Кері байланыс
- 100% +
Қәріп өлшемі

ШҚО-да электр энергиясымен жабдықтау жобасы іске қосылды

Дереккөз: lenta.inform.kz

АСТАНА. ҚазАқпарат - Индустрияландыру күні аясында Екібастұз - Шүлбі су электр стансасы - Өскемен қуат жеткізу желісінің Шығыс Қазақстандағы жаңа бөлігі іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, KEGOC Компаниясы «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында 500 кВ-тық Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік электр энергиясын тасымалдау транзитының құрылысын жүргізуде. Осы жобаның бірінші кезеңі 700 шақырым Екібастұз-Семей-Өскемен электр желілері мен 500 кВ-тық Семей қосалқы станциясы және де үш қосалқы станцияларын кеңейту жұмыстары мерзімінен бір жыл бұрын, еліміздің 25 жылдық тәуелсіздігіне орай аяқталды. Жоба Шығыс Қазақстан облысын электр энергиясымен жабдықтау сенімділігіне, өңірдің экономикасының дамуына және жалпы Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін арттыруға ықпал етеді.

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Осы жобаның 1 кезеңін іске қосуға рұқсат етіңіз!» - деді «KEGOC» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев.

Өз кезегінде телекөпір барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл жобаны іске қосуға рұқсат берді.

Баянауылға келетін туристерге ерекше қызмет түрлері ұсынылмақ

Дереккөз: lenta.inform.kz

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы жаз мезгілінде «ЕХPO» халықаралық көрмесі қарсаңында Баянауылға келетін туристерге Алакөл мен Бурабайда көрсетілмеген қызмет түрлері ұсынылмақ, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Әзілхан Әбілов мәлім етті. «Баянауылдың тамаша табиғатына саяхаттап келушілер таңданып қайту үшін ең алдымен автожолымыз жатық, көшеміз жап-жарық болуы шарт, - дейді ол. - Барлық кемшілік жойылады. Аудан аумағындағы Жасыбай, Торайғыр және Сабындыкөл сынды демалыс аймақтарының арасын жалғайтын тақтайдай тас жол салынбақ. Бұл жолдардың енінің кеңдігі сегіз метр болады деп күтілуде. Алты метрі автокөлікке арналса, екі метрі велотурға бағытталған. Сонымен қоса, атпен жүретін арнайы жол тағы жасалады. Жалпы, Баянауыл - Павлодар облысының ең маңызды туристік орталығы. Сондықтан біз бұл жердегі мүмкіндіктердің барлығын тиімді пайдалануымыз керек. Бір сөзбен айтқанда, Алакөлде және Бурабайда көрсетілмейтін қызмет түрлері ұсынылатын болады. Яғни, ұшақпен су бетіне қону, парашютпен секіру және батпырауық ұшыру секілді қызықты бағдарламалар ұйымдастырылады. Бұл қызметтердің барлығын жергілікті кәсіпкерлер көрсетуі тиіс».

Аудан әкімі орынбасарының сөзіне сүйенсек, «ЕХРО» көрмесі арқылы ауданның әлеуметтік ахуалын көтеруі қажет. Атап айтқанда, аудан орталығына орталықтандырылған ауыз су құбыры тартылып, көшелері жүз пайыз жөнделеді және қосымша жарық шамдар тартылады. Сонымен қатар, ауданға кіре беріске өңіріміздің тарихы мен мәдениетін мансұқтайтын билбордтар мен қай жерден қандай демалыс орындары бар екенін көрсететін карталар ілінеді.

Қазір Сабындыкөлдің жағасына үлкен қонақүй кешенін салатын инвестор іздестірілуде. Жобаның құны - 500 млн. теңге. Бұдан басқа, қазіргі таңда Астана, Қарағанды және Павлодар қалаларына қатынайтын ұшақтар қонатын аэродром салатын орын қарастырылуда. Құрылыстың жобалық сметалық құжаттарын әзірлеу үшін облыстық бюджеттен 10 млн. теңге бөлінген. Жазда шетелден және еліміздің басқа өңірлерінен келген қонақтарды тасымалдау үшін «ҚТЖ-Экспресс» біріккен АҚ 19 орындық шағын ұшақтар ұшыруды жоспарлап отыр.

