Кері байланыс
- 100% +
Қәріп өлшемі

ҚР Энергетика саласын «Жасыл экономика» қағидаларына сәйкес инновациялық бағытта дамытудың маңызы мен мәселелері

1992 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында БҰҰ қоршаған орта мен даму туралы конференциясы өткізіліп, «тұрақты дамуға қол жеткізу үшін қоршаған ортаны қорғау оның ажырамас бөлігі ретінде қарастырылу керек» деген тұжырым мен 27 қағидаға негізделген Декларация қабылданды. Араға 20 жыл уақыт салып 2012 жылы әлем елдерінің өкілдері «Рио+20» саммитінде қайта бас қосып, «жасыл экономика», тұрақты даму мен кедейлікпен күрес мәселелерін көтерді. Риодағы саммиттен кейін Қазақстанда да «жасыл экономиканың» маңыздылығына баса назар аударылып, осы бағыттағы кешенді іс-шаралар қолға алына бастады. 2014 жылғы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ғылыми қамтымды экономика құру, инновациялық салаларды дамытуды қолға алу, баламалы энергия көздерін дамыту, жаңашылдыққа негізделген шағын және орта кәсіпкерлікті өркендету сияқты бірнеше келелі мақсат-міндеттер қойды [1].

«Жасыл экономиканы» дамытудың бірнеше бағыттары мен түсініктері қалыптасқан: бір жағынан бұл табиғатты жақсартатын экономиканың жаңа салалары деп қарастырылса, екінші жағынан бұл жаңа технологиялардың негізінде экологиялық таза өнімдерді құру арқылы дамудың жаңа кезеңіне ауысу деп есептеледі. Мамандардың пікірінше, аталған мәселелердің ішінде табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын арттыруға бағытталған энергетика саласын қайта құрылымдау мәселесі ерекше өзектілікке ие. Осыған орай, Қазақстанның энергетика саласының «жасыл экономика» қағидаларына сай жаңғыртылу маңыздылығы мен мәселелеріне тоқталып өтейік.

мақаланы жүктеу

Зақымдану ошақтарындағы құтқару және басқа шүғыл жұмыстар. ҚЖБШЖ жүргізу және ұйымдастыру бойынша ақ құрама командирлерінің жұмыс мазмұны мен жалғасымдылығы

Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстары (ҚжБШЖ) төтенше жағдай аумағында адам құтқару үшін және де жарақат алғандарға көмек көрсету бойынша, ТЖ-ны оқшаулау сондай-ақ қайта қалпына келтіру мақсатында жүргізіледі.

Азаматтық қорғаныс шаралары мен күштерінің іс-әрекетін қамсыздандыру ТЖ, бейбіт және соғысу уақытында осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылу жағдайында Азаматтық қорғаныс іс шараларын орындау үшін қажетті жағдайды жасауға байланысты.

Хайуанаттар мен өсімдіктердің, ауылшаруашылығы өнімдері мен жануар- ларды, су көздерін қорғау бойынша Азаматтық қорғаныс іс шараларын орындау мақсатында хайуанаттар мен өсімдіктерді қорғау қызметтері мен қызмет бөлімшелері құрылады.

Жарақаттанғандар мен ауруларды тасымалдаудың негізгі құралдар: жер үсті көлігі (автомобиль, теміржол), әуе көлігі (ұшақ, тікұшақ, су көлігі (теңіз, өзен), санитарлық мен бейімделген көліктер жатады.

Жарақаттанғандар мен ауруларды тасымалдаудың амалдары анықталады,

олар: иықтап, арқалап, қолмен, екі құтқарушымен, зембілмен.

Күрделі зақымдану ошағындағы құтқару жұмыстарды тек өрттер мен қирауларды ғана емес, сондай-ақ радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық зақымдауды ескере отырып ұйымдастырылады. Бұл жағдайда бактериологиялық зақымдану түрлері анықталғанға дейін барлық шаралар аса қауіпті жұқпалы аурулардан қорғану режимінде ұйымдастырылады.

мақаланы жүктеу

Қарасу ауданында жасыл экономика

Қоғамда «жасыл» экономика сөз тіркесі барынша жиі қолданыла бастады. Өткен «РИО + 20» Саммитінен кейін біздің мемлекеттің Президенті осы сөзді елді ары қарай дамыту жолындағы бірінші дәрежелі факторлардың бірі ретінде белгіледі. Бірақ біз бұл түсінік деп не тұспалданады және оның негізгі бағыттары қандай екенін осы мақалада толығырақ анықтауға тырысып көреміз.

