Дереккөз: el.kz
Елордада «Астана Эко Стандарт» жылыжай кешенінің базасында «жасыл» технологиялар оқыту орталығы ашылды, онда С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттерімен бірге фермерлер мен кәсіпкерлер де көкөніс өсіру бойынша озық білім алатын болады. Ал келесі жылдың қыркүйегінде бұл жерге ең озық еуропалық жабдықтармен жабдықталған жылыжай кешені орнатылады.
«Астана әкімдігі оның құрылысына арнап жер телімін бөлді. Оның жалпы ауданы 8 200 ш.м. Біз салат пен қиярдың ең жақсы және сұранысқа ие сұрыптарын өсіруді жоспарлап отырмыз»,- деп мәлім етті «Астана Эко Стандарт» ЖШС директоры Жеңіс Досмағанбетов таныстырылым барысында.
Құны 7,1 млн евроны құрайтын жобаға оқыту орталығы мен жаңа жылыжай кіреді, ол Еуропа Одағының қаржылық қолдауымен іске асырылуда және азық-түлік қауіпсіздігін, соның ішінде су қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған. Жобаның атқарушы әріптестері БҰҰДБ және БҰҰ ЕЭК.
БҰҰДБ Тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел ханым бұл жоба бизнес секторда «жасыл» экономиканың қағидаттарын енгізудің көрнекі мысалы болатынына үміт білдірді. С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ проректорының м.а. Нұрлан Серікпаев еліміздің солтүстік және орталық аймақтарында жылыжай шаруашылықтарын дамыту бойынша бірлескен оқу орталығын құру алдағы уақытта жылыжай шаруашылығының дамуына ықпал етіп, республиканың азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз ететін болады.
«Бүгінгі күні біз жан басына шаққандағы ұн өндірісі бойынша әлемде бірінші орын аламыз. Егер көкөніс өнімдері туралы айтатын болсақ, өкінішке орай, солтүстік және орталық облыстар және жалпы Қазақстан көкөністің 80 % сырттан әкеледі, сол себепті қорғалған топырақтағы көкөніс шаруашылығын дамытудың маңызы зор, - деп атап көрсетті ол.
Дереккөз:egemen.kz
Адамзатқа тәңірден берілген табиғат қоры қадіріне жетіп, қызғыштай қорығанда ғана баянды бақ болмақ. Қай кезеңде немесе қай тұрмыста болмасын үнемдеу, ысырап етпеу береке бастауы саналады. Бұл ретте ел байлығын еселейміз десек, бірінші кезекте мемлекетіміздің табиғи ресурстарын тиімді пайдаланып, баламалы энергия көздеріне мән беруіміз қажет. Сондықтан да, Елбасының басты назарындағы ел экономикасын дамыту жолындағы игі шаралардың бір бағыты «жасыл» экономиканы жолға қою болып табылады.
Дереккөз: studopedia.org
Қазіргі таңда дүниежүзінің көптеген елдері жасыл экономика принципін қабылдаған. Осы мемлекеттердің экономикалық даму саясаты өнеркәсіптік өндіріс өсімін оңтайландыруға және қоршаған ортаға үнемді көзқарасқа негізделеді. 2013 жылдың 1 маусымында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Қазақстан Республикасы «жасыл экономикаға» өту Тұжырымдамасы жөніндегі Жарлыққа қол қойды.
UNEP анықтамасы бойынша Жасыл экономика – бұл жердің табиғи капиталын құратын және арттыратын немесе экологиялық қауіптер мен тәуекелдерді азайтатын салалар;
БҰҰ анықтамасы бойынша Жасыл экономика – бұл экономикалық тәуекелдер мен табиғи ресурстар тапшылығын қысқартатын және халықтың тұрмыстық игілігін жақсартып, әлеуметтік теңдікке алып келетін экономика;
Дереккөз: yvision.kz
Біз үнемі климаттың өзгеруі, Жер атмосферасының ластануы, ормандардың кесілуі және басқа экологиялық мәселелер жөнінде газет беттерінен және журналдардан, теледидар экрандарынан, интернет сайттарынан оқимыз және естиміз. Жағдай еш өзгермей жатыр деп айтуға да болмайды. Көптеген елдер Киот хаттамасына қол қойып, оның нормаларын қатаң ұстануда.
