Кері байланыс
- 100% +
Қәріп өлшемі

Парижде климаттың өзгеруіне қатысты жаңа келісім бекітілді

24.kz

Парижде климаттың өзгеруіне қатысты өткен саммит қорытындысы бойынша 200-ге жуық мемлекет өкілдері БҰҰ-ның жаңа тарихи келісімін бекітті.

Ол атмосфераға шығарылатын парниктік газдардың мөлшерін азайтуды қарастырады. Осы ретте алқалы жиынға қатысушылар ХХІ ғасырдың аяғына дейін атмосфераның жылуын 2 градустан асырмау үшін барын салуға уағдаласқан. Сондай-ақ, осы құжатқа сәйкес 2020 жылға дейін климаттың өзгеру мәселелерін шешу үшін дамушы мемлекеттерге жыл сайын 100 млрд доллар бөлініп отыруы тиіс. Ал жаңа келісімге келер жылдың 22 сәуірінде қол қойылмақ.

Вашингтонда ЭКСПО-2017-ге арналған Үшінші Қазақстан-Америка Конвенциясы өтті

strategy2050.kz

Қазақстанның Тәуелсіздігі күні қарсаңында Вашингтонда ЭКСПО-2017-ге арналған Үшінші Қазақстан-Америка Конвенциясы өтті. Шара АҚШ-тың бейбітшілік институтының ғимаратында өтті. Бұл ғимарат құрылыстағы «жасыл» технологияны бәрі мойындаған үздік үлгі болып табылады, деп хабарлады ҚР СІМ.

Конвенция аясында АҚШ Конгресі мүшелерінің қатысуымен «Жібек жолы» және «ЭКСПО-2017» тақырыбымен жұмыс таңғы асы, сонымен қатар Қазақстанның ДСҰ-ға енуіне арналған бизнес-ланч өтті.

Америкалық тараптан шараға АҚШ Конгресінің мүшелері, оның ішінде сенатор Джон Ховен, Өкілдер палатасының халықаралық қарым-қатынас бойынша комитетінің төрағасы Эд Ройс, конгрессмендер Дана Рорабакер, Роберт Адерхольт, Элси Хастингс, Хавьер Беккера және басқалар қатысты. Сонымен қатар Конвенцияда Ақ үйдің, мемлекеттік органдардың, Сауда мен америкалық бизнес министрлігінің өкілдері сөз сөйледі. Шараның қонақтары қатарында ғылыми және сараптамалық ортаның, қазақ диаспаросының өкілдері мен БАҚ болды.

Қазақстандық тарапты экономикалық интеграция министрі Жанар Айтжанова, ауыл шаруашылығының вице-министрі Ермек Көшербаев, Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері, Қазақстан Даму банкі мен отандық іскер құрылымның өкілдері таныстырды.

«Шара барысында Солтүстік Дакота штатындағы Қазақстанның құрметті консулы Ховард Далға екі ел арасындағы агробизнесті дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Үкіметі атынан «ҚР Конституциясына 20-жыл» төсбелгісі тартылды. Сонымен қатар, министр Ж.Айтжанова ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың атынан конгрессмендер Д. Рорабакер мен Р. Адерхольтты Қазақстанның ДСҰ-ға енуі барысында қолдау көрсеткені үшін алғыс хаттармен марапаталды», - делінген хабарламада.

Астанада БҰҰ жылдығына ұштастырылған Бірінші Халықаралық Қазақ Вальсі өтеді

strategy2050.kz

Астана қаласындағы Салтанат Сарайында Біріккен Ұлттар Ұйымының 70-жылдығына ұштастырылған Бірінші Халықаралық Қазақ Вальсі өтеді.

Қазан айынан бері барлық әлемде БҰҰ 70-жылдығына және 2015 жылдан кейінгі даму күн тәртібін қабылдауға арналған іс шаралар өтуде. Қазақстандықтар Барлығына арналған тұрақты энергетиканың он жылдығы шеңберінде және «Барлығына арналған тұрақты энергия» БҰҰ Бағдарламасын жасау кезінде біздің ел қосылған климат бойынша жаңа жаһандық келісім қабылдаудың тарихи сәтін тойлау жөнінде шешім қабылдады.