мақаланы жүктеу

Қазақстан жасыл экономика жолында

Соңғы жылдары экология мәселелері үнемі елдің назарында. Олар әртүрлі әлемдік симпозиумдарда, ғылыми конференцияларда одан басқа әлемдік державалардың басшылары басқосқанда кеңінен талқыланады.

Біз үнемі климаттың өзгеруі, Жер атмосферасының ластануы, ормандардың кесілуі және басқа экологиялық мәселелер жөнінде газет беттерінен және журналдардан, теледидар экрандарынан, интернет сайттарынан оқимыз және естиміз. Жағдай еш өзгермей жатыр деп айтуға да болмайды. Көптеген елдер Киот хаттамасына қол қойып, оның нормаларын қатаң ұстануда.

мақаланы жүктеу

Күн энергиясы – болашақ энергиясы

Көптеген сарапшылар 2010 — 2020 жылдары көмiрсутегi шикiзатын ұсынудың төмендеуi байқалатынын, осының салдарынан 2025 жылға қарай әлемдiк энергетикалық теңгерiмдегi энергияның жаңғыртылатын көздерiнiң үлесi қазiргi 5%-дан 10%-ға дейiн, ал 2050 жылға қарай 50%-ға дейiн өседi, 2010 жылға қарай ЕО елдерiнде бұл үлес 12%-ға дейiн (2000 жылғы 6%-ға), ал жалпы электр энергиясы өндiрiсiнде 22%-ға дейiн ұлғаятындығын болжайды.

Қазiргi заманғы күн фотоэнергетикасы қуаттылығы соңғы жылдары бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен жылына 30-40%-ға өсiп отырған дығын ғалымдар жоққа шығармайды. Әлемде жалпы алғанда күн фотоэнергетикасының қондырғылары қазiр жылына бiр гигаватт энергия өндiредi.

Жер бетіне қуатты үш энергия ағыны бағытталған:

- күн сәулесі энергиясы, тәуліктік қуаты 174000 ТВт;

- жер астынан үстіне қарай бағытталған жылу энергиясы, тәуліктік қуатты 32ТВт;

- теңіз тасқыны энергиясы, тәуліктік қуатты 3 ТВт.

Күн сәулесі энергиясының 30 %-ы Жердің жоғарғы атмосфералық қабатынан шағылысып, ғарыш кеңістігіне тарайды. Ал оның 70 % — і жер асты жылуы мен теңіз тасқыны энергияларының қуатынан шамамен 3500 есе артық. Бұл өте көп энергия. Күннің жерге түсетін мол энергиясының бір бөлігі атмосфераға, мұхит пен құрлықтарға сіңеді. Температура төмендеген уақытта осы бөлігі жылу энергиясына айналады. Екінші бөлігі сулардың булануына және олардың айналып, қайта түсуіне шығындалады. Үшінші бөлігі теңіз және атмосфералық ағындарды туғызады. Ал төртінші – бір кішкене ғана бөлігін өсімдіктер бойына сіңіреді. Сөйтіп, жер бетінде ғажайып фотосинтез реакциясы жүреді.

Күн үлкен энергия қорына ие, жылына жер бетіне түсетін күн энергиясы 7,5*1017 кВт/сағ. Күн энергиясының маңызды артықшылықтарының бірі қоршаған ортаға қауіпсіздігі және арнайы жеткізу құралдарының қажет еместігі болып табылады. Сонымен қатар оның кемшіліктері де бар, күн энергиясын алудың тұрақсыздығы. Күн жүйелері түнде жұмыстамайды, ал кешке және таңертең станция тиімділігі бірнеше есеге төмендейді.

