Кері байланыс
- 100% +
Қәріп өлшемі

«ЭКСПО-2017 – мемлекет имиджін ілгерілету үшін тиімді алаң» - Эрлан Абдылдаев

Дереккөз: expo2017astana.com

17 қазан 2016 жыл, Астана қ.

Бүгін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ұйымдастырушылар кеңсесінде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Қырғызстан Республикасы Сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаевпен кездесіп, Қырғыз елінің алдағы көрмеге қатысуындағы техникалық мәселелер талқыланды. Кездесу мақсаты – ЭКСПО-2017 дайындық барысы жөніндегі тиімді ынтымақтастықты дамыту болды.

Қырғызстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өз сөзінде ЭКСПО-2017 мемлекет үшін маңыздылығы аталып өтті.

«Көрменің тақырыптық бағыты экономиканың маңызды бағытын дамытумен сәйкес. Сондықтан бұл мемлекеттің имиджін ілгерілетудегі, яғни басқа мемлекеттермен жаңа байланыстар, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын тиімді алаң болары анық» - деді Э.Абдылдаев.

Өз сөзінде ұлттық компанияның Басқарма Төрағасы бауырлас Қырғызстанның өз жасанымдарын, технологияларын көрсетуіне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.

Айта кету керек, көрме 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекті қоса алған аралықта Астана қаласында өткізіле

Тәжікстан ЭКСПО-2017-де болашақтың энергиясы саласындағы жетістіктерін көрсетеді

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Тәжікстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Шариф Саидпен 17 қазанда кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрлан Сейтімов ЭКСПО-2017 Мамандандырылған халықаралық көрмеде Тәжікстан Республикасының экспозициясының Бас комиссары ретінде тағайындалғаны үшін төрағаны құттықтады.

Өз кезегінде Шариф Саид Елшіге ризашылығын білдіріп, өз елінің болашақтың энергиясы саласындағы жетістіктерін ЭКСПО-2017 көрмесінің қонақтарына таныстыру мақсатында тәжік тарапы барлық күш-жігерін салатынын атап өтті. Шариф Саид жақын уақытта Астана қаласына ЭКСПО-2017 Комиссары Р.С.Жошыбаевпен “Астана ЭКСПО-2017″ ҰК” АҚ басшылығымен тәжірибелік-ұйымдастырушылық мәселелерді талқылау және нақты жұмысқа кірісу мақсатында сапармен баратынын хабарлады.

Сонымен қатар, кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастар мәселелері қарастырылды. Осы орайда, 20 қазанда Душанбе қаласында өтетін “Қазақстан-Тәжікстан” бизнес-форумының маңыздылығын атап өтті.

Анголамен ЭКСПО-2017 қатысу келісімшартына қол қойылды

Дереккөз: www.xpo2017astana.com

18 қазан 2016 жыл, Астана қ.

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ұйымдастырушы кеңсесінде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Ангола Республикасы Ұлттық секциясының комиссары Альбина Ассис Африканомен кездесті.

Кездесу барысында ұлттық компания басшысы Ангола секциясының комиссарының жақында ғана орын алған тағайындауымен құттықтай отырып, оның мол тәжірибесін атап өтті. Әсіресе, Миланда өткен ЭКСПО-2015 көрмесінде Ангола павильонының жүлделі екінші орын алғандығын айтты. Сонымен қатар, Ахметжан Есімов Көрмені ұйымдастыру барысында жүргізіліп жатқан жұмыс барысымен таныстырып, «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы көрменің мазмұны мен контентіне тоқталды.

«Алдағы көрменің тақырыбын ерекше атап өткім келеді. Ол шын мәнінде, өте уақытылы әрі маңызды. Ангола «Барлығына арналған энергия» тақырыпшасын таңдады. Өйткені, бұл бағыттың жүзеге асуы бізге кедейлікпен күресуге ықпал етікөмек беріп, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуына өзіндік көпір боларына сенімдіміз. Бұл тақырып негізгі болып табылады. Себебі, Ангола Республикасының энергетика саласындағы стратегиясымен сәйкес келеді» - деді А.Африкано.