Соған қарамастан, адамдардың Жер экологиясына негативті әсері жалғасып және ол қайғылы одан қоса тұрақты салдарға жиі әкеліп жатыр. Адамдардың денсаулығы нашарлап, бұрын адам баласы естімеген ауруларға кезігіп, су және энергия ресурстартарының тапшылығы байқалып отыр.
Өкінішке орай, экология мәселелері және оның барлық аймақтар дамуына қандай қауіпті әсері болатындығын Қазақстанда өте жақсы біледі. Біздің ел кеңес кезінен бастап, Аралдың құрғап кетуі және Семей полигоны сияқты экологиялық мәселелерді бастан кешті. Адамдардың тікелей қатысуымен және су ресурстарын негізді қолданбауы салдарынан теңіз құрғап қалды.
Қызылорда облысының тұрғындары экологиялық баланстың бұзылуы салдарынан және негізсіз шаруашылық қызмет еткеннен, қорқынышты жайттарды өз бастарынан кешті.
Осы аталған мәселелерге қарамастан, Қазақстан әрқашан экологиясы жайлы ел деп саналатын, орасан зор территория өнеркәсіп аймақтарын бір-бірінен алыс орналастыруға мүмкіндік берді, сондықтан, олардың экологияға әсері сиректетіліп, соншалықты қауіпті болған жоқ. Бақытымызға орай, республикамызда әлі де адамзат қолы тимеген жерлер сақталған. Өнеркәсіптің даму қарқыны, еліміздің өсуі мен болжанған ресурстар тапшылығы, еліміздің Үкіметін, экологиялық мәселелерді жаңаша қарауға және Қазақстанды жасыл экономикаға өтуіне итермеледі.
Жасыл экономика бұл экономикалық теориядағы жаңа бағыттардың бірі. Ол табиғи ресурстарды «табиғи капитал» ретінде қарастырады. Осындай тәсіл, экономиканың табиғатпен байланысын және қолдану принциптерін өзгертеді де, ол мынадай шекті, қорландыру және табиғи ресурстарды жұмсау деген терминдерді анықтайды.
Жасыл экономика теориясы үш негізгі принциптерге негізделеді:
Шектелген кеңістікте ықпал етуді шексіз ұлғайту мүмкін емес;
Шектелген ресурстар жағдайында шексіз ұлғайып жатқан талаптардың қанағаттандырылуын сұрау мүмкін емес;
жер бетіндегі барлығы өзара байланыста болады.
Қазіргі таңда дүниежүзінің көптеген елдері жасыл экономика принципін қабылдаған. Осы мемлекеттердің экономикалық даму саясаты өнеркәсіптік өндіріс өсімін оңтайландыруға және қоршаған ортаға үнемді көзқарасқа негізделеді.
2013 жылдың 1 маусымында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Қазақстан Республикасы «жасыл экономикаға» өту Тұжырымдамасы жөніндегі Жарлыққа қол қойды:
Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» өтуін қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» өту туралы Тұжырымдаманы бекітемін (әрі қарай – Тұжырымдама)
2. Республика Үкіметіне
1) Тұжырымдаманы жүзеге асырудағы іс-шаралардың жоспарын бекіту;
2) Осы Жарлықтан шығатын басқа да іс-шараларды қабылдау.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне, облыстардың әкімдеріне:
1) Тұжырымдаманы басшылыққа ала отырып жұмыс істеу және оның жүзеге асырылуындағы іс шараларды қабылдау;
2) Мемлекеттік жоспарлау жүйесі Тұжырымдама бойынша қабылданатын құжаттардың келесілімін қамтамасыз ету
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігіне жүктеледі.
5. Осы Жарлық қол қойған сәттен бастап өз күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ
Президенттің Жарлығында үнемі Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» өту жөніндегі Тұжырымдамасына сілтеме беріледі. Нақты іс шараларды анықтап қарайтын, жүзеге асыру қабылданған кезде ол еліміздің экономикалық дамуын әлемдік экологиялық талаптарға және стандарттарға негіздеп жасауға мүмкіндік беретін өте үлкен және кешенді құжат болып табылады.
