Кері байланыс
- 100% +
Қәріп өлшемі

Экологиялық жобалар жүзеге асырылмақ

egemen.kz

Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Дүниежүзілік банк өкілімен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Бақытжан Сағынтаев пен Дүние­жүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңір­лік директоры Сарож Кумар Джа Қа­зақстандағы экологиялық және су жоба­ларын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Қазіргі уақытта Дүниежүзілік банк­тің қоса қаржыландыруымен өңір тұр­ғындарының денсаулығын жақсартуға бағытталған бірден-бір экологиялық жоба болып табылатын Өскеменнің қоршаған ортасын қалпына келтіру жөніндегі жоба жүзеге асырылуда.

Оның сыртында Дүниежүзілік банк қаржысын тарту арқылы ирригациялық және дренажды жүйелерді жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жобаның мақсаты Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында жалпы көлемі 113 мың гектар болатын Сырдария, Талас, Шу және Іле трансшекаралық бассейндерінің республикалық меншіктегі тозған ирригациялық және дренаж жүйелерін қайта құрылымдау жолымен суармалы жерлердің сумен қамтамасыз етілуін және мелиоративтік жағдайын жақсарту болып табылады.

Кездесуге қатысушылар экологиялық жобаларды жүзеге асырудың Қазақстан үшін де, сондай-ақ, Орталық Азия өңірі үшін де маңызды екендігін атап көрсетіп, стратегиялық ынтымақтастықтың одан әрі жалғасатынына сенім білдірді.

 Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*


You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>


Распечатать