24.kz
2030 жылға дейін Қазақстан ауаға таралатын зиянды қалдықтардың көлемін 15%-ға азайтпақ.
Бұл туралы бүгін Назарбаев Университеті президентінің инновациялар жөнінде орынбасары Қанат Байғарин мәлімдеді. Сондай-ақ 9 желтоқсанда «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы мен Назарбаев университеті бірлесіп, Парижде «Болашақ энергиясы» халықаралық форумын ұйымдастырады. Шараның басты мақсаты – 2017 жылы Астанада өтетін көрмеге халықаралық компанияларды тарту, энергетика және даму саласындағы әлемдегі озық тәжірибелерді меңгеріп, оны күнделікті өмірде пайдалануға күш салу. Бұл жолғы форумда әлемдік климаттың өзгеруі де сөз болмақ.
Қанат Байғарин, Назарбаев Университеті президентінің инновация жөніндегі орынбасары:
- Ауаға тарайтын зиянды қалдықтарды азайту туралы бүгінде 160 ел өз еркімен келісіп отыр. Ол тізімде Қазақстан да бар. 2030 жылға дейін біз зиянды қалдықтарды 15%-ға азайтуды көздеп отырмыз. Егер тиісті инвестиция тартып, тиімді жұмыс атқарар болсақ, бұл көрсеткішті тіпті 25%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік бар.
Leave a Reply