мақаланы жүктеу

Жасыл экономика және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану

Табиғи капитал теориясы мынаны болжайды, яғни табиғи жүйелер қызметінің жоғалуы негізгі өнеркәсіптік капиталдың өсімінен әрқашанда өтеліп отырады. Алайда, табиғи капиталды өндірістік капиталмен үздіксіз алмастыруға болмайды, олай болса, табиғи капиталды капиталдың басқа түрімен технологиялық алмастырудың әрқашанда шегі болады. «Табиғи ресурстар» түсінігі экономикалық теорияда аз зерттелген деп саналады. Соңғы уақытқа дейін жалпы экономикалық ғылымда, тіпті жаңа пайда болған «экологиялық экономика» теориясында да «табиғи ресурстардың» негізгі жүйе құраушы белгілері толық анықталмаған, сонымен қатар, табиғи құбылыстарды «ресурстар» және «ресурс еместер» деп бөлудің критерийлері, «табиғи құбылыстардың» (табиғи объектілердің) «экономикалық құбылыстарға» (экономикалық объектілерге) өту үдерісінің сипаты, осы үдерістердегі ғылыми зерттеулердің рөлі, жаңартылатын және жаңартылмайтын «табиғи құбылыстар» мен «табиғи ресурстар» және жаңартылатын және жаңартылмайтын «табиғи капитал» арасындағы айырмашылықтарды көрсетудің критерийлері толық анықталмаған. Осыған байланысты, өндірістік материалдық ресурстардың құнын анықтау үшін қолданылатын әдістемелер бойынша «табиғи ресурстардың» құнын анықтауға талпыныстар жасағанда үлкен қиыншылықтар туындайды.

«Табиғи» капиталдың негізгі үш қызметін бөліп көрсетуге болады:

1. Ресурстық қызметі – тауарлар мен қызметтердің өндірісін табиғи ресурстармен қамтамасыз ету;

2. Экожүйелік/экологиялық қызметі – табиғаттың әртүрлі сипаттағы реттеушілік қызметін атқаруы: зиянды қалдықтарды ассимиляциялау, климатты және су жүйесін, озон қабатын реттеу және т.б.

3. Эстетикалық, этикалық, адамгершіліктік, мәдени, тарихи аспектілерімен байланысты табиғат қызметтері. Бұлар бір сөзбен айтқанда, «рухани» экологиялық қызметтер деп аталады.

Сарапшылардың пікірінше, қазіргі уақытта, әлемдік қауымдастық жоғарыда аталған дағдарыстардың, әсіресе, экономикалық, экологиялық және азық-түліктік дағдарыстарды еңсерумен байланысты аса өткір мәселелерді шешуге бел буа кірісті. Бұған дер кезінде мемлекет басшысы да өркениеттің бірігуі мен әріптестік танытуы жолымен жаһандық дағдарысты еңсерудің жаңа бағыттарын атап көрсеткен болатын. Оның бір тетігі ретінде Астана қаласының «Жасыл көпір» бастамасын атауға болады.

мақаланы жүктеу

ЭКСПО-2017 Болашақты жобалаудың жаһандық бастамаларын ықпалдастыру алаңы

Жасыл экономика – экономикалық ғылымда соңғы екі онжылдықта қалыптасқан бағыт болып табылады және де ол экономиканы табиғи ортаның тәуелді бір бөлігі ретінде сипаттайды. Жасыл экономика тұжырымдамасы өзіне экономикалық ғылым мен философияның басқа да идеяларын біріктіреді, мысалы экологиялық экономика, қоршаған орта экономикасы, антиглобалистика, халықаралық қатынастар теориясы, постмодернизм және т.б. Алайда қазірге дейін жасыл экономиканың бірыңғай анықтамасы жасалмаған және де біз жасыл экономикаға мынадай анықтамалар беруге талпыныс жасадық:

  • UNEP анықтамасы бойынша ЖЭ – бұл жердің табиғи капиталын құратын және арттыратын немесе экологиялық қауіптер мен тәуекелдерді азайтатын салалар ;
  • БҰҰ анықтамасы бойынша ЖЭ – бұл экономикалық тәуекелдер мен табиғи ресурстар тапшылығын қысқартатын және халықтың тұрмыстық игілігін жақсартып, әлеуметтік теңдікке алып келетін экономика;
  • ЖЭ – бұл адам өмірінің ұдайы өндірісіне қажетті табиғи негізді бұзбайтын, биосфераның шаруашылық сыйымдылығы шеңберінде дамитын экономика [2].

Сонымен бірге жасыл экономика халықтың жоғары тұрмыс деңгейі мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланумен сипатталатын экономика болып табылады. Бұл экономикалық модель 21 ғасырдағы елдердің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін маңызды құралдардың бірі ретінде танылып отыр.