Кездесу соңында Анголаның «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу келісімшартына қол қойылды.

Қазақстандық делегация Баку форумына қатысып жатыр

Дереккөз: www.kazinform.kz

БАКУ. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Энергетика вице - министрі Мағзұм Мырзағалиев бастаған қазақстандық делегация Әзербайжан астанасы Баку қаласында ашылған БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссияның тұрақты энергетика бойынша 7-ші форумына қатысып жатыр. Біздің делегация құрамында KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Болат Ақшолақов пен халықаралық ынтымақтастық бойынша атқарушы директор Рамазан Жанпейісов бар.

«Келесі жылдың 11 маусымында БҰҰ 8-ші минстрлік конференциясын өткізіп, энергетика министрлерін шақырып, энергетикалық ынтымақтастыққа қатысты мәселелерді талқылауды жоспарлап отырмыз. Ал 10 маусымда «ЭКСПО-2017» ашылады», - деді М. Мырзағалиев.

«Шараға қатысудың негізгі мақсаты - «ЭКСПО-2017» аясында минстрлік конференцияның 8-ші халықаралық форумын өткізуге дайындалу. Қазақстан өткен жылы тұрақты энергетика бойынша комитеттің 24 сессиясында осы бастаманы көтерген. Бізді ЕЭК мүше елдердің барлығы қолдады. Аталған бастама барлық бес өңірлік комиссиямен келісілді және келесі жылы министрлер деңгейіндегі кездесу «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуы аясында Астанада өтеді деген шешім қабылданды», - деп атап өтті Р. Жампейісов.

Сонымен қатар, Форум алаңында Энергетикалық Хартияның бас хатшысымен кездесу өтті. Онда бірқатар мәселе талқыланды.

Сондай-ақ Украинаның энергетика және көмір өнеркәсібінің вице - министрі И.Дыденкомен және Әзербайжан Республикасының Энергетика министрі Н.Алиевпен кездесу өткізу көзделген. Кездесуде тараптар екіжақты ынтымақтастық перспективаларын, 2017 жылы Қазақстанда ашылатын «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің бірқатар аспекті талқыланады

Венгрия ЭКСПО көрмесіне «ИКАРУС» жаңа экологиялық таза автобустарды әкелуге дайын

Дереккөз: www.kazinform.kz

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ұйымдастырушы кеңсесінде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Венгрияның Ұлттық экономика жөніндегі министрі Михай Варгамен кездесті. Басқосу барысында екі жақ «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне Венгрияның қатысуы барысы туралы талқылады.

Ахметжан Есімов Қазақстан мен Венгрияны терең тарихи тамыр мен мәдени дәстүрдің байланыстыратындығы атап өтті. Басқарма төрағасы ЭКСПО нысандарының дайындығына және павильондардың халықаралық қатысушыларға өткізуге дайын екендігіне тоқталды, деп хабарлайды «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметінен.

«Біз венгр павильонын көрдік, барлық жұмыстардың мерзіміне сәйкес жүргізіліп жатқандығын білдік. Біз осы іс-шараға мейлінше көп Венгрия кәсіпорындарын тартуға талпындық. Бұл ретте, біздің осы делегация құрамына 60 бизнесмен қосылды», - деді Венгрияның Ұлттық экономика жөніндегі министрі.

ЭКСПО-2017 қатысушылары мен қонақтарын тасымалдау үшін венгрлік әріптестер Көрмеге сонау Кеңес одағы кезінен белгілі ИКАРУС жаңа заманауи электробустарының шусыз, қоршаған ортаны ластамайтын түрлерін әкелуге дайын екендігін жеткізді.

Айта кету керек, бүгінде Астана ЭКСПО-2017 көрмесіне өзінің қатысатындығын 104 мемлекет пен 17 халықаралық ұйым растады, 98 мемлекет комиссарларын тағайындап, 82 қатысу келісімшартына қол қойылды.

