп уақыт жұмыс істеп келеді. Ол 2014 жылы мамыр айында ашылды. Бүгінде зауыттың өндіріс қуаттылығы айына 15-20 мың шаршы метр шыныны өндіруге жетеді, бұл шамамен жылына 300-400 мың шаршы метр болып табылады. Біздің зауытмызда энергияны үнемдейтін шыны пакеттері мен өнімдерді өндіретін барлық құрал-жабдықтардың түрлері бар», - деді «КСС-Астана» ЖШС директоры Әнуар Алдамұратов арнайы баспасөз туры барысында.

Зауыт Lisek (Австрия), Biesse S.p.A (Италия), Bistronic (Германия), Финляндияның әлемдік өндірушілерінің өндірісті автоматтандырылған басқару жүйесімен қамтылған ең заманауи технологиясымен жабдықталған.

«Қазақстанның шыныны қайта өңдеу бойынша барлық зауыттарына шикізат Ресейден келеді. Біздің зауытымыздың ерекшелігі құрал-жабдықтары мен мамандарының біліктілігінде. Қазақстанда адамдарды шыны өндірісіне оқытатын оқу орны жоқ. Біз адамдарымызды 2 ай бойы өзіміз оқытамыз, содан кейін аттестациялаудан өткіземіз, содан соң олар оператор болады», - деп атап өтті ол.

Зауытта 90-ға жуық адам жұмыс істейді. Директордың айтуынша, олар үшін жұмыс істеу барысында барлық жағдайлар жасалған және әлеуметік қолдауда көрсетіліп келеді.

«Зауыт қызметкерлеріне тамақтану, үйлеріне жеткізу, денсаулығы мен өмірін сақтандыру, жеке қорғаныс құралдары: каска, қорғаныс көзілдірігі, арнайы аяқ киім, комбинезон қарастырылған. Зауыттағы жұмысшылардың орташа жалақысы шамамен 120-130 мың теңге», - деді Ә.Алдамұратов.

 Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*


You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>


Распечатать