Жасыл экономиканың жаңа технологиялары

Дереккөз: expo2017astana.com

1. Технологиялар

Көрменің «Болашақтың энергиясы» деп белгіленген тақырыбымен сәйкестікте, құрылыстарды салуда және іс-шараларды өткізуде ең соңғы технологиялар қолданылатын болады. Атап айтқанда, ақылды технологиялар, жаңартылмалы энергетика, құрылыста ең соңғы шыққан материалдарды қолдану, сондай-ақ Көрме нысандарын пайдалануға орнықты әрі тиімді тәсіл.

2. Көрме нысандарын энергиялық тиімді және ақылды пайдалану

Ғимараттардың энергия тұтынуын оңтайландыру үшін, Ұйымдастырушылар, жайлылығын ұсынуда зиян көрместен, энергияны пайдаланудың максимал қысқартылуын қамтамасыз етуге арналған бірқатар инновацияларды пайдаланатын ғимараттарды энергетикалық есептеу саласында жаңа технологияларды пайдаланатын болады. Мысалы, адамдар санын есептеуде әртүрлі сенсорларды қолдану және жарықтандыруды бөлу, бұл энергия пайдалануды қысқартуға мүмкіндік береді.

Электр желілеріне түсетін жоғары жүктемелерді төмендету және деңгейлестіру үшін, сондай-ақ Көрменің және қаланың инфрақұрылымына жаңартылмалы энергия көздерін кіріктіру үшін Смарт Грид (Smart Grid) технологиясы қолданылатын болады. Аталған технология автоматты режимде жүктемелерді бөлу бойынша шешімдерді қабылдау үшін, шынайы уақыт режимінде барлық ірі нысандардың энергия тұтынуын қадағалауға мүмкіндік береді.

Көрме кешенінің аумағы бойынша автомобильдердің қойылатын орны мен адам трафигін оңтайландыруға арналған жаңа технологиялар пайдаланылатын болады. Бұл жүйелер Көрменің келіп қараушылары мен Ресми қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйелермен тікелей байланысты, бұл төтенше жағдайлардың жедел алдын алуға және шешуге мүмкіндік береді.

Қауіпсіздік және энергия тұтынуды оңтайландыру жүйелерінен басқа, толықтырылған шынайылық, ең жаңа байланыстар жүйелері және интерактивті құлақтандыру жүйелері әзірленетін болады. Мобильді қосымшалардың көмегімен, аталған технологиялар келушілердің уақытты тиімді өткізуін және олардың Көрменің Ресми қатысушыларымен және ұйымдастырушыларымен қолайлы өзара әрекеттестікте болуын қамтамасыз етеді.

3. Телекоммуникациялық сервистер

Көрменің мобильді сервистеріне кірудің қолайлы болуы үшін, Көрме кешенінің бүкіл аумағында WiFi ашық желісі жұмыс істейтін болады.

Ресми қатысушылардың ыңғайлы жұмыс істеуі үшін, бөлінген байланыс арналары (бұдан әрі – «VPN») ұсынылатын болады. Деректерді беру арналарының қауіпсіздігі үшін, VPN туннельдерін ұйымдастыру нүкте-нүкте әдісімен ұйымдастырылмақ. Сәйкестендіру және кіру үшін, мамандандырылған бақылау және кіруді басқару серверлері қолданылатын болады.

Көрме аумағында телекоммуникациялық сервистерді ұсыну үшін, байланыс операторы конкурстық негізде таңдалып алынады. Бұған қоса, Көрме кешенінің аумағы мобильді байланыстың ұлттық операторларымен қамтылатын болады.

4. Деректерді өңдеу орталығы

Көрме кешенінің аумағында ең соңғы технологияларды қолданумен құрылған Деректерді өңдеу орталығы (бұдан әрі – «ДӨО») құрылатын болады. ДӨО қуаты Ұйымдастырушының сервистік жұмыстары үшін ғана емес, сол сияқты Ресми қатысушылардың сервистерін өрістетуіне мүмкіндік беру үшін де есептелген.

Деректерді хакерлердің шабуылынан, қауіпсіздік периметрі ішіне дендеп енуден және вирустық қауіптен қорғау ең соңғы бағдарламалық және аппараттық құралдардың көмегімен қамтамасыз етілетін болады.

5. Жаңартылмалы энергия көздері

Күн энергиясы. Күн энергиясы Жердегі негізгі тіршілік көзі болып табылады. Көрме аумағында күн энергиясы электр энергиясы мен жылуды түрлендіру үшін – белсенді түрде, сол сияқты күндізгі жарықтың барынша енуін, сондай-ақ жылыту және кондициялау жүйелеріне түсетін жүктемелердің төмендетілуін қамтамасыз ету үшін, жобалау және салу кезеңінде Күннің табиғи әрекетін ескере отырып – пассивті де пайдаланылатын болады.