Мен осы құжаттың толық мәтінін өзімнің блогыма қоямын. Бұл тек экология саласындағы мамандардың қадала қарайтын немесе оқитын мәселесі емес, сонымен қатар, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер тағы басқа қарапайым азаматтардың да назарында болуына лайық.
Осы Тұжырымдаманы жүзеге асыру үш кезеңнен тұрады және қолда бар құжаттар бойынша негізделеді: 2013-2020 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы «Агробизнес-2020», 2010-2014 жылдарға арналған ҚР ГПФИИР, 2011-2020 жылдарға арналған білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасы, территорияларды дамыту бағдарламасы, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, 2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасы тағы басқа салалық бағдарламалар.
Одан бөлек, 2014-2020 жылдарға арналған су ресурстарын басқару бағдарламасын дайындау жоспарланып жатыр
Іс-шаралар қатары – тұжырымдаманың ең негізгі ережелерінің бірі, олар қабылданғанда энергия тиімділігі маңызды жоғарылауына және өндірісте энергия жұмсалымының төмендеуіне алып келеді.
Тұжырымдамада бекітілген баламалы және қайта қалпына келетін энергия көздерін дамыту Қазақстанда өтетін ЭКСПО-2017 ның басты идеясымен үндесіп жатыр.
Ұсынылған жоспар бойынша, біздің энергосебет 2030 жылға қарай, 11% -жел және күн көздерінен, 8% -атом, 10% – гидро, 21% – газ бен 49% – көмірден тұратын болады. Ал, 2050 жылға қарай, жел және күн көздерінің үлесі 39% дейін өседі, АЭС мен ГЭС үлесі 14%, газ станциялары 16% , және қалған 31% көмір станцияларынан құралады.
Осындай тәсіл, қайта қалпына келмейтін ресурстарды елеулі түрде үнемдеуге және қатты жанармаймен жұмыс істейтін станциялар, атмосфераға шығаратын қауіпті қоқыстар жағдайын елеулі түрде жақсартуға мүмкіндік береді, Тағы бір, Тұжырымдамада қозғалған маңызды мәселелердің бірі – су ресурстарын сақтау және үнемдеу.
Мамандардың болжауынша, біздің елдегі судың тым тапшылығы бұл 21 ғасырдың сұрақтары болуы мүмкін. Президентіміз «Қазақстан -2050» атты Халыққа Жолдауында нақты осы мәсәлеге ерекше назар аударғаны босқа емес. Көптеген мамандардың болжамдарына сүйенсек, 2030 жылға қарай су ресурстарының тапшылығы 14 млрд текше метрге дейін су құрауы мүмкін. Осы қиындықты жеңу үшін, барлық жерге су сақтайтын технологияларды қолдану, өнеркәсіптік және тұрмыстық қолданыста судың жұмсалуын төмендету, табиғи су қоймаларын ластауға жол бермеу ұсынылады. Әрине, Тұжырымдаманы жүзеге асыру үшін бюджеттік шығыстарды ұлғайту және жалпы сомасы, Тұжырымдамада қарастырылған барлық іс шараларға қажет болатын жеке инвестицияларды тарту қажет, 2050 жылға дейін орташа, жыл сайын 3,2 миллиард АҚШ доллары. Шамамен бұл бюджеттен 1% баламалы, осы қаражаттың едәуір бөлігі инвестициялардан тартылады деп жоспарланған, ал осы Тұжырымдаманың жүзеге асуы жаңа өнеркәсіп салаларын құруға және қосымша 500 мың жаңа жұмыс орындарын беруге мүмкіндік береді – жасыл экономикаға өту толығымен дер кезіндегі орынды шешім болып табылады.
Экология мәселесі баршамызға ортақ мәселе, мемлекет көптеген оңтайлы Жарлықтар шығаруы немесе ғаламдық Тұжырымдамаларды жүзеге асыруы мүмкін. Осы ұйғарымдар жағдайды өзгертуі немесе Қазақстандағы экологиялық ахуалды жақсартуы мүмкін бірақ тағы бір кішкене; жеке экология бар.