Қазақстанның Энергетика министрі Венгрияның Ұлттық экономика министрімен кездесті

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2016 жылдың 17 қазанында Астана қ. ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың Венгрияның Ұлттық экономика министрі Михаем Варгамен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптармен энергетика саласындағы екіжақты қарым-қатынастағы кең көлемді мәселелер, оның ішінде «MOL» венгерлік мұнай-газ компаниясымен, сондай-ақ ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастық, «Жасыл көпір» Хартиясы шеңберіндегі одан әрі өзара іс-қимыл және Астанада өтетін “ЭКСПО-2017″ халықаралық арнайы көрмеге Венгрияның қатысу мәселесі талқыланды.

Қазақстан Төмен байытылған уран банкін құруға 400 мың доллар жарна қосты

Дереккөз: ҚазАқпарат

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Төмен байытылған уран банкін құруға 400 мың доллар жарна қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұндай мәлімет ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында талқыланып жатқан «ҚР Үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агентік арасындағы Қазақстан Респубилкасында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР заңының жобасы қатысты еліміздің Энергетика министрлігі таратқан материалда айтылған.

«МАГАТЭ төмен байытылған уран банкі жобасын жүзеге асыру үшін келесі жарналар алды: Ядролық қауіп-қатерге қарсы бастамадан 50 млн доллар, АҚШ Үкіметінен 49 млн доллар, Еуропа одағынан 25 млн еуро (физикалық қауіпсіздік жүйені жаңартуға 5 млн еуроны қоса алғанда), Біріккен Араб Әмірліктерінен 10 млн доллар, Кувейттен 10 млн доллар, Норвегиядан 5 млн доллар, Қазақстаннан қосымша заттай жарналар, МАГАТЭ Төмен байытылған уран банкін ұстау шығындарын қоса алғанда 400 мың доллар», - делінген таратылған ақпаратта.

Заң жобасы бойынша негізгі баяндама жасаған ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиевтің айтуынша, төмен байытылған уран Үлбі металлургиялық зауытында гексавторид түрінде контейнерлер мен цилиндирлерде еуропалық 30В стандарттарына сай сақталады. Гексафторид дегеніміз алты фторлы уран және қатты әрі 70 градус температурада газ күйінде болады.

Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың 27 сәуірінде Қазақстан Үкіметі өз қаулысымен елімізде МАГАТЭ-нің Төмен байытылған уран банкін «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-ында орналастыру туралы келісімге қол қоюды мақұлдаған болатын. Сол жылдың 27 тамызында келісімге Қазақстан тарабынан Ерлан Ыыдырсов пен МАГАТЭ-нің бас директоры Юкия Амано қол қойған еді.

ЭКСПО-2017 көрмесі Лондонда әлеуетті әріптестер мен демеушілерге таныстырылды

Дереккөз: www.expo2017.com

Лондонда өткен «Bloomberg New Energy Finance Future of Energy EMEA Summit» (BNEF) жыл сайынғы саммиті шеңберінде ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі шамамен 500 ірі халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарына таныстырылды.

Саммит шеңберінде Көрме өкілдері Facebook, Mckinsey, Solar Ventures, Ericson, Cisco, Investec, Dz Bankс сияқты шамамен 100 компаниялардың жетекшілерін Астанада өтетін алдағы Көрмемен таныстырған арнайы іс-шара ұйымдастырылды, онда Қазақстанның және алдағы іс-шараның экономикалық әлеуеті туралы айтылды.

«Қазақстанбұл әлемдік аренада өзін қарқынды дамушы ел ретінде көрсетудегі, үлкен әлеуеті бар, Орталық Азияның дәл ортасында орналасқан мемлекет. Біздің бизнесмендерге осы елге көңіл бөліп, бизнес және экономика саласымен танысқандары жөн деп санаймын», - деді презентация барысында BNEF бас редакторы Ангус Маккрон.

Кездесулерде ЭКСПО-2017-мен әріптестік өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Халықаралық бизнес қоғамдастық өкілдері 2017 жылы жазда Астанада өтетін Көрме әріптестері және қатысушылары ретінде ынтымақтастықтың әртүрлі мүмкіндіктерін ұсынды.

