strategy2050.kz
Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Аршалы ауданына барған сапарында Арнасай ауылында «Жасыл» технологиялар мен тәжірибелердің халықтық академиясы» оқу орталығының жұмысымен танысты.
««Жасыл» технологиялар мен тәжірибелердің халықтық академиясы» оқу орталығы осы жылдың қыркүйегінде ашылды. Оның негізгі мақсаты «жасыл» экономика мен технологиялар бойынша жүйелік білім алу.
Жаңа орталық алаңы 1050 шаршы метрді құрайды. Ол оқу сыныбын, 30 орындық қонақ үй, асхана, фитодиодті жылыжай мен күн биовегетарийді қамтиды. Орталық 15 «жасыл» инновациямен: жылу беру, күн батарейлері мен коллекторлар, энергия тиімді сорғы.
Бұл жерде тиімді және ұзақмерзімді күн коллекторлары орналасты, ол ыстық су мен бу береді.
Орталыққа келуші әрбір адам білікті консультация алып, «жасыл» технологияларды қолданудағы тәжірибелік көмекке ие болады.
Дереккөз: “24KZ” Телеарнасы
Дереккөз: “24KZ” Телеарнасы
Дереккөз: “24KZ” Телеарнасы
24.kz
Талдықорғанда ерекше жылыжай бой көтерді.
Оның өзгелерден артықшылығы, жылуды қалыпты ұстап, күн сәулесін қажетті мөлшерде қабылдай алады. Кешен Жетісу мемлекеттік университетінің студенттер үйі жанында бос жатқан алаңқайға салынды. Оны облыс әкімінің жастар арасындағы инновациялық жобалар байқауының 8 млн теңге грантын жеңіп алған жас ғылыми қызметкерлер тұрғызған.
Көлемі 300 шаршы метр болатын заманауи жылыжай бір қарағанда жертөлеге ұқсайды. Онда өсімдіктер тамшылатып суарылады. Ал гидропоникалық және аэропоникалық әдістермен өсірілген өсімдіктер минералдарды судың булануы арқылы алады. «Бұл ғылыми ізденістің нәтижесі», - дейді жоба авторлары. Алғаш рет өнім берген қияр, қызанақ, пияз сияқты көкөністер сапалы әрі экологиялық жағынан таза болып шықты. Нақты іске айналған инновациялық жоба енді жетісулық диқандарға таратылып, аз жерден көп өнім алуға болатын дәлелдемек.
Нұртас Шаяхметов, ғылыми қызметкер:
- Қиярдың бірінші өнімдері алынды. Басқа өсімдіктер де бір жарым айдың ішінде гүлдеп, жеміс беріп жатыр. Тез өседі және жақсы өнім береді.
inform.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парижде 196 елдің өкілдері БҰҰ- ның климат жөніндегі жаңа шекті келісімін қабылдады. Құжатқа сәйкес мемлекеттер 2022 жылға дейін жаһандық жылумен күрестегі ұлттық мақсаттарын айқындауы тиіс. Ал 2023 жылы алғашқы жалпы қорытынды сараланады.
Ұлттық іс-шаралардың басты мақсаты - Жер бетіндегі ауа температурасының көтерілуін индустрияландыруға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 2 градустан аспайтын деңгейде ұстап тұру.
Айта кетер жайт, елдер температураның өсуін 1,5 градусқа дейін тежеуге тырысатындықтарын мәлімдеді.
24.kz
Astana Pro Team велокомандасының шабандоздары Винченцо Нибали мен Фабио Ару Astana EXPO-2017 көрмесінің елшілері атанды.
Команданың топ-менеджері Александр Винокуров пен ұлттық компания басшысы Ахметжан Есімов бүгін осындай меморандумға қол қойды. Спортшылар жаңа маусымда халықаралық көрменің логотипі салынған киім үлгісімен шығады. Шабандоздар алда Австралия мен Аргентинада өтетін жарыстарға қатыспақ. Топ құрамында 30 спортшы бар. Есімовтың айтуынша, мұндай жарнаманың арқасында көрмеге келушілер саны біршама артады. Өйткені велоспорт халық арасында өте танымал спорт түрі. Сондай-ақ бүгін шабандоздар EXPO көрмесіне орай салынып жатқан ғимараттардың макеттерімен де танысты.
Ахметжан Есімов, «Астана EXPO-2017» ҰК басқарма төрағасы:
- Біз халықаралық көрменің имиджін көтеру үшін қарқынды жұмыс атқарып жатырмыз. Бүгінгі таңда 55 ел мен 13 халықаралық ұйым өзінің шараға қатысатынын қуаттады. Барлығы 100 мемлекет келеді деген сенімдеміз. Қазір көрме құрылысы белсенді жүріп жатыр.
Александр Винокуров, Astana Pro Team велокомандасының бас менеджері:
- Бұл біз үшін үлкен жауапкершілік. Astana Pro Team командасының мүшелері EXPO логотипімен жарысқа шығатынына өте қуанышты. Бұл белгі тек біздің киімде ғана емес, автобус пен жеңіл автокөліктерімізге де салынады.
inform.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парижде «Климаттың өзгеруімен күрес және болашақ энергиясы» атты тақырыпта «Болашақ энергиясы-2015» форумы өтті. Шараны «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы Назарбаев Университетімен бірлесіп ұйымдастырды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарланды.
Бұл шара «ЭКСПО-2017» көрмесі аясындағы халықаралық конференциялар сериясының екінші форумы болып табылады. Жиын барысында негізгі баяндаманы Халықаралық көрме бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталес жасаған болатын. «Астана ЭКСПО-2017» форумы аясында таңдалған «Болашақ энергиясы» тақырыбы барлық энергетикалық мәселелер бойынша білім беру, инновациялық даму және ынтымақтастыққа айтарлықтай әсер етпек, - деп атап өтті Бас хатшы.
Ал ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник Париждегі «Болашақ энергиясы» форумын аша отырып, қазіргі күні энергетикаға әлемдік катынасты талқылау үшін ең маңызды кезең болып отырғанын атап өтті.
«Біз даму процесінде энергетиканың қаншалықты маңызды рөл атқаратынын сезінеміз. Алайда, қазба байлықтарды игеру барысында пайда болатын көмірқышқыл газы шығарындыларының Жер климатының өзгерістеріне әкеліп отырғаны анық. Бұл әлемдегі жүздеген миллион адамның қауіпсіздігін қатерге тігіп, жергілікті, ұлттық және жаһандық тұрақтылықтың маңызды өзегіне сызат түсіреді», - деп атап өтті министр.
В.Школьник бұдан бөлек, Қазақстанның Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне «Болашақ энергиясы» тақырыбын таңдап алғанын, осы арқылы еліміз жаһандық энергетикалық проблеманың шешімін табуға әлемдік қауымдастықтың күш-жігерін біріктіруді мақсат еткенін атап өтті.
Айта кетейік, БҰҰ Климаттық конференциясы (COP21) күндері аясында өткен форумға энергетика саласындағы белгілі сарапшылар, саясаткерлер, трансұлттық компаниялар мен кәсіпорындар басшылары, ірі халықаралық ұйым өкілдері, Нобель сыйлығының иегерлері, көрнекті ғалымдар мен экономистер қатысты. Олар алқалы жиын барысында орнықты энергетика саласындағы соңғы жаңалықтармен танысып, ақпараттармен алмасты.
strategy2050.kz
ҚР Президентінің бастамаларының арқасында Қазақстанның өзара байланысты үш жаһандық бастамаларының алаңына айналды – «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы, ЭКСПО-2017 көрмесі мен G-Global алаңы.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – қоғамның болашақ даму бағытын, тенденциялар мен әлеуетті жолдарды алдын ала болжай алатын санаулы көшбасшылардың бірі.
«Мемлекетіміздің жаңа даму нүктесін жасақталған «Жасыл экономика» тұжырымдамасына көшу анықтайды. Оны жүзеге асырудағы катализатордың бірі Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу болмақ. Оны жүзеге асырғаннан кейін біз оны Қазақстанның барлық аймақтарына технологиялар трансфертінің орталығына айналады деген үміттеміз. Біз ең үздік технологияларды тартуға тырысамыз», - деді Мемлекет басшысы.
ЭКСПО-2017-ге қосқан үлесі
«Біз бастамашылар ретінде өзіміздің жетістіктерімізді көрсете білуіміз керек. Бізде жерасты энергиясын пайдалануда тәжірибеміз бар, себебі жер ортасына жақын болған сайын ыстық болады. Сіздер шахтаға тереңдікке түстіңіздер ме? Ол жақта ауарайы әрқашан 45 градус. Осы айырмашылықтың өзін пайдалана отырып энергияны өндіруге болады. Шығыс Қазақстан университеті сәйкесінше құрылғыны ойлап тапты. Қарағандының осындай тәжірибесі бар», - деді Н.Назарбаев.
Президент сендіргендей, одан табысқа Қазақстан сәл кешірек кенеледі. Алайда осы күннен бастап барлық жоғарғы оқу орындарындағы ғалымдар «жасыл экономика» саласында жұмыстар жүргізіп, өз жетістіктерімен бөлісуі тиіс.
«Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасына қосқан үлесі
«Еуропа үшін қоршаған орта» қоршаған ортаны қорғау министрлерінің VII конференциясында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Бүгін біз конференцияда «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын қарап шығуды ұсынамыз. Ол жасыл экономикаға көшуде аймақтық механизмдердің бірі болады», - деген болатын. – Біздің бастамамыз Еуропа, Азия, Тынық мұхит елдері арасындағы серіктестікті нығайтуға мүмкіндік береді және аймақтық басымдыққа ие бағдарламаға айналады», - деді Елбасы.
strategy2050.kz
2015 жылғы 30 қараша — 4 желтоқсан аралығында Венада БҰҮ Өнеркәсіптік даму ұйымы (ЮНИДО) Бас конференциясының 16-шы сессиясы өтті. ҚР СІМ хабарлағандай, сессия жұмысына өнеркәсіп, сауда және сыртқы істер министрлері, халықаралық ұйымдар басшылары, Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдер және экономикалық сарапшылар қатысты.
Мүше-мемлекеттер 2013 жылы өткен соңғы Бас конференция барысында қабылданған және 2030 жылға дейін даму күн тәртібінің №9 Орнықты даму мақсатының негізін құраған Инклюзивті және орнықты даму бойынша Лима декларациясының іске асыруына жоғары баға берді. Инклюзивті және орнықты индустриалды даму бойынша форум барысында сарапшылар қауымы инклюзивті және орнықты индустриалды даму қағидаттары 2030 жылға дейінгі күн тәртібінің мақсаттарына қол жеткізудің маңызды элементтері болады деген пікір айтты.
Өзінің Бас конференция қатысушыларына араналған үндеуінде Қазақстан делегациясы Лима декларациясын іске асыру жөніндегі ЮНИДО басшысының есебін жағымды бағалап, Қазақстанның инклюзивті және орнықты индустриалды дамуға қосатын үлесі туралы ақпараттандырды, соның ішінде «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты, «ЭКСПО-2017», KazAid дамуға ресми көмек агенттігін және Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымын құру жоспарлары, «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы және т.б. аталды.
Бас конференция шегінде ағымдағы ынтымақтастық жағдайын талқылау мақсатында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов және ЮНИДО Бас директоры Ли Юнның кездесуі орын алды. Бас конференцияның Қазақстан үшін нақты нәтижесі Қазақстан Республикасының үкіметі мен ЮНИДО арасындағы өнеркәсіптік даму қорына нысаналы жарналар туралы әкімшілік келісімге қол қою болды. Әкімшілік келісімге Қазақстан Үкіметі және ЮНИДО арасындағы ынтымақтастық туралы бірлескен декларация негізінде Қазақстан Республикасын индустриялық дамыту жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көзделген Қазақстан Үкіметінің экономиканы индустрияландыру жөніндегі күш-жігеріне жәрдемдесу үшін ЮНИДО сараптамалық білімдерін тарту мақсатында қол қойылды.
Сонымен бірге, Бас конференция шеңберінде Тұрақты Өкілдік және «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы «ЭКСПО-2017» көрмесін барынша насихаттау акциясын өткізді. БҰҰ Венадаға бөлімшесінің орталық холлы Ротундада «ЭКСПО-2017»-ге арналған көрме ұйымдастырылды. Оны бес мыңға жуық адам тамашалауға мүмкіндігі болды. Оның үстіне сарапшылар қауымы «Орнықты индустриализация және бірлесіп өркендеу үшін инновациялық хабардың рөлі» атты сайд-ивент барысында халықаралық көрменің орнықты энергетика дамуындағы рөлін талқылады.