Әрбір Қазақстан азаматы қазіргі таңда жеке үйлер, аулалар мен көшелер экологиясы болсын, айналасындағы жағдайға өзі жауапты екенін сезінуі тиіс.
«Шағын істер» принципін қолдана отырып, қазіргі таңда біз экологиялық жағдайлардың жақсаруына үлкен үлес қоса аламыз. Су, электр энергиясы мен басқа да ресурстарды үнемдеу тек қана қоғамдық пайда әкеліп қоймай, отбасылық бюджеттің сақталуына жол ашады.
Демалыс кезінде табиғатқа ұқыпты қарау, өз ауласында тазалық сақтау – табиғатты сақтау барысында біз мемлекеттің мойнына ауыстыратын қарапайым шындық. Көптеген елдерде азаматтардың қарапайым экологиялық нормаларды сақтауы саналы міндетке айналған. Өкінішке орай, біз үшін бұл нормалар фомалды және міндетті емес болып табылады.
Егер біз Қазақстанды ұрпақ үшін сақтап қалғымыз келсе, еліміздің өсуі мен өркендеуі туралы ойлайтын болсақ, әрқайсысымыз өзіміздің санамызды өзгертіп, қоршаған ортаға көзқарасты өзгертуіміз керек.
Дереккөз: group-global.org
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы 2050: Бір мақсат, Бір мүдде, Бір болашақ» атты Жолдауында көрсетілгендей Астана ЭКСПО – 2017» Бүкіләлемдік көрменің Қазақстан электроэнергетикасының дамуына және елімізге «жасыл» экономиканы құруға тигізетін әсері қарастырылған.
Түйін сөздер: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, ЭКСПО – 2017, жасыл экономика, жаңа технология, үшінші индустриялық революция, жаңғыртылған энергия көздері, экология.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев биылғы 2014 жылғы (17 қаңтар) Жолдауында Қазақстан Республикасының тарихына енетін 10 креативтік идеяны анықтады. Соның ішінде: «Энергетикада – ЭКСПО – 2017-ге дайындық барысында Астана болашақтың энергиясы мен жасыл экономиканы іздеу мен құру жөніндегі озық әлемдік тәжірбиені зерттейтін және енгізетін орталыққа айналды. Жаңа мұнай өңдеу зауыты салынып, ядролық энергетика, оның ішінде атом станциясының құрылысы дамиды» - деп айқын да нақты көрсетті [1].
Энергетика базалық салалардың бірі бола отырып, кез келген мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саласында маңызды рөл атқарады.
Осы тұрғыдан қарағанда Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі электроэнергетика саласының даму бағдарламасы Қазақстан Республика үкіметінің қаулысымен бекітілген, №384, 09.04.1999ж.
ʻʻСоңғы жылдары экономика мәселелері үнемі елдің назарында. Олар әртүрлі әлемдік симпозиумдарда, ғылыми конференцияларда одан басқа әлемдік державалардың басшылары басқосқанда кеңінен талқыланады.ʼʼ [1]
ʻʻҚоғамда «жасыл» экономика сөз тіркесі барынша жиі қолданыла бастады. Өткен «РИО + 20» Саммитінен кейін біздің мемлекеттің Президенті осы сөзді елді ары қарай дамыту жолындағы бірінші дәрежелі факторлардың бірі ретінде белгіледі. Бірақ біз бұл түсінік деп не тұспалданады және оның негізгі бағыттары қандай екенін осы мақалада толығырақ анықтауға тырысып көреміз. ʼʼ [2]
ʻʻЖасыл экономиканың негізінде – таза немесе «жасыл» технологиялар жатыр. Мамандардың айтуы бойынша «жасыл» экономиканы дамыту, көптеген постиндустриалды елдерде өзінің ауқымымен қозғаған экологиялық дағдарысты біздің елде болдырмауға мүмкіндік береді. ʼʼ [2]
ʻʻ «Жасыл» экономиканы дамытудың жеті негізгі бағыттары:
Бірінші бағыт - жаңартылатын энергия көздерін енгізу. Пайдалы қазбаларды ары қарай сақтау туралы мәселе орасан ауқымға ие болады. Біздің мемлекет табиғи қорлары өте бай ел ретінде танылған. Мұнай, газ – бүкіл дүние жүзінде ең ірі энергетикалық қорлардың бірі ретінде сыныпталады, бірақ тіпті олардың өзі уақыты келгенде сарқылады, демек өмір үшін жаңа ресурстар табу қажет. ʼʼ[2] Бұл жерде Қазақстаннның жақсы экожүйеге, жер және орманға ие болуы басқа елдер алдындағы өзінің ұстанымын айтарлықтай арттырады.