Сонымен қатар, Қазақстан 30 қарашадан бастап заңды түрде Дүниежүзілік Сауда Ұйымының қатарына қосылды, бұл бастаушы мемлекеттермен сауда және ғылыми техникалық қарым қатынастарды нығайтуға сонымен қатар, 30 дамыған мемлекеттер қатарына енуге мүмкіншілік береді.

Мемлекетіміздің БҰҰ 70 - жылдығына қосқан үлесі ретінде Әлемдік Дағдарысқа қарсы Конференциясын ұйымдастыру, Астана Экономикалық Форумы, Антиядролық қозғалыс, Әлемдік Дағдарысқа қарсы жобаны қабылдау тұжырымдамасы, Ғаламдық энергия-экологиялық стратегиясы, Жасыл Көпір серіктестік Бағдарламасы және басқа да ғаламдық бастамаларды атап өтуге болады. Қазақстандық ғаламдық бастамаларды біріктіру ретінде G-Global алаңы, Халықаралық G-Global Хатшылығы болып табылады.

Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болып қалыптасқан кезден бастап, алғашқы рет Қазақ Валсі Балы өтеді. Қазақ Валсінің негізін қалаушылар Латиф Хамиди, Шәмші Қалдаяқов екені мәлім. Бал ұйымдастырушылары: Халықаралық G-Global Хатшылығы, Қазақстанның еріктілер Альянсы ЗТБ, БҰҰ Даму Бағдарламасы және «Expo&Women» Халықаралық Ұйымы.

G-Global қозғалысының ғаламдық идеяларын ескере отырып, Қазақстанның Еріктілер Альянсы тұлғасында Қазақстан жастары Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық Мамандандырылған Көрмесі аясында қазақ мәдениетін ілгерілетуге өз үлесін қосу мақсатында Халықаралық Балды ұйымдастыруда. Қазақстанның Еріктілер Альянсы ЭКСПО-2017 Еріктілер орталығы бола тұра, қазақ мәдениетін дамыту және жастарды мәдениетке тарту арқылы еріктілікті жастар арасындағы жаңа үрдісті қалыптастыруда.

Қазақ мәдениеті өте бай және алуан түрлі, біз өз мәдениетімізбен бар әлемге мақтана аламыз! Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғашқы рет дебютанттар қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқовтың музыкасына және аты аңызға айналған, қазақ Вальсінің Примасына айналған Бибігүл Төлегенованың жанды дауысына вальс билейді.

Кеш қонақтары ретінде Халықаралық ұйымдар, дипломатиялық корпус, мемлекеттік орган, мәдениет қайраткерлері, жастар ұйымдарының көшбасшылары және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысады.

Осылайша, Халықаралық Қазақ Вальсін ұйымдастыру G-Global идеялары мен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінде біздің мемлекетіміздің тарихы мен бай мәдениетін барлық әлемге көрсетіп, таныту керек»,- деген сөздеріне негізделген. Көбіне бұл шет мемлекеттерден келген қонақтарды қарсы алып, көрмеде жұмыс жасайтын еріктілерге байланысты. Сол себепті, Балда дебютанттар ретінде ЭКСПО-2017 еріктілері мен супервайзерлері қатысады.

2016 жылы Бал Астана күнін атап өту барысында ашық аспан аясында, ал 2017 жылы Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі аймағында өтеді деп жоспарлануда.

ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ЕХРО-2017 көрмесіне арналған халықаралық форум өтті

24.kz

Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде «Болашақ энергиясы» атты халықаралық форум өтті.

Бұл – ЕХРО-2017 көрмесі қарсаңында әлемдік деңгейде ұйымдастырылған екінші шара. Дүниежүзінің түкпір-түкпірінен келген сарапшылар Астанада өтетін көрмеге атсалысуға әзір. Олардың барлығы «Астанадағы көрмеден адамзатқа пайда әкелетін тың жаңалықтар күтеміз», - дейді.