Сондай-ақ көрсетпелік мақсаттарда қазақстандық өндірістің фотоэлектрлік панельдері де қолданылатын болады. Аталған технологияны Өнер орталығының оңтүстік қасбетіне кіріктіру жоспарлануда. Жалпы архитектуралық тұжырымдармен сәйкестікте, нысанда Көрменің ойластырылған футуристік дизайнын бұзбастан, электр энергиясын өндіруге мүмкіндік беретін технологиялар қолданылатын болады.

Жел энергиясы. Көрме нысандарын жел энергиясынан электрмен жабдықтау шусыз жел генераторларымен ұсынылатын болады, оларды орнату қала шегінде іске асатын амал және желдің бағыты мен құбылуларына тәуелді емес.

Сфераның жоғарғы бөлігінде 2 жел генераторы қарастырылатын болады, олар желідегі электр энергиясының төмендетіле тұтынылуын қамтамасыз етеді. Қосымша жел қондырғыларын ЭКСПО-Парк аумағында орналастыру жоспарлануда.

Жер энергиясы. Көрме нысандарына арналған жылыту жүктемелерін алмастыру үшін, геотермалды энергияны пайдалану жоспарлануда. Астанада Көрме аумағында ыстық жерасты суларының қорлары жоқ болғандықтан, жылуды жер қойнауынан жылу сорғыларының көмегімен алу қолданылатын болады, бұл бүгінгі күні тиімді энегияүнемдеуші, экологиялық таза жылыту және кондициялау жүйесі болып табылады. Жасыл ғимараттарды сертификаттау талаптарына сәйкес келуі үшін, қазіргі заманғы әлемдік стандарттарға жауап беретін және планетаның озон қабатына залалын тигізбейтін хладагенттер пайдаланылатын болады.

6. Ақылды көлік қою жүйесі

Көрме кешеніндегі барлық көлік қою орындары ең жаңа технологияларды пайдаланумен автоматтандырылатын болады. Көрме аумағына кіретін көлік құралдарын сәйкестендірудің сан алуан әдістері қолданылатын болады, бұл кіру уақытын қысқартуға және төлеу шарасын оңайлатуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ WEB-қосымшаның көмегімен көлік қоятын орынды броньдау мүмкіндігі берілетін болады.

7 желтоқсанда Қашаған жобасы ресми ашылады

Дереккөз: lenta.inform.kz

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі 7 желтоқсанда Атырау қаласында Қашаған жобасының ресми ашылуы өтетінін хабарлады.

Еске салсақ, Қашаған - Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы алғашқы теңіз мұнай-газ кен орны, сондай-ақ елдегі ірі халықаралық инвестициялық жоба.

Алматы хайуанаттар бағының су объектілеріне әсер етуін алдын ала бағалау

Дереккөз: group-global.org

WZCS-тің санағы бойынша, әлемде 10000-ға жуық хайуанаттар бағы бар, оның 1200-і алдыңғы қатарлы хайуанаттар бағтары, оларда омыртқалылардың 30000-дай түрі бар және оларға 619000000 рет барады («Алдыңғы қатарлы» хайуанаттар бағы деп - танылған федерациялар бөлігіне кіретін немесе кіруге әулеті бар).

мақаланы жүктеу

ЭКСПО-ға қатысқан тұңғыш қазақ туралы спектакль қойылады

Дереккөз: lenta.inform.kz

АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 желтоқсан күні Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайының сахнасында «Әміре» драмасының премьерасы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорданың Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына сілтеме жасап.

Көрермен назарына кезекті жаңа премьераны Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының ұжымы ұсынады. Қойылым Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өтеді.

1925 жылы Парижде өткен Дүниежүзілік «ЭКСПО» көрмесіне қатысқан тұңғыш қазақтың тағдырына арналған туындының табиғатында тобыр мен тұлғаның, өмір мен өнердің, аманат пен қиянат ұғымдарының қақтығысы көрініс алады. Кейіс дүниеден береке таппаған Әміренің - Ән-Әміреге айналып, өнер көгінен үн қатқаны баяндалады.

Спектакльдің бас кейіпкері «Әміре» бейнесін театр артистері Қасымхан Бұғыбай мен Асылбек Қапаевтар сомдайды.