ʻʻЕкінші бағыт – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі. Қалалық тұрғын үй қорының маңызды бөлігі кеңестік дәуірден кейінгі уақытта салынғандықтан, тұрғын үй кешендерінің көпшілігі тиімсіз жылу изоляциялық құрылымдармен және жылумен қамтамасыз ету жүйелерімен жабдықталған, ол маңызды жылу шығындарына алып келеді.
XXI ғасыр басты мәселелерінің бірі – энергия тапшылығы болып табылады. Энергия тапшылығы бүгінде кез келген мемлекетті толғандырып отырған ауқымды мәселеге айналды. Қазіргі кезде басты энергия көзі - мұнайдың келешекте таусылатынын ескерсек альтернативті энергия көздерін пайдалану тиімді шешім.
Әлем бойынша барлық ғалымдар мен зерттеушілер бәрімізге мәлім энергияның альтернативті жолын табуда біраз зерттеулер жүргізіп жатыр. Мен де жас зерттеуші ретінде электр энергиясын алмастыратын жол іздедім.
Альтернативті жолды іздеуде Израильдің Седе-Бокер қаласында балдыр түзген крахмалдан бактерияның көмегімен энергия алу көзделген екен. Осындай зерттеулер Германияда да іске асып жатыр. Дәстүрлі энергия көздерінің сарқылуының әсерінен адамзат альтернативті энергия көздеріне көптеп көңіл аударуда. Оның бәрі қазіргі таңда бізге мәлім. Биоотын пайдалану соңғы он жылдықта көптеп қызығушылық тудыруда. Қазіргі таңда көпшіліктің назары үшінші ұрпақтың биоотынына, яғни микробалдырлар негізінде алынған биоотынға ауып отыр. Осы жағдайды ескере отырып менде «Балдыр болашақ энергия көзі бола ала ма?» деген сұрақ туындады [1, 6б.].
Елімізде қала орталығынан алшақ орналасқан елді мекендерде жылу, табиғи газ, электр энергиясы және ауыз су жылда күнделікті мәселеден түспейтін тақырып. Күз келіп, салқын түсісімен қарапайым халық көмір, отын түсіріп, қыс бойы от жағып үйлерін жылытады. Тіпті солтүстік аймақтың тұрғындары үйлерін алты ай от жағып жылытады. Көмірді жағу арқылы біз қоршаған ортаны ластаймыз, көмірдің бағасы жылдан-жылға артып отырғанын ескерсек ол қарапайым адамдардың отбасы үшін үлкен ауыртпалық түсіреді. Көмірді жаққанда улы газ бөлінеді. Осының салдарынан қыс мезгілінде көмірден уланып, бүкіл бір отбасы өліп кетіп жатқаны қаншама.
Су энергиясы қайта жаңартылатын энергия қорының бірі және бірегейі. Ол экономикалық жағынан өте тиімді, қоршаған ортаға өте таза энергия көзі болып саналады.
Табиғи өзен суларының құлау биіктігі немесе арыны өзен бойлап біркелкі таралмайды. Табиғи жағдайлар және техникалық немесе экономикалық себептерден, әдетте бір өзенге бір электр станциясын салып, барлық арынды толық шоғырландырып пайдалану қиын немесе мүмкін емес[1]. Өзеннің су энергиясы қорларын тиімді пайдалану үшін, cу турбиналарының формаларына, яғни, су энергиясы әсер ететін бөліктеріне өзгеріс жасау керек.