«Жасыл» экономиканың принциптері мен аксиомалары. «Жасыл» экономиканың негізгі үш аксиомасы бар, атап айтатын болсақ:

- шектеулі кеңістікте ықпал ету аясын шексіз кеңейту мүмкін емес;

- шектеулі ресурстар жағдайында шексіз өсіп отырған қажеттіліктерді қанағат тандыру мүмкін емес;

- жер бетіндегі барлық нәрсе өзара байланысты [3].

Жасыл экономиканың артықшылықтары мыналар деп атай аламыз:

құжатты жүктеу

Алматы қаласы өзендерінің ластануын бақылау

«Жасыл» экономикаға көшудің негізгі принциптерінің бірі: білім, ғылым және өндірісті ұштастастыра білу болса, сол білімсіздіктен туындап жатқан өндіріс қызметі экологиялық мәселелерге алып келіп отыр. Ал Экологиялық мәселелердің арасында су ресурстарының ластануы өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Қазіргі таңдағы барша әлемді алаңдатып отырған су мәселесі, оның ішінде табиғи сулардың ластануы көптеген шаруашылық қызметке әсер етіп қана қоймай, халық денсаулығының кепілі болып табылатын ауыз су сапасына да кері зардаптарын тигізеді.

Бұл мақаланың мақсаты тіршіліктің көзі болған судың сапасын өзіміз күнделікті тұрып жатқан қала жағдайында бақылау. Себебі сулардың ластануы оған қауіпті заттардың түсу нәтижесінде оның биосфералық қызметінің және экологиялық маңызының төмендеуі болып табылады.

Материалдар мен әдістер

Зерттеу объектісі ретінде бәрімізге ортақ қара шаңырағымыз Алматы қаласының өзендерінің үлгілері келесі учаскелерден алынды: т. № 1 –Тимирязев көш. Есентей өзені; т. № 2 – Абай даңғ. Есентай өзені; т. № 3 - Райымбек даңғылы (Коперник көшесінің қиылысы); т. № 4 – Райымбек даңғылы (Коперник көш. қиылысы); т. № 5 – Айша Бибі көш. Көл (Рысқұлов көш. қиылысы). Су үлгілері су мониторингін жүргізуге арналған жалпы белгіленген әдістеме бойынша алынды. Судың рН көрсеткішін арнайы pHметр–150M приборы арқылы анықтадық. Су құрамындағы нитриттарды анықтау үшін экспресс әдісін қолдандық. Бірнеше көрсеткіштерді Hach IZV335 спектрофотометр құралын қолдану арқылы анықтадық.

Нәтижелері

Зерттеу жұмыстары бойынша судың көрсеткіштері ретінде рН көрсеткіші, судағы еріген оттегі, оттегінің биохимиялық қажеттілігі, оттегінің химиялық қажеттілігі, түстілігі, қалқыма заттар, нитраттар, нитриттер, фосфор, магний, темір мөлшері анықталды.

мақаланы жүктеу

Арыс өзені суын микробиологиялық тұрғыдан бағалау

Өзектілігі. БҰҰ деректері бойынша елдің суға деген сұранысы су қорының 40%-тін құрайтын болса, ол жағдайда бұл елде су проблемасы пайда болады. Бұл жағдайда су проблемасы осы елдің экономикалық дамуын тежеуші факторлардың біріне айналады. Соңғы уақытта таза ауыз суды жер асты су көздерінен алып пайдалану өсіп барады. Бұл адамзаттың өмірге өте қажетті ресурстарының азаюына әкелуде. Жыл сайын планетамыздың жер асты су қоймалары 160 млрд. м3 таза судан айрылуда[1]. Сонымен қатар, судың микробиологиялық көрсеткіштері де қоршаған орта мен оны тұтынушыларға үлкен қауіп туғызатын биологиялық қару ретінде саналып отыр.Судың биологиялық және экологиялық өнімділігі, онда өтіп жатқан органикалық заттардың синтезделуі мен ыдырау процестерінің қарқындылығымен анықталады [2].

Зерттеу мақсаты. Оңтүстік Қазақстан облысы (ОҚО) жер үсті суларын экологиялық тұрғыдан бағалап, микробиологиялық қауіпсіздігін анықтау.

Зерттеу материалы мен әдістері. ОҚО Арыс өзені тармағынан (Отырар ауданы) ағынды су алынып, оны микробиологиялық зерттеу жүргізілді.