Бүгінгі күні «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Көрмеге отандық және шетелдік әріптес компаниялардан 125,5 млн. еуро көлемінде демеушілік салым тартты.

Ақпараттық анықтама

«Bloomberg» – Bloomberg New Energy Finances (BNEF) компаниясының халықаралық бөлімшесі энергетика, қаржы және саясат мәселелері бойынша ақпараттық-кеңес беру қызметтерін көрсетеді.

«Тhe Future of Energy» жаһандық саммиті – нарықтың, саясаттың және экономиканың негізгі тұлғаларын тартушы, қорытынды жасаушы және сала трендтерін анықтаушы энергетика әлеміндегі жыл сайынғы оқиға. Іс-шара Нью-Йоркте екі өңірлік алаңда: Лондонда және Шанхайда өткізіледі.

Австрия «ЭКСПО-2017» көрмесіне ерекше бағдарлама әзірлеп жатыр

Дереккөз: Bnews.kz
ФОТО: expo2017astana.com

Бүгін «Астана-ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Австрия Ұлттық павильонының комиссары Рихард Шенц кездесті, деп хабарлайды BNews.kz.

«Австрия осы көрмеге қатысып, өз өнімін таныстара алатындай мүмкіндік туғанына қуанышты. Елімді «Болашақ энергиясын» пайдаланатын әлемдік лидерлердің бірі деп санаймын. Бүгінде энергияның 25 %-ын баламалы көздерден аламыз», – деді Рихард Шенц.

Ұлттық павильон жұмысы аясында Австрия экономикалық және туристік байланыстарды дамыту үшін В2В форматында кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, олар екі жақты экономикалық форум ұйымдастыруға ниет білдіріп, үлкен мәдени бағдарлама дайындап жатыр, деп хабарлады көрменің ресми сайты.

Кездесу барысында австриялық тарап өздерінің үздік павильонының тұжырымдамасын ұсынды. Бұдан басқа, комиссар «Үздік тәжірибелер аймағы» контентіне елінің мақтанышы болып отырған үш австриялық компанияның әзірлемелері кіргендігін айтты.

Қыркүйектің ортасында басты тақырыптық павильондардың бірінде көрмеге шығарылатын энергия саласындағы үздік әлемдік тәжірибелер ішінде байқау аяқталды. Нобель сыйлығының лауреаттарынан тұратын халықаралық комиссия «Үздік тәжірибелер аймағы» үшін 20-дан астам жоба іріктеді.

2016 жылдың 6-7 қазанында Алматы қаласының Best Vestern plus Atakent Park Otel отелінде Baltic Cleantech Alliance-тың FINPRO-мен бірлесіп өткізген «Озық технологияны Қазақстанда насихаттау бойынша бизнес- семинар» өтті.

2016 жылдың 6-7 қазанында Алматы қаласының Best Vestern plus Atakent Park Otel отелінде Baltic Cleantech Alliance-тың FINPRO-мен бірлесіп өткізген «Озық технологияны Қазақстанда насихаттау бойынша бизнес-семинар» өтті.

Іс-шараның мақсаты: орнықты энергиямен қамтамасыз ету, су ресурстарын басқару, өндірістік және коммуналды-тұрмыстық ағын суларын тазалау, ормандарды қалпына келтіру, ҚТҚ басқару және қайталама ресурстарды тиімді пайдалану үшін жаңа технологиялық шешімдерді ұсыну.

Семинарға мемлекеттік органдар, бизнес-бірлестіктер, Финляндия мен Латвия компаниялары қатысты.

Семинардың негізгі міндеттері:

- Отандық және шетелдік жеткізіп тұрушы компаниялармен арадағы өзара тиімді серіктестікті дұрыстауға жәрдемдесу;

- Ресурстар мен энерготиімділікті рационалды пайдалану бойынша қазіргі заманғы технологиялармен танысу;

- Қазақстанда ресурсты сақтайтын технологиялардың нарығын дамытуға жәрдемдесу (су ресурстарын басқару, су өңдеу және ағын суларды тазарту құрылғылары, күн жүйесі, қалдықтарды басқару, тозған топырақты қалпына келтіру және т.б.)


Распечатать