Қолданыстағы су қозғалтқыштары судың ламинарлық қозғалысына негізделіп жұмыс істейді. Бірақ су энергиясын толық пайдалануға, әліде тың қадамдар жасауға болады. Судың энергиясын өнімді пайдалану мақсатында жасанды жолмен ағыс бағыттарын реттеп, су энергиясы шығынын азайтуға мүмкіндіктер ашылады.
Сұйықтың жеке қабаттары бір-бірімен араласпай, бірінің бетімен екіншісі сырғып параллель қозғалса мұны ламинарлық ағыс деп атайды
Стационарлық энергетикадағыдай көлiк энергетикасында да энергияны және ресурсты үнемдеу мәселесі көкейкестi болып табылады. Автомобильдердің ішкі жану қозғалтқыштары (ІЖҚ) және газ турбиналық құрылғылар (ГТҚ) шығаратын жылулығын қайта пайдалануға мүмкіндік беретін қазандықтар-қайта пайдаланғыштар кең таралған. Осылай алынған энергияны жинақтау (аккумуляциялау) және мысалы, қалалық циклда жеңiл автомобильдің екiншi көпiрiнің жетегі үшiн пайдалану ұсынылады. Сонымен техникалық-экономикалық және экологиялық сипаттамалар жақсарады.
Текелі қаласы Талдықорған қаласының оңтүстік-шығысында, 39 км қашықтықта, Алматы қаласынан 285 км шығысқа қарай орналасқан. Қаланың алып жатқан аумағы 6133 га. Жетісу Алатауының тау шатқалдарының шыға берісіндегіҚора аңғарындағы үш өзеннің: Қора, Шажа және Текелі өзендерінің қосылған жерінде. Бұл үш өзен Балқаш көліне құятын екінші үлкен өзен болып саналатын Қараталдың бастауы болып табылады. Таулардан ағып шыққан өзен, кейін жазық даладағы құмдар арасымен ағып өтеді де, оның аңғары кеңейе түседі. Қала Жетісу Алатауының солтүстік баурайының тау етегінде орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 1300 метр.
Текелі қаласы – бұл серпінді дамып келе жатқан өңір. Қала Жетісу өңірінде туризмді дамыту орталықтардың бірі бола алады. Қаланың географиялық орны, қолайлы табиғат жағдайлары мен таулы жер бедерінің көп болуы, тұрақты қар жамылғысы, қыс маусымының 5-6 ай созылуы, Алматы мегаполисіне жақын орналасуы белсенді демалыс қызметтерінің толық спектрін қамтамасыз ететін заманауи ірі, халықаралық туристік және спорт кешенін салу,жоғары сапалы, бәсекеге қабілетті мамандар даярлап, қызмет көрсету саласын дамытуғажағдай жасайды. Қалада туризмді дамыту талаптары Алматы облысының басқа өңірлермен салыстырғанда өзгеше болып келуінің басты себебі,Текелі қаласыныңтуристік-рекреациялық әлеуетінің жоғары болуында[1].
Текелі қаласының туристік-рекреациялық ресурстары. Бұрқанбұлақ – Орталық Азиядағы ең биік сарқырама қатарына жатады, биіктігі 120 метр. Ол Текелі қаласынан 55 км жерде Қора өзенінің шатқалында орналасқан. Бұрқанбұлақ орталық Азияның ең биік сарқырамасы, биіктігі 120 метр. Сарқырама атауының шығуы туралы бірнеше жорамалдар бар, соның бірінде бұл жердің будданың қасиетті мекені екендігі туралы айтылады. Бір кездері шатқалда будда бейнесі болған, ал «бұлақ» бастау немесе «қайнар», яғни «будданың бұлағы» деген мағына береді. Текелі қаласынан 25 км жерде орналасқан Ойсаз өзеніндегі күкіртті сутек құрамды «Жылы кілт» бұлағы да өзінің емдік қасиеттерімен ерекшеленеді. Бұрханбұлақ сарқырамасы маңайында «Киелі тас» табиғи ескерткіші орналасқан.