Астана ЕХРО-2017 көрмесінің бас ғимаратына қарап болашаққа үлкен қадам жасалғанын аңғару қиын емес. Сегіз бөлімнен тұратын үлкен кешеннің ішінде балама энергияның үздік үлгілері көрсетіледі. Көмір қышқылын ерекше әдіспен өңдеу арқылы ауаға зиянды қалдық шығармайтын америкалық компания да Астанадағы көрмеге қатысуға дайын.

Грасиана Чичилниски, Global Termostat компаниясының атқарушы директоры:

- Біз қазір Қазақстанмен екі бағытта келісімшарт жасасуға тырысып жатырмыз. Біріншісі – Америкадан тікелей өз өнімімізді Астанаға жеткізіп, ЕХРО көрмесіне қатысу. Сол сияқты жаңалықтарымызбен бөлісе отырып, Қазақстанда өз технологиямызды енгізгіміз келеді.

Парижде «Болашақ энергиясы» форумын өткізу оңай шаруа емес. Қазір Франция астанасында әлемдік климатқа қатысты конференция да өтіп жатыр. «Жасыл» технологияларды енгізуде Париждің беделі зор. Ал ендігі кезекте жауапкершілік жүгі Астанаға ауып отыр.

Шигео Катсу, Назарбаев Университетінің президенті:

- Табиғатқа залал келтірместен энергия көзін табу – қазір басты мәселенің бірі. Қазақстан – мұнай мен газға бай ел. Десе де «жасыл» технологияларды еңгізу арқылы біз бұл бағыттың қаншалықты маңызды екендігін дәлелдеп отырмыз.

Форумның басты ұйымдастырушыларының бірі – Назарбаев Университеті. Халықаралық мамандармен келіссөз жүргізуде тәжірибесі мол жоғарғы оқу орны ЕХРО кезінде де басты назарда болмақ. Мақсат – тиімді энергия көзін саралап, қолданысқа енгізу. ЕХРО көрмесінің бас павильонынан орын тебетін үздік балама энергия көзіне іріктеу Парижде басталып кетті.

Жасыл экономика. Болашақтың энергиясы

24.kz

Күн энергиясының құны уақыт өте келе құлдырай береді. Нәтижесінде ең арзан қуат көзіне айналады.

Сарапшылардың мұндай болжамы күн технологияларына деген сұранысты қыздыра түсуде. Бүгінде елімізде осы бағытта да атқарылып жатқан шаралар жетерлік. Толығырақ бүгінгі бағдарламада баяндаймыз.

2030 жылға дейін Қазақстандағы жаңа көліктердің үлесі 80 пайызға жетеді

inform.kz

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы 15 жылда Қазақстандағы автопарктің 80 пайызы жаңа болады. Бұл туралы бүгін «GreenBuild Eurasia 2015: жасыл қалалар жолында» халықаралық конференцияда ҚР Энергетика министрлігі «Жасыл экономика» департаментінің директоры Бекберген Керей мәлім етті.

«Алдағы 20 жылда Қазақстанда елеулі түрде жаңарулар мен инфрақұрылымды дамыту орын алады. Ғимараттардың 55 пайызы мен электр стансаларының 40 пайызы 2030 жылға қарай жаңадан салынады. Сонымен қатар автокөлік паркінің 80 пайызы 2030 жылға қарай жаңа болады. Еліміз үшін жаңа инфрақұрылымды құрудың бірегей мүмкіндігі жасалуда», - деді ол.

Мұнымен қоса Б.Керей Қазақстанда «жасыл технолгиялар» мен экологияны жақсарту бойынша үлкен мақсаттар алға қойылғанын атап өтті.

«Ірі қалалардағы ауаның жағдайына мән берген жөн. Мен автопарктің 80 пайызы жаңаратынын айттым және көліктерді жаңартуға ерекше назар аудару қажет. Біз отынның сапасына тоқталатын болсақ, бұл бағытта Қазақстан қалыс келе жатыр. Еуропалық сапа стандарттарына теңескіміз келеді. Бұның барлығы қажеттілік», - деді ол.

Бұдан бөлек, жылу электр стансаларының шығарындыларын тазарту жүйесін ензу жоспарланып отыр.


Распечатать