Нәтижелері мен талдау.Су көздерінде немесе ағынды суда қалыпты жағдайда микроорганизмдер өте көп кездеседі. Бірақ әрбір микробтың өзінің шектеулі рұқсат етілген саны болады. Суда ең көп кездесетін микрорганизмдерге – кокктар, таяқшалар, вибриондар және т.б. жатады. Біз зерттеп отырған Арыс өзені суы шаруашылық пен тұрмыстық бағытта қолданылатын суға жатады. Өзен суының органолептикалық қасиеттеріне тоқталатын болсақ төмендегідей көрсеткіштерді құрады. Иісі – 3 балл, жат иіс – 5 балл, түсі – 33 градус болса, лайлылығы – 3,4 формазин бойынша лайлылық бірлігін берді. Барлық көрсеткіштер қалыпты жағдайдан асып отыр. Басты себеп ретінде жергілікті халықтың өмір сүру мәдениеті (аймақта өзенге шаруашылық қалдықтарды тастау көп кездеседі) мен көктемгі тау мұздарының еру нәтижесінде болған уақытша құбылыс болуы мүмкін.

Өзеннің микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштеріне келетін болсақ, жалпы микробтық саны 1 мл суда 286 болып шықты. Жалпы колиформды бактериялар саны (100 мл суда) – 24, термотолерантты коли-формды бактериялар саны (100 мл суда) – 5, колифагтар – (100 мл суда) 11, лямблиялардың цисталары (50 мл суда) – жоқ, сульфитредуцирлеуші клостриядиялар спорасы (20 мл суда) – 2 спора табылды. Осы өзен суы шаруашылық суына пайдалану үшін белгіленген ережелерге сәйкес соңғы 5 көрсеткіш мүлде болмауы керек және жалпы колиформды

мақаланы жүктеу

Жасыл экономика жобасы болашақтың кепілі

Бұл туралы Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» стратегиясында: «Біз экологиялыққа баса назар аудара отырып, ұлттық бәсекеге қабілетті брендтер құруға тиіспіз. Нәтижесінде мен агроөнеркәсіптік кешеннің алдына – экологиялық таза өндіріс саласындағы жаһандық ойыншы болу міндетін қоямын», деді. Қоршаған ортаға залалын тигізетін құрылымдарды бірте-бірте жойып, оған балама көздерін табу қазір қолға алыну үстінде. Елімізде табиғатты таза сақтау бойынша «жасыл экономика» жобалары жасалып, іргелі жұмыстарға басымдық берілуде. Соның бірі – күн нұрынан қуат өндіру болса, екіншісі – жел энергетикасын заман талабына сай қолданысқа енгізу, сол арқылы табиғатты таза сақтау.
Елбасы Жолдауындағы он жаһан­дық сын-қатерінің дені азық-түлік қауіпсіздігіне, су, табиғи ресурстарды, энергетикалық, тағы да басқа адам өміріне қажетті дүниелерді таза сақтай отырып, дамыту жолдары айқындалғанын көріп отырмыз. Сол секілді, «жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы аясында атқарылатын шараларға құқықтық, экономикалық, ғылыми негіздер қалай отырып, табиғатты керегімізге қарай игеру, игерілген байлықты тиімді тұтыну, яғни, байтақ жеріміздің әр түп жусанын сақтау көзделген. Осындай елдік істі мінсіз атқарудың заңнамалық жол-жосығын Президенттің таяуда бекіткен «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдама туралы» Жарлығында жан-жақты дәйектелген.

Мысалы, «Ел алдында тұрған «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі негізгі басым міндеттер:
1) ресурстарды (су, жер, биологиялық және басқа) пайдалану мен оларды басқару тиімділігін арттыру;

2) қолда бар инфрақұрылымды жаңғыртып, жаңаларын салу;

3) қоршаған ортаға қысымды жұмсартудың рентабельдік жолы арқылы халықтың әл-ауқаты мен қоршаған ортаның сапасын арттыру;

4) ұлттық қауіпсіздікті, соның ішінде су қауіпсіздігін арттыру болып табылады», дей келіп, «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдама 3 кезеңде іске асатыны алға тартылады. Бұл экология саласында жүрген азаматтарға үлкен міндет жүктеліп отырғаны белгілі.

«Жасыл экономиканы» қалып­тастыруда көптеген экологиялық проблемалар алдан шығып отыр. Оның бастыларына тоқталар болсақ, әрбір азамат өзі күн кешіп отырған отбасынан бастап, Отан


Распечатать