Пьеса авторы - жазушы, драматург Рахымжан Отарбаев. Спектакльдің қоюшы режиссері - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, режиссер - Нұрлан Жұманиязов. Спектакльдің бас суретшісі - Берік Бурбаев. Хормейстері - ҚР еңбек сіңірген қайраткері - Амантай Жұмашев.

Бұл драматург Р.Отарбаев пен режиссер Н. Жұманиязовтың Қаллеки сахнасындағы бірлескен екінші жұмыстары болмақ. Бұған дейін «Нашақорлар жайлы новелла» пьесасының желісі бойынша «Көлеңкесіз жолаушы» атты драманы дүниеге әкеліп, бүгінгі таңға дейін көрерменнің сүйікті қойылымдарына айналған еді.

Павлодар қаласының ауа бассейінінің өндіріс кәсіпорындары және автокөлікпен ластануы

Дереккөз:group-global.org

Атмосфераның ластануы Қазақстан Республикасында осы күнге дейін өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Атмосфераға зиянды заттардың шығарындылары тұрақты көздерден шамамен жылына 2,5 млн. тонна, көлік шығарындылары 1 млн. тоннадан асады. Атмосфераны ластаушы үш негізгі жолы бар: өнеркәсіп, тұрмыстық ошақтар, автокөлік. Ауаны ластануышы бұл көздердің үлесі орналасу жеріне байланысты болады. Қазіргі уақытта жалпы анықтау бойынша аса көп мөлшерде өнеркәсіп өндірісі ластайтыны анықталған. Ластаушы көздер – ауаға түтінмен күкіртті және көмірқышқыл газын шығаратын жылуэлектстанциялары; металлургия кәсіпорындары, әсіресе атмосфераға азот оксиды, хлор, фтор, күкіртті сутек, аммиак, фосфор қосылыстарын, сынап және мышьяк қосылыстары және бөлшектерін шығаратын түсті металлургия; химия және цемент зауыттары. Зиянды газдар ауаға кәсіпорындардың мұқтажы үшін отынды жағу, автокөлік жүмысы, тұрғын үйлерді жылыту, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жағу және қайта өңдеу нәтижесінде түседі. [1,15-28б]

Қазақстан Республикасыны ерекше экологиялық қолайсыз өңірлерінің бірі Павлодар облысы.Павлодар- индустриялық дамыған, көп салалы өнеркәсіптік орталық.Ол – электр және жылу өндірісіне, сазды топыраққа, мұнай өңдеу өнімдеріне, машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібіне бағытталған өзіндік көп салалы кешені бар қала. Өндіріс көлемінің 70% құрайтын өңірдегі негізгі сала – металлургиялық өнеркәсіп және металл өндеу. [2,VisitKazakhstan.kz]

Индустрияландыру жылдарында Павлодар облысы аумағында шамамен алты миллиард тонна өнеркәсіптік қалдықтар жинақталды. Олармен ластану деңгейі бойынша Павлодар өңірі республикада үшінші орынды алады. Жыл сайын 100-ден астам миллион тонна қалдықтар пайда болады. Осыған тұрмыстық қалдықтарды қоссақ, ал олар бүгінгі таңда облыста 4,5 миллион тонна және жыл сайын оған шамамен 640 мың тонна қоқыс қосылады. Бұл тек көзге көрінетін қалдықтар. Ал қанша улы қалдықтар жер астында жатыр. Мысалы жылдар бойы жиналып, электролиз цехынан шыққан 900 тонна сынап. Сынаптың Ертіс өзеніне ағып кетуіне кедергі болатын балшықты қабырға салынды. Бірақ бұл қаншалықты тиімді екені беймәлім. Егер атмосфераның өнеркәсіптік кәсіпорындармен ластануын айтатын болсақ, жыл сайын Павлодар облысында 600 000 тонна денсаулыққа зиянды қалдықтар түседі. Бұл Республика шығарындыларының 4/1 бөлігі. Соңғы 10 жылда зиянды қалдықтардың көлемі аймақта 46% өсті. Қаладағы атмосфераның шамадан тыс ластануының негізгі себептері өнеркәсіптің ескірген технологияларын, тиімсіз тазарту құралдары, төмен сапалы отынды пайдалану, жылудың жаңартылған қайнар және балама көзін нашар қолдану. Автокөлік санынының күрт өсуі Павлодар қаласында көмірсутек оксиды мен азот диоксидының концентрацияларының өсуіне алып келеді. [3, 22-26]

мақаланы жүктеу


Распечатать