Дереккөз: www.24.kz
«Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ мен «Қазпочта» АҚ арасындағы ынтымақтастық шеңберінде биылғы жылдың 2 қарашасынан бастап Ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне билеттер сату басталады. Бүгіннен бастап ЭКСПО-2017 көрмесіне билетті – «Қазпочтаның» 30 пошта бөлімшесінен (әрбір облыстық филиалдағы екі бөлімшеден), ал биылғы жылдың 1 желтоқсанынан бастап барлық автоматтандырылған бөлімшелерінен сатып алуға болады. Билеттерді сату көрменің соңғы жұмыс күні – 2017 жылдың 10 қыркүйегіне дейін жүзеге асырылатын болады. Пошта бөлімшелерінің операторлары электрондық билеттерді ЭКСПО-2017 көрмесіне билеттер сату бойынша ресми tickets.expo2017astana.com арқылы рәсімдейтін болады. Клиенттер күні белгіленген билеттерді жұмыс күндеріне 4000 теңгеге және демалыс күндеріне 6000 теңгеге ала алады. Ал күні белгіленбеген билеттерді жұмыс күніне 6000 теңгеге және демалыс күндеріне 8000 теңгеге ала алады. Билеттерді сату қолма-қол ақшамен де, төлем карточкаларымен де жүзеге асырылады.
